Алгебралық материалдар (теңдеулер, теңдіктер, теңсіздіктер, өрнектер

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық материалдар (теңдеулер, теңдіктер, теңсіздіктер, өрнектер)

Сабақтың мақсаты: Теңдеу, теңдік және теңсіздік туралы білімдерін жетілдіру. Алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалануға үйрету. Математика бойынша білім мен дағдыны меңгеру деңгейін тексеру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • 7 саны 91-ден неше есе кем?
  • 68 шығу үшін, 17-ні неше есе арттырады?
  • 8 шығу үшін, 56-ны қаншаға бөлу керек?
  • Бір кітапта 40 бет, ал екінші кітапта 10 бет. Бірінші кітапта екінші кітапқа қарағанда неше бет артық?
  • Тіктөртбұрыш пішінді журналдың мұқабасының ені 10 см, ұзындығы 20 см. Осы тіктөртбұрыштың периметрін тап.
  • Азайғыш 1000, азайтқыш 450. Айырманың мәнін тап.
  • Бөлгіш 320. Бөліндінің мәні 4. Бөлінгіш нешеге тең?
  • Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан неге тең?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алгебралық материалдар» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырмадағы кестені толтыру.

2-тапсырмадағы тапсырма бойынша теңдеулер жазып, оны шешу.

3-тапсырмадағы өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер және теңсіздіктер жазу.

4-тапсырмадағы есепті теңдеу құру арқылы шығару.

6-тапсырмадағы есепті әртүрлі тәсілдермен шығару.

Сергіту сәті.

5-тапсырмадағы амалдарды орындау.

ІІІ. Ой толғау.

  • Теңдеу дегеніміз не?
  • Теңсіздік дегеніміз не?
  • Өрнек дегеніміз не?
  • Теңдік дегеніміз не?
  • Қай тапсырманы орындау қиынға соқты? Неліктен?

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 187-бет. №7, 8