Есептер шығару

53

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Есептердің әр түрін шығару біліктілігін жетілдіру. Есептеу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту.

Математикалық диктант.

  • Газет 15 теңге тұрады. Осындай 4 газет неше тұрады?
  • Бақтиярда 100 теңге болды. Ол 55 теңгеге журнал алды. Оның неше теңгесі қалды?
  • 200 теңгеге бірдей 5 ашықхат сатып алынды. Бір ашықхаттың бағасы неше?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Есептер шығару» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Тест тапсырмаларын орындау.

1.Әр есептің шешуіне амал таңда.

а)Жоғарғы сөреде 96 кітап, төменгі сөреде 24 кітап бар. Жоғарғы сөреде кітап неше есе артық?

1)+         2)-         3) ·        4):

ә) Концертке 27 әнші қатысты. Бірнеше әнші ән орындағаннан кейін сахнаға шықпаған 12 әнші қалды. Неше әнші ән орындады?

1)+         2)-         3) ·        4):

3.48:6=□ өрнегіне есеп таңда және нөмірін белгіле.

а) Бір себетте 48 алма, ал екіншісінде 8 есе кем. Екінші себетте неше алма бар?

ә) Толқында 48 жаңғақ бар. Ол жаңғақты інісіне берді. Толқында неше жаңғақ қалды?

б) Аспазшы 48 самсаны 6-дан тәрелкелерге бөліп салды. Ол үшін неше тәрелке керек?

а)           ә)            б)

2.Әр тапсырма үшін дұрыс жауабын тап.

а) Альбомда фотосурет жапсыру үшін 68 бет бар. 34 бетке сурет жапсырылған болса, бос неше бет бар?

1)2 бет         2)34 бет         3)102 бет

ә) Үлкен гүл алаңына 60 қызғалдақ, ал кіші гүл алаңына 15 қызғалдақ отырғызылды. Кіші гүл алаңына үлкен гүл алаңына қарағанда неше гүл кем отырғызылды?

1)75 гүл         2)5 гүл         3) 45 гүл

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасы. 188-бет. №5,7