Ауданды өлшеу. Квадрат метр (м2). Ар (а). Гектар (га)

Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Квадрат метр (м2). Ар (а). Гектар (га).

Сабақтың мақсаты:     1. Білімділік: Аудан және оны өлшеу тәсілдерін, оның өлшем бірліктері бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау. Ауданның жаңа өлшем бірліктері – ар және гектармен таныстыру.

  1. Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
  2. Тәрбиелілік: Шапшаң да епті болуға, қырағылыққа,

тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының , Астана қаласының карталары,

слайдтар, кесте, тест парақшалары.

Саақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, баяндау, көрнекілік.

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру.

Бір, екі, үш,                                            Жалқаулықты тастаймыз,

Отырамыз тып – тыныш .                      Сабақты біз бастаймыз.

— Балалар, бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?

                                  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. №3 97 – бет , №9 98 – бет.
  2. Тест тапсырмасы.

                                ІІІ.  Жаңа сабақ.    

  • Балалар, саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма?
  • Ендеше, еліміздің ақ ордасы Астана қаласының көрікті, әсем жерлеріне

саяхаттаймыз. Астана қандай қала?

-Енді, саяхатымызды бастайық.Саяхатқа поезбен барамыз. Билет алу үшін біз

тапсырманы орындауымыз керек. Біз ауданның см2, дм2, м2 өлшем бірліктерін

білеміз. Кейде жердің аумағын өлшеу үшін бұдан да ірі өлшем бірліктері керек.

Қазақ жері ұлан – байтақ, кең. Ол қанша аумақты алып жатыр? 2млн.724 мың км2

Қазақтың байырғы аудан өлшемдері : иненің жасуындай -өте аз деген мағы- наны білдіреді, ат төбеліндей, ат тісіндей, ұлтарақтай, үй орнындай- орташа деген мағынаны білдірсе, кең байтақ, ұлан байтақ-өте үлкен дегенді білдіреді.

№1. 100м2 =1а  (ар).  Ар (латын.  — аудан) –ауданның өлшемдердің метрлік жүйесіндегіөлшем бірлігі.  1ар=100м2=0,01га

Бер. Тіктөртбұрыш.

Ұ. – 100 м

Е. – 80м

S- ? , P — ?

Р = (80м+100м)х2          Р = 360м

80м х 100м = 8 000м2 = 80 а

Астана қаласының темір жол вокзалына келдік.      Тамашалайық.                           

Астанамыздың ең әсем, ең биік алыстан көз тартатын  «Бәйтерегіне» барайық.

Билет алуымыз керек.

       №2.  Гектар (грекше – жүз және ар) – ауданның а.ш. мен орман ш/да бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) өлшем бірліктерімен қатар қолда-

нылатын жүйеден тыс өлшем бірлігі.

Бер:  Шаршы.                Ш: Р= 500м . 4                 Р= 2000м

Қаб. ұз. – 500м                 S= 500м. 500м          S= 250  000 м2 = 25 га

S-? ,   P -?

 

Бәйтеректің биіктігі 97 м, бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген

жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді.Арнайы шыны пакет-термен әйнектелген күмбездің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы

1553 м2. Мұнда кафе мен буфет, кең холл, екі жүрдек лифт т.б. объектілер бар.

 

Келесі көркем жеріне бет алайық. Үшбұрыш тәрізді пирамидаға келдік.Бұл

«Бейбітшілік және келісім сарайы». Ішін көргілерің келе ме? Онда келесі тапсырманы орындайық.

№3. а) 6м.. 4м =24м2                          4м=16м2                   5м . 4м= 20м2

ә) 600м . 100м = 60 000м2= 600 а = 6га

 

Ішін көрдіңдер.Өткен күзгі демалыс кезінде мектебіміздегі ұлағатты ұстазымыз

жақсы еңбек жетістігіне орай марапатталып, Астана қаласына жолдамамен сая-

хаттаған болатын. Баян апай осы ғимараттың ішіне кіріп тамашалады. Қызықты

мәлімет айтайын.Бұл шындығында да таңданбауға болмайтын ғимарат.

Биіктігі 25 қабатты үймен тең. 12 000 м2 гранитпен қапталып 52 000 м3 құрылыс

ағашы, 15 000т цемент, 900 000м2 шыны т.б.құрылыс материалдары кеткен.Мұнда

мұражай, көрме, кітапхана,1500 орындық опера театры қоныс тепкен.

 

№4. Кестемен жұмыс.

Жаңа көпір  «Сарыарқа». Ұзындығы 214м, ені33м.Тәулігіне 25 мыңға жуық машинаны өткізуге мүмкіндігі бар.

 

№5. Теңдеулерді шешу.

Фонтандар Айдаһар, Түйе, Бұқа, Тоқты хайуанаттар бейнесінде жасалған.

4 хайуанат бір мезгілде 4 стихияға: Даналыққа, Жерге, Суға және Отқа сәйкес келеді.

 

№6. Үйге  тапсырылады.

 

№7.Т.д. – 240 км, бұл 4/1-і

1 күнде-?

Шешуі: 240км . 4= 960 км

Жауабы: 960 км

Транспорт – Тауэр ғимараты.

№8. 1 к.-20кг түрлі түсті               Ш:   20:2=10 (ақ түсті) 20+10= 30 (жіп)

-? 2 есе кем ақ түсті                        30+30+30=90     100-90=10  30-10=20

100 кг жіптен-?к                      Ж: 3 кілем тоқуға болады, тағы 1 кілем тоқу

үшін 20 кг жіп қажет.

ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ ғимараттарының кешені.

№9. Амалдарды орындау:

470 012 : 4 + 84 333 : 3 = 117 503 + 28 111 = 145 614

767 712 : 3 – 93 996 : 9 = 255 904 – 10 444 = 245 460

Республика , Қабанбай батыр даңғылы.

Шығармашылық тапсырма.

777х143=111 111

777х286=222 222

777х429=333 333

777х572=444 444

777х715=555 555

777х858=666 666

 

  1. IV. Сабақты бекіту.

1а =         м2                           1 га=            м2                        1 га =           а

8а =         м2                           6 га=            м2                         5 га =           а

14а=        м2                         68 га=            м2                        16 га =           а

2002 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Үкіметі Астананы көгалдандыру бағдарлама-

сын бекітті. Бүгінде Астана төңірегінде , 20 000 гектардан астам алқапта, әзірге биіктігі 7-8 метрдей болатын жасанды орман өсіп тұр. Орманды алқап көлемін 50 000 гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Бүгінде Астанада шамамен 1млн. 200 метр көгал алаңдар (газондар) бар. Оның 500 000 –ы қаланың орталық бөлігінде орналасқан.Қаланың тура орталығынан  «Жыл мезгілдері» деп аталатын 6,5 гектарды алып жатқан бау бау үнемі жап- жасыл болып тұратындай етіп жоспарланған.

 

  1. Қорытынды. Бағалау.                 

Астана қаласының картасынан «Нұр – Астана» мешітін табу

«Ислам орталығы»  Құрбан айт туралы айту.  «Ақмешіт» мешіті қанша аумақты алып жатқанын зерттеп білулеріңе болады.