Есеп қанша қысқа?

64

Сабақтың тақырыбы: Есеп қанша қысқа?

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:оқушыларды есеп және оның құрамды бөліктері,қанша қысқа ұғымына байланысты амалдар таңдау  тәсілдерімен таныстыру.

Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту.Есеп шығаруда еркін пайдалануға үйрету,

білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:оқушылардың білім, іскерлік,білік дағдыларын қалыптастыру.

Қабылдау,түйісу процестерін,есте сақтау қабілеттерін,қосу және азайту амалдарының

өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелігі:оқушыларды сауаттылыққа,ұқыпты,әдемі,көркем етіп жазуға жетелеу.

Сандарды дұрыс айтуға,орынды сөйлеуге,адамгершілікке,топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрден тыс ертегі ,кіріктірілген сабақ.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, ой қозғау,сұрақ-жауап,мадақтау,көрнекілік,

практикалық.

Сабақтың көрнекілігі:ертегі кейіпкерлері,сандар жүйесі,таратпа материалдар,

геометриялық фигуралар,сергіту сәттері,слайд,шығармашылық

тапсырмалар,ойындар.

                                           Сабақтың өту барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты қайталау,пысықтау.Бүгін біз математика

сабағымызды ертегімен байланыстырып өтеміз.Біз бәріміз ертегіні ұнатамыз ба?Ендеше    «Мақта қыз бен мысық »ертегісін білеміз бе?Олай болса «Мақта қыз бен мысықтың » үйін құрастыруға көмектесейік.Ауызша тапсырмалар орындау.

Әр топқа тапсырмалар беру:  1-топ: 6+2=      2-топ:  7+2=        3-топ:  4+3=

9-3=                    5-1=                     6-5=

Геометриялық фигураларды қолдана отырып,үй құрастыру.

Біз тапсырманы тез әрі жылдам есептей отырып,үйді жылдам соқтық.

 ІІІ.Жаңа сабақ:Олай болса,біз бүгін сабақта есеп және қанша қысқа ұғымына

байланысты есептер шығару арқылы «Мақта қыз бен мысық»ертегісін

тамашалаймыз.Үш топтан бір-бір мүшелері шығып,ертегіні үзіп-үзіп айтады.

-Ал,енді балалар,бәріміз бірге мысықтың құйрығын қайтып алуына

көмектесейік.Ол үшін алдымен 1- топ сиырдың тапсырмасын орындайды.

Тақтамен жұмыс: Есептерді салыстыру және шығару.

Қызыл лента-10 см

Көк лента-? 5 см қысқа

Шешуі:10 см-5см=5 см

Жауабы:көк лента 5 см қысқа.

-Балалар,мысық сиырдан кейін тағы неге барады?Талға барады.Бірақ, балалар, талдың

да сендерге арналған тапсырмасы бар екен.Қане оны 2-топтың оқушыларына арнап отыр.

 

 

 

Тапсырма:Сатып алғаны-10 см

Қиып алғаны-5 см

Қалғаны- ?см

Шешуі:10см-5см=5см

Жауабы:5 см лента қалды.

-Дұрыс балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді мысық көмек сұрап тағы

кімге барды?

-Иә ,су әкеле жатқан қыздарға жолығады.Ол қыздардың да мысыққа және сендерге

3-топ деп дайындаған тапсырмасы бар екен.

Есептерді салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Есептің шартында 10см және 5см ленталар жайында айтылған,шешуі азайту амалымен орындалады(ұқсастығы).

Есептің айырмашылығы:шарттары әр түрлі,1-ші есептің сұрағы неше сантиметр лентаның қысқа екендігі айтылған,2-ші есепте неше сантиметр лента қалғаны жайында айтып отыр.Жауаптары әр түрлі.

Мадақтау әдісін қолдана отырып,оқушыларды мадақтау.

ІV.Сергіту сәті:

Қыздардың берген тапсырмаларын орындадық,ендігі кезекте мысық кімге барды?

-Иә дүкенші апайға барыпты.Ал дүкенші апай мысыққа қандай тапсырма дайындап қойған екен?Соны біз орындап көрейік.

Қосудың компоненттерін айту.Мәні 4-ке тең болатын қосындыларды жазу.Мәндерін

табу үшін қолданған қосу кестесін жазу.Топтармен жұмыс:

0+4=4          2+2=4       4+0=4

1+3=4          3+1=4

V.Ойын ойнау:  Көбелектердің гүлдерге қонуына көмектес! Көп көмек берген топты мадақтау.

2+3+1       4+2-3        5-5+4         2+5+3

6+1-4        10-7+2      7-4+3         3+2+5

-Балалар,дүкенші апай мысыққа жұмыртқа алып кел,- деді.Ал жұмыртқаны неге барып сұрады?(тауыққа)Сонымен тауық мысыққа қандай тапсырма дайындаған екен,көрелік.

4- тапсырма:   Азайтудың компоненттерін атау.Азайғышы 5 болатын айырмаларды ата.Айырмалардың мәндерін өсу ретімен жаз.

5-5=0          5-3=2        5-1=4

5-4=1          5-2=3        5-0=5

Балалар,сендер білесіңдер тауық жұмыртқа беру үшін оған керек?(тары,бидай).

Мысық бидай іздеп келе жатқанда алдынан не шығады?Тышқан қандай тапсырма берер екен.

V.Сабақты қорыту: Шығармашылық тапсырма:

Торда жоғалған мысық табу.Мысық отырған тордың түсі әр түрлі.Қай түстің

торындағы мысық жоқ.

Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, — деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
— Ал біз қандай болуымыз керек?
— Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын адал болайық!

 

 

 

 

VІ.Үйге тапсырма: 2-тапсырма 106 бет

VІІ.Бағалау.