Санды 9-ға көбейту кестесі

256

Сабақтың тақырыбы: Санды 9-ға көбейту кестесі

Сабақтың мақсаты: а) 9-ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.9-ға бөлу,кеміту,есе арттыру,есе кемітуге арналған есептер шығару.

ә) ұлттық дүниетанымын байланыстыра отырып,ой-өрісінің ауызша есептеу қабілетін дамыту.

б) сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып,ұқыптылық пен әдептілікке,ұйымшыл болуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта,үлестірме қағаздар.

Сабақтың түрі: дамытпалы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ізденушілік,ойын сұрақтар,СТО.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты игерту

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі,әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:             Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу,сынып тазалығы

ә) оқушыларды түгелдеу

б) оқушы назарын сабаққа аудару

 

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

«Ғалымдар патшасы»-деп дараланып,

Математика қызыққа тоймайтұғын.

 

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,сендерге әр ісімізге сәттілік тілеймін.

Біздің апталығымыз қалай аталады?

«Математика адам үшін,адам математика үшін жаратылған» тоқталу

 

Үй жұмысы

«Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.

№9 тапсырма.Электронды оқулықтан периметрін табуды пысықтау.

 

Жаңа сабақ

Бүгін біз топтармен жұмыс жасаймыз.

Алғырлар.Білгірлер.Тапқырлар.

Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз.Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып,олардың қасиеттерін пайда болуы кезеңін тамашалаймыз.Сандарға тоқталу:1,2,3,4,5,6,7,8,9

Сыйлыққа тоқталу.

 

Ойланайық бір мезет,

Бақылайық,байқайық.

Есептерді шығарып

Жауап берген балаға

Күн шуағын сыйлайық!-деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалаймын.

Күлімдеген күн –«5»

Мұңайған күн –«4»

Жылаған күн –«3»

Тапсырма:

Тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыр.9+9+9+9+9+9+9+9+9=9*9

 

81 дәптерді 9 балаға нешеден бөліп алады? 81:9=9

-Барлығында 9 шықты,бәрекелді!Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9-ға көбейту кестесін түсіндіру.

9*9=9*8+9     9*9=81     81:9=9

Электронды оқулық.

Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?-Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін,есептерді жеңілдету үшін  қолданамыз.

Көркем жазу.

9-цифрын көркемдеп жазайық.

 

№2 тапсырма. «Тоғызқұмалақ ойыны»

Бұл тапсырманы дұрыс орындасақ ,тоғызқұмалақ ойынының ережесін білетін боламыз.

А)18 банан мен 36 апельсин 9 балаға тең бөлініп берілді.Әр бала неше жемісін алды?

18:9=2

36:9=4

4+2=6

ә) 15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді.Осылайша бөліп жесе,24 сәбізді неше қоян жейді?

15:5= 3

24:3=8

 

№3 тапсырма «Кім тез ойлайды?» ойыны арқылы ауызша орындаймыз.

А)9*9                 9см*9                81:9           81см:9             10см*9

90*9               90см*9               810:9         810см:9           100см*9

 

ә) Тақтамен жұмыс. «Үш байлық» видео ролик

63:9*7 =49             48:8*9 =54                54:6*9=1

90-9*9 =9               32:4*9 =72                72:8*9=1

36:9*8  =32             86+27:9=89               62-72:9 =54

 

№4 тапсырма. «Математикалық диктант»

82:9=9(қ.1)                           71:9=7(қ.8)

80:9=9(қ.8)                           75:9=8(қ:2)

74:9=8(қ.2)                           48:9=5(қ.3)

70:9=7(қ.7)                           42:9=4(қ.6)

 

№5 тапсырма үйге.

80-ге дейінгі сандардың ішінен 8-ге бөлінетіндерін теріп жаз.Сол сандардың ең кішісін және ең үлкенін ата.

 

Сергіту сәті.

Сандарға байланысты мақал-мәтел білемізбе?

№6 тапсырма

Өз бетінше орындауға арналған тапсырма.(парақшаларға орындап апайларға тексерту.)

(40+40):10                 100:( 18+32)                   (75-70)*50

(90-90)*100                100:(45-40)                     (80+120):50

 

№7 тапсырма  «Әлемнің жеті кереметі»

Осы тапсырманы дұрыс орындасақ әлемдегі жеті кереметке не жататынын білетін боламыз.

Есептердің шешуін және жауабын жаз.

 

  • А)Кітапта 63 бет бар.Әлібек күніне 9 беттен оқиды.Ол кітапты неше күнде оқиды?
  • Ә)Түйеқұс жұмыртқасының массасы 2кг.Түйеқұстың 9 жұмыртқасының массасы неше кг болады?
  • Б)Бір собықта 6 дән бар.9 собықта неше дән бар?
  • В)Құстардың 5 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар.Барлығы неше торғай?
  • Г)Сары шымшық 9 жыл тіршілік етеді.Ал қырғауыл одан 3 есе артық тіршілік етеді.Қырғауыл неше жыл тіршілік етеді?

 

Сабақты қорыту.

 

  • Шығармашылық тапсырма

 

А-дан В-ға жету үшін мына сандардың қайсысын таңдау керек?Сандар қайталануы мүмкін.

А                                                                    В

150 ——          ——-         ——-          ——-36

А                                                                        Б

305——-         ——-          ——-          ———90

А                                                                        Б

60——-           ———        ———        ———36

 

  • “Кубизм”әдісі арқылы өткен көбейту кестесін қайталау.

 

  • Үйге тапсырма №5 9- ға көбейту кестесі.
  • Бағалау