Санды және әріпті өрнектер

84

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:

             1) Санды және әріпті өрнектерге есептер шығару жолдарын меңгерту

2)Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,тапсырмаларды ауызша-

жазбаша өз бетінше есептей білу машықтарын жетілдіру.Логикалық

ойлау қабілеттерін дамыту

3) Топпен жұмыс істеуге,ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Әдісі:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,ойын

     Көрнекілігі:таблица слайдтар,үлестірмелі қағаздар,интерактивті тақта

     Түрі:Жарыс  сабағы

   Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық .

2.Үй тапсырмасын тексеру,пысықтау.

3.Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Екі топқа бөліп отырғызу , топ аттарын таныстырады.

1топ- «Қосынды»  тобы

2топ- «Айырма» тобы.

-Балалар, ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білеміз?

-Қыз қуу.Бәйге.Аударыспақ т.б.

-Дұрыс айтасыңдар балалар әр топтан бір-бір ұл бала шығып атқа мінеді.Жарысқа дайынбыз ба? Ендеше  «Бәйге» ойынын бастаймыз.

-Қай топтың баласы  үйге бірінші  жетіп,тапсырмаларды алып, сұраққа толық мүдірмей жауап берсе, сол топтың жеңгені.

-Өте мұқият,белсенді болып,берілген сұраққа толық жауап беріп отырған топ «Білім» ордасының төрінен орын аласыңдар.

Жаңа сабақ  бойынша  түсіндіру интерактивті тақтада:

А -8, а -30  әріпті өрнектер     мұндағы   а = 38

20+1, 76-6 санды өрнектер

Дәптерге оқушылардың жазулары.Тақтаға екі топтан оқушылар шығып

әріпті өрнек пен  санды өрнекке берілген есептер шығарады (қай топ мүшесі қатесіз,дұрыс шығарғанын ескеру)

—  «Бәйге » ойыны

1топ                                                                                  2 топ

-Өрнек түрінде жаз және мәнін табыңдар:

19 және 1, а мен 9 айырмасын              90 және 10, 8бен а-ның қосындысын

мұндағы  а = 30                                            мұндағы  а = 30

-Бос торды толтыр.Екі топқа таблицаны толтыру тапсырылады.

-Сергіту сәті.

-Көпбұрышпен жұмыс. Көпбұрышты   дәптерге сызу,сұрақтарға жауап беру

-Көпбұрыштың неше қабырғасы бар?

-Неше бұрышы бар?

Бекіту:

Саны  және әріпті өрнектерге берілген тақтадағы есепті шығарту

Сабақты қорытындылау:

-Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік,не білдік?

-Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

-Ойымызды жинақтап,қорытындылап,әр топтың жинаған ұпайын санап,көп ұпай жинаған топты мадақтау.

-Топтық бағалау,  (екі топта бүгінгі сабаққа жақсы ат салыстыңдар,екі жақ та бір-бірінен қалыспады,нәтижесінде  мына топ (?) алға шықты)

-Рахмет балалар.

Үйге тапсырма беру