Берілгені бойынша бөлу. Практикалық есептер шығару

115

Математика, 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Берілгені бойынша бөлу. Практикалық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік мақсаты: оқушыларды бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептермен таныстыру, практикалық жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін кеңейте отырып, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: үйренген білімді өмірлік жағдайда пайдалануға, есеп шығаруға үйрету, көңілді тапсырмалар арқылы математика пәніне қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа біліммен таныстыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап, ойын, тест.

Көрнекілігі: сиқырлы шаршылар жазылған плакат, есеп мазмұнына байланысты суреттер,жемістер суреті.

Жаңа технология: активстудио құралдарын пайдалану, флипчартпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қызықты математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

Сабаққа зер салыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру. №8. «Сиқырлы шаршылар».

Жаңа сабақ.

а)  Жаңа материалмен таныстыру.

1.Практикалық іс-әрекет орындау арқылы бөлу жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардан 12 дәптерді  2 оқушыға немесе 2 қорапқа бөліп салуды сұраймын.

1-тәсіл: барлығын таратып біткенше бір-бірден береді немесе салып отырады.

 

 

 

 

2-тәсіл: көз мөлшерімен екіге бөліп, содан кейін санайды.

 

 

 

 

Нәтиже: 12 дәптер тең екі бөлікке бөлінеді.

 

 

ә) Флипчартпен жұмыс (№1, №2 тапсырмалар орындалады).

№1. Оқушылардың назарын тақтадағы суретке аударамын. Оқушылардан сурет бойынша бөлудің қалай орындалғанын түсіндіріп, жинақтап көрсету сұралады.

а) 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

 

 

              

Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 3 алмадан.

ә) 6 алманы 3 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

 

 

Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 2 алмадан.

Қорыту.6 алма (немесе 6 саны) 2 бөлікке және 3 бөлікке тең бөлінеді.

Тапсырма №1.

Есепке сурет салып шығару арқылы практикалық жұмыс жүргізуге үйрету.

а) 8 шие 4 тәтті нанға тең бөлінді. Әр тәтті нанға неше шиеден қойылды?

 

 

Жауабы: 4 нанға 2 шиеден қойылды.

ә) Мектеп асханасында 10 тәтті тоқашты 2 ыдысқа тең бөліп салды. Әр ыдысқа неше

тоқаштан салынды?

 

 

 

Жауабы: 2 ыдысқа 5 тоқаштан салынды.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып

Демімізді алайық.

Есептер шығару.

№3. Тақтаға мысалдар жазылған плакат ілінеді. Мұндағы  бос шаршыларға  тиісті сандарды жазып «Балапанға көмектесейік» ойыны  жүргізіледі.

5 жүзд. 3 онд. = □                        4 жүзд.8 онд. = □                74 онд. = □

2 жүзд.8 бірл. = □                        3 жүзд. 2 бірл. = □              8м 5 дм 4 см = □ см

5 м 2 дм = □ см                            3 м 7 дм 1 см= □ см

№4. Амалдарды орында.

100- (32-25)                            (45+25) -12

(100-82) +23                            24- (82-78)

25 + (90-23)                             12 + (80-45)

 

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

-Балалар, сабақ ұнады ма?

— Сабақтың қай кезеңі қызықты өтті?

-Қандай тапсырмаларға белсенділікпен қатыстыңдар?

Бағалау, мадақтау.

Үйге  тапсырма: №5, 228 бет