Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу

70

ТАҚЫРЫБЫ: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.

МАҚСАТЫ:

1). Оқушылардың бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, әр түрлі тапсырмалар орындауға, екі және бір амалды есептер шығаруға, теңдеулер шешуге үйрету;

2).Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту,қиялын ұштап,қабілеттерін шыңдау, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

3).Оқушылардың ойын арқылы ақыл-ой белсеңділігін тәрбиелеу,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу. Сауатты, таза, әдемі жазуға баулу .

Әдісі : сұрақ-жауап,  түсіндіру.

Түрі : жарыс, ойын.

Көрнекіліктері: тірек сигнал карточкалары, дөңгелектер ( қызыл, сары, көк)

« ТЕЛЕФОН» , « ДЕНСАУЛЫҚ  ШЫҢЫ», « ОЙЛАН, ТАП» ойындары, перфокарталары, кесте, гүлдер.

БАРЫСЫ: І . Ұйымдастыру кезеңі.

1). Оқушылардың назарын аудару. Сәлемдесу.

2). Жеке каточкалармен жұмыс.(4 оқушы)

3). Өткен тақырыпты қайталау:

а) тірек сигнал карточкалармен жұмыс: 2 онд.8бірл.+7бірл.

2онд.+3онд.; 9 онд-2 онд.

4). « Телефон» ойыны ( ауызша шот)

ІІ  ЖАҢА САБАҚ.

1). Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен танысу

2). Кестемен жұмыс (тақтада)

— Екі домбырадан неше рет алынған ?( 3 )

— Барлығы неше домбыра? (6)

— Қандай бірдей қосылғыштармен 6 санын алмастырдық? ( 2+2+2)

— Екі түймеден неще рет алынған? (4)

— Барлығы неше түйме? (8)

— 8 сансын қандай бірдей қосылғыштардың қосыдысымен алмастырдық ?

( 2+2+2+2)

ІІІ Оқулықпен жұмыс.

1).  « Денсаулық шыны» ойыны. (Тақтаға «Денсаулық шыны» ілінеді) . Оқушылар тапсырмаларды дұрыс ,тиянақты орындап, топпен шынға көтеріледі.  Жазылған сиқырлы сөздерді хормен оқиды.)

2). Дәптермен жұмыс а) ай,күнді жазу

№3( тақтада). Оқушылар кезек-кезекпен шығып , тапсырмаларды орындайды.

2+2+2+2                             3+3                                     5+5

4+4                                    2+2+2                                 2+2+2+2+2

6+6                                     4+4+4                                 3+3+3

3+3+3+3                             2+2+2+2+2+2

 

 

№4. Есепті оқу, талдау.

  • Наурыз мерекесіне неше парақ түсті қағаз жұмсалды?
  • Ақ қағаз туралы не айтылды?
  • Есептің сұрағы қандай?
  • Есеп неше амалмен шығарылады?
  • Неліктен ?

Түсті қағаз – 37

Ақ түсті -? 18 парақ артық

(38+18)+37=92 парақ

Жауабы: барлығы 92 парақ қағаз жұмсалды

— Бірінші  амалмен нені біліп алдық?

— Екінші амалмен ше?

-Есепті бір амалмен шығарылатын есепке айалдырыңдар

-Не істеу керек?

-Есепті оқыңдар және шығарыңдар.

Түсті қағаз-37парақ

Ақ түсті-?18 парақ артық

37+18=55 парақ

Жауабы: 55 ақ парақ жұмсалды

IV Сергіту сәті. «Менің досым»

  1. Бекіту 1). «Белгісіз санды тап» ойыны.

Алдымызға бүркіт кедергі болды. Ол бізге тапсырма дайындап қойыпты, егер оны дұрыс орындасақ, жоғары көтерілеміз.

Белгісіз саннан 32-ні кеміткенде 53 болды.

Х-32=53 бұл не? (теңдеу)

х=53+32

х=85

85-3=53

53=53

Бір оқушы шығару жолын түсіндіреді.

2). «Білім арқаны» ойыны.

-Екі оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды:

(12     6)    =8

(12+6)-10=8

(12-6)+2=8

-Орындағаннан кейін екі гүлді алып, сиқырлы сөздер оқылады. (хормен)

VІ. Қорыту

-Қандай тақырыппен таныстық? Денсаулық шыңына жету үшін қандай тапсырмалар орындадық? Денсаулықтарың мықты болу үшін не істеу керек?

VІІІ. Үйге 149 бет№6

ҮІІ.Бағалау

-Оқушылардың білімін дөңгелектерің көмегімен бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. «Тілектер » ойыны