9 санын қосу және азайту

128

Сабақ тақырыбы: 9 санын қосу және азайту.

Сабақ мақсаты: Ондықтан аттап 9 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.

 

Сабақ  міндеттері:

Білімділік: 9-ды қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу,талдау,өз бетінше жұмыс

Сабақ көрнекілігі: жолақшалар,оқулық,кесте

 

Сабақ барысы:

Алғашқы ұйымдастыру.

1-кезең.Бағдарлау-мотивациялық кезең.

. Психологиялық сәт.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен —

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «9 санын қосу және азайту «.Біз тоғыз өткелден

өтіп,білімізді көрсетейік.

 

2.Операциялық-орындаушылық кезең.

1 — өткел. » Қайталау — білім анасы».

№ 3.Үй тапсырмасын шарты мен шешуін жеке тексеру.Түсіндіре отырып орындату.

. Ауызша шығару.

8+8                  7+7              6+6                     8+6

9+8                  8+7              7+6                     9+6

 

2 — өткел. «Білімді өрге жүзеді»

. Жаңа білім

(Жеке шаршылардың онынан құрастырылған жолақшаны ондықтың баламасы ретінде

қолданамыз.Әр шаршы жекелеген бірліктерді білдіреді.Бір жолақша және сегіз жеке шаршы — бір ондық және сегіз бірлікті,яғни он сегіз санын білдіреді.)

 

9+9 = 18                                       18-9 = 9

(9+1)+8 = 18                                (18-9)-1 = 9

 

3 — өткел. «Білгің келсе,тауып көр».

№1.Өрнекті жаз және мәнін тап.

(9+1)+8 = 18

(18-8)-1 = 9

 

4 — өткел. «Қасиетті ұғымдар»

9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі.9 саныныңқасиетіне тоқталсақ,ана

құрсағындағы нәресте тоғыз ай,тоғыз күн өсіп жетіледі.Бұл сан адамныңғұмырында

пайдаболып,жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі.9 өмірге адамды әкеледі.Ол үш үштіктен құралған.Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған,олардың салт-

дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз

шелпек,тоғыз құмалақ,қалың малға үш тоғыз,т.б.)

 

5-өткел. «Мағынаны таныту»

№2.

Марғұлан — 10 к.

Арман — сонша

Барлығы — ?

Шешуі:10+10 = 20

Жауабы: Екеуі барлығы 20 кітап сатып алды.

 

6-өткел. «Ойлана біл!»

№3.

Бар еді — 9

Сыйлады — 9

Қалды — ?

Шешуі: 9-9 = 0

Жауабы: Қаламқаста 0 диск қалды.

 

 

Сергіту сәті

Бір — иілеміз,шалқайамыз,

Екі — алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол созамыз.

Бес,алты дегенде

Орнымызға отырамыз.

 

7-өткел. «Бірлік бар жерде ,тірлік бар» — жұптық жұмыс

№4

Сатып алды — 20 және тағы сонша

Берді — 50 тг.

Алуы керек — ?

Шешуі: 50-(20+20) = 10

Жауабы: Ол 10 теңге қайтарып алуы керек.

 

8-өткел. «Ойлан,тап» — өз бетінше жұмыс.

№6

7+6  =13          13-6  = 7

17+6=23          23-6  = 17

27+6=33          33-6  = 27

37+6 = 43        43-6 =  37

47+6 = 53        53-6  = 47

57+6=  63        63-6   =57

67+6 = 73        73-6=   67

77+6 =83         83-6  = 77

87+6 = 93        93-6  = 87

 

9-өткел. «Сөз құрастыр» ойыны

14-9      12-6      13-5      6+5      7+5      8+5      9+7

5      6      7      11      12      13      16

Қ     О     Қ      И       Қ      А        З

 

3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

— Міне,біз де барлықөткелден өтіп,берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.

— Біз бүгін сабақта немен таныстық?

— Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

 

4.Үйге тапсырма. №5.