Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

95

4-сынып    Ашық сабақ    Математика

Cабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарға  ауызша көбейту және  бөлу. Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:Оқушыларға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы түсінік беру. Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімді игерту. Тиімді тәсілмен есептеуді үйрету.

Ә) Тәрбиелік: Есептеулер арқылы оқушыларды бір-біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа,жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық: Тапсырмалар арқылыоқушылардың есептеу, есте сақтау қаблетін, ой-өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ түрі: Аралас сабақ (ребус шешу, мақал- мәтелдер айту,ойын ойнату)

Сабақ әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, дүниетану,ана тілі

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта , бор, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, кестелер.

 Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Пәнге бағыттау
  2. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн дүйсенбі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

3.Сыныпты топқа бөлу. Ребус шешу  «Достық» ,  «Бірлік»

Ұрандарын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

№9 тапсырма

ІІІ. Оқушыларды жан- жақты тексеру:

  1. 1. «Қызықты төрттік» ойыны

 

10 40
30 20
20 10
40 30

 

ІҮ.Жаңа сабақ:

-Балалар, біз бүгін ертегілер  әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхат жасай отырып, қай топтың белсенді екендігін байқаймыз.Саяхатқа шықпас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп алайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айында ағаштарда қандай өзгерістер болады?

— Жапырақтар неге сарғаяды?

Ендеше жапырақтарды жинау арқылы №1 тапсырманы орындайық.

Кестені толтыру.

 

а 200 15 6 120
в 30 30 40 5
с 5 9 100 15
d 4 2 4 3
(а+в+с)*d

 

-Ендеше балалар, ертегіге саяхатқа шығуға болады. «Бауырсақ» ертегісін білмейтін бала бар ма?

— Бауырсақ қояннан құтыла алмайды делік . Ол үшін қоянның тапсырмасын орындайық. №2 тапсырманы түсіндіре отырып орындату.

  1. Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, содан шыққан көбейтінділерді қосу керек.

(а+в)*с=а*с+в*с

с*(а+в)=с*а+с*в

22341*2    123200*3      111202*4

  1. Қосындыны санға бөлу кезінде әрбір қосылғыш осы санға бөлінетін болса, онда тиімді есептеу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосуға болады.

(а+в):с=а:с+в:с

 

44682:2   369600:3      444804:4

 

Ү. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

-Енді Бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қасқырдың тапсырмасын орындайық. Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындап шығайық.

 

ҮІ.Жаңа сабақты қорытындылау.

Енді бауырсақты аюдан құтқару үшін №4 тапсырманы орындайық.

Есепті шығар.

 

ҮІІ.Сабақты бекіту.

Енді Бауырсақты түлкіден құтқару үшін №6 тапсырманы орындайық.

309*2+516:4                 295:5*3+4 093                   9 800-408:2

7 809-29*4+7 700         10 000-623+420:2              45*(145-136)-219

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру   №5

ІХ. Бағалау