Кері есептер

78

Сабақтың тақырыбы:  Кері есептер

Сабақтың мақсаты:Берілген есеп бойынша кері есеп құру, шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыруға үйрету.

 Күтілетін нәтиже: Кері есеп құра отырып шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыра алады.

Бірін-бірі тыңдай отырып, бағалай алады.

Қолданылатын модульдер: Ой қозғау, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту

Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жеке  жұмыс», «жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.

 

Уақыт өлшемі Сабақ этаптары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеттері Ресурстар
1 мин Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді
2 мин Психологиялық дайындық Өлең шумақтарын оқушылар хормен айтады Тақта

 

2 мин Топқа бөлу Оқушылар түрлі-түсті қағаздарды таңдап, 3 топқа бөлінеді.

Түстердің адам өмірімен байланысы туралы түсінік беріледі.

Бағалау өлшемімен таныстырады.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Бағалау өлшемімен танысады.

Үш түсті қағаздар.

Бағалау парақшалары.

5 мин «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» Берілген өрнектердің мәнінің дұрыс, бұрыстығын анықтайды. Дәлелін келтіре отырып тура өрнекті шындыққа, тура емесін жалғанға жазады. Өрнектер жазылған кесте
5 мин «Ой шақыру» Ауызша есептер оқылады Оқылған есептерге тез жауап береді.
10 мин Негізгі бөлім:

Кіріспе

«Ақылдас, топтас, талқыла»

Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды

1 топ: №1 есептің а)

2 топ:  №1 есептің ә)

3 топ:  №1 есепті   б)

 Топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп қорғайды.

Есептердің шартын, сұрағын, жауабын салыстырады.

Оқулық, суреттер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер
1 мин Сергіту «Көңілді күн» Би қимылдарын орындайды. Бейнежазба
7 мин

 

 

 

 

5 мин

Жеке жұмыс

 

 

 

 

«Жұбыңа әңгімеле»

Оқушыларға парақшаға жазылған тапсырмалар беріледі.

 

 

 

Сәйкестендіру тесті таратылады.

 

Берілген тапсырманы дәптерлеріне орындайды, тақтада жазылған дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды.

 

Меңзер бағыты арқылы дұрыс жауабын белгілейді. Жұптар тақтадағы жауап арқылы бір-бірін тексеріп, бағалайды.

 

Парақшалар, бағалау бетшесі.

 

 

Тест, бағалау бетшесі.

 

 

2 мин Қорытынды: Сұрақтар қойылады.

 

Сұрақтарға жауап береді
3 мин Бағалау Әр оқушы өзінің балын оқып, қорытындысын айтады. Бағалау парақшалары.
2 мин Рефлексия Бүгінгі сабақ туралы ойларын білдіреді Сабақтан алған әсерлерін жазады.