Қосу және азайту 26+7; 33-7

43

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту 26+7; 33-7.

Сабақтың мақсаттары;
оқушылардың екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын
бекіту;
қосындыны және қалдықты табуға берілген екі амалмен шығарылтын есепті
талдау және шешу; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру; адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
түрі; жаңа білім беру әдістері;  түсіндіру, сұрақ — жауап көрнекілігі; оқулық, интерактивті тақта, есептеу материалдары, слайдтар.

                                                              Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Аққала құрастыру” ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Біздің мектепке пошташы бірнеше құпия хаттар әклген еді, сол хаттармен танысамыз.
1- ші хат (хаттан кілт шықты)
Оқулықпен жұмыс
1. а). Қосу мен азайтуды орындау тәсілдерін оқушыларға түсіндіру.

26 + 7 ═ ( 26 + 4 )  + 3  ═ 33

4   3

33 – 7 ═  ( 33 – 3 )  —  4  ═ 26

3  4
 
2). Түсіндіре отырып, шығару
48 + 5           53 — 5            74 + 9            83 — 9             96 — 9            87 + 9

2   3             3  2               6   3               3   6                6   3                3   6

2- ші хат ( хаттан  “ есеп ” деген сөз шықты)
Шарты:
1 — күні 22 бет
2 — күні- ? 8 бет артық
3 — күні- ? сонша
Шешуші:  22 + ( 22 + 8 )  ═ 52  ( бет )
Жауабы:  3 — күні 52 бет  оқыған

Сергіту сәті “ Санамақ”

3 — ші хат. ( жарыс – ойын )
1). Мүмкін болатын теңдіктерді табу. Неше теңдік шығады?

онд 5 бірл + 5 бірл ═       онд.
онд — 5 бірл ═      онд. 5 бірл

2) Геометриялық фигуралар ішінен шаршыларды айтып, периметрін табу

4 –ші хат ( Жұмбақ есептер )
1). Қос құлақтары, жүз тісті, Жүзінен бір-ақ із түсті. ( ара )  ( 103 )
2). Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде,
Көзіне саусақ саласың
Жырақтан хабар аласың
( телефон )            ( 20 )
3).  Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар ( аша тұяқты )
Иегінде бір сақалы бар.
( ешкі )  ( 15 )
4). Сыныпта біздің балалар, Қанша екенін санаңдар.  Екі Есен,   екі Үсен,
үш Әсем, және үш Қасен, Бес Райгүл, төрт Қанат, Алты Еркін, сегіз Гүлжанат
Жеті Ермек пен бес Сайра, Бір Марал және бір Майра, Барлығы неше бала ? ( 47 )
5-ші хат ( өрнек құрып мәнін табу)
“ Қысқы ойындардың қайсысын ұнатасың ? ”
1. Шанамен сырғанау
2. Коньки тебу
3. Шаңғы тебу
4. Аққала жасау.
48 бен 2 сандарының қосындысына 5- ті қос
57 мен 7 сандарының айырмасынан а-ны  азайт, а = 2
36 мен 7 сандарының қосындысынан а – ны қос, а = 3
65 пен 7 сандарының айырмасына а-ны қос, а = 4
6-шы хат (логикалық есеп)
Стақанға, кесеге және шыны аяққа кофе, шырын және шай құйылды.
Стақанға құйылған кофе емес, кесеге құйылған шырын да, кофе де емес,
ал шыны аяққа құйылған шырын емес. Ыдыстардың қайсысына не құйылған?

кофе шырын шай
Стақан       Кесе          Шыны аяқ

+

+

+

Шешуші:
кесеге шай,
шыны аяққа кофе, ал стақанға шырын құйылған.
ІV. Сабақты бекіту.

7-ші хат “ Кім жылдам” ойыны.
Есепте!
+ 2 + 16 – 24 + 32 — 14

“ Балапанға көмектес ” ойыны
(14       5)            = 9
(12       3)            = 5

  1. Үйге тапсырма беру
    VІ .Оқушыларды бағалау.