Білімді тиянақтау

62

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың  мақсаты: Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдері пысықталады; Сабақ  халық педагогикаға сүйеніп, оқушылардың білімін тексереді. Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісі дамиді, пәнге қызығушылықтары арттады.  Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлейді , адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: киіз үй макеті, ұлттық ойындардың суреттері, кестелер, геометриялық фигуралар, домбыра, ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
— оқушылармен сәлемдесу; — түгендеу;
— оқушылар назарын сабаққа аудару;
— сабақтың мақсат — міндеттерімен таныстыру.

— Психологиялық дайындық:  — Амансың ба Алтын күн! ……..

  1. Математикалық диктант:

— 3-ші разрядтың 7 бірлігі, 2-ші разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз.(750)

— 2-ші кластың 80 бірлігі, 1-ші кластың 30 бірлігі бар санды жаз. (80.030)

— 4 т неше кг бар? (4000 кг)

— 500 кг  неше  ц? (5 ц)

— Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

— 2 тәулік 8 сағ – неше сағат? ( 56 сағ)

  1. Жұмбақ: Бар екен бір айдаһар білесің бе?

Жаны жоқ қимылдарға денесінде

Ішінде сүйектері бақша-бақша

Жарқырар жалғыз көзі төбесінде. ( Киіз үй)

  • Балалар , киіз үй тралы не білесіңдер? ( Мәлімет)

Тақтада 4 оқушы өз бетімен жұмыс жасайды. (Көбейту мен бөлу)

73 х 24             64 х 35          751.410 : 9              78.120 : 2

  • Шаңырақ қандай геометриялық фигураға ұқсайды? ( дөңгелек, шеңбер)
  • Ауызша өрнектердің мәнін табу:
  • 66 : 22 х 20      12 х 4 : 2

15 х 5 – 40                          10 х 80 : 4

40 х 4 – 60                          450 : 9 + 10

  1. Жұмбақ:

Жайсаң – көлдей керілген,

Жисаң жіптей өрілген.

Бұл не? ( Кереге)

  • Балалар, кереге неге ұқсайды? ( қиылысқан түзулерге)

( Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. Бұл не? Бұл- Х)

Тапсырма: енді теңдеулер шешеміз.

Х : 9 = 101                     50 х 2 + Х = 1500                  10 х Х  =  25 х 8

5.Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?( Уықтар)

Келесі тапсырма: Нүктелердің орнына дұрыс сан кою керек.

6 мин20 с — ………….. с

4 тәул 5 сағ — ………….сағ

25 дм — …………..см

352 кг — ……….ц…………….кг

6 км 50 м — ……………..м

  • Есік қандай фигураға ұқсайды? ( төртбұрыш)

Тапсырма: а) төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 3 есе артық. Төртбұрыштың Р, S  табыңдар.

ә) Төртбұрыштың ұзындығы – 4 см, периметрі – 18 см. Осы төртбұрыштың енін, ауданын табындар.

— Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды ?   ( түзу, қисық)

Ауызша тез санау: 5600 : 100 : 7                     3600: 6 : 100

710 : 10 х 2                        720 : 9 х 10

100 – 280 : 7                      8500 : 100 х 2

  1. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып тұрады.

— Қандай ұлттық  тағамдарды білеміз?( еттен, сүттен, ұннан жасалған)

Есеп шығару.

Нан зауыты 420 ц-ден 10 вагон арпа және 500 ц-ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа бидай ұнынан қанша артық?

  • 420 х 10 = 4200(ц)
  • 500 х 8 = 4000 (ц)
  • 4200 + 4000 = 8200 (ц)
  • 4200 —  4000 = 200 (ц)

Жауабы:  барлығы 8200 ц  ұн қабылданды.

Жұмбақ: Тоғыз белбеу,

Қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)

Домбыра туралы   мәлімет.

Тақтада: баған түрінде есепте:

73 х 56          4088 : 56

48 х 65          3120 : 65

64 х 53         3392 : 64

  1. Қандай қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер?

( «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Бес тас», «Асық», «Ақ сандық пен көк сандық», «Аударыспақ», «Аңшылар» т.б.

  • Қазір «Қыз қуу» деген ойынды ойнаймыз. Тақтаға қыз бала мен ұл бала шығады. Кім тез мына өрнектердің мәнін таба алады.

( 8141 + 6143) : 4                            ( 7168 – 1248) :5

( 181403 – 76403) : 100                   (72011 – 9999) х 3

Ойын: «Бәйге». Кім шапшаң? Тақтада 3 оқушы.

13 х 35                           12 х 29                        34 х 22

76 х 24                            56 х 48                       47 х 34

 

Қорытынды: — Бүгін сабақта нені үйрендік? – Не ұнады? – Қандай әсер алдыңдар?

Үйге: № 9 . Бағалау