Өтілген материалды пысықтау

2 – сынып

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, шапшаң есептеуге баулу, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта,дидактикалық материалдар
Сабақтың өту әдісі:аралас.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.

Психологиялық кезең:
1 қатар: Кел, балалар, ойнайық

Ойнайықта, ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

2 қатар: Ал, қанекей балалар

Қазір сабақ оқимыз.

Жақсы оқып сабақты,

Санамызға тоқимыз.

3 қатар: Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үшінші белгісіз қосылғышты табуға арналған

40+10+?=100      40+40+?=90        17+?+13=50        20+?+18=80

?+30+30=100      ?+25+25=90        21+?+9=50 ?+30+30=80

III. Өтілген материалды пысықтау

Математика патшалығында әлемді таңқалдырған сарай бар . Онда әрі білгір математика ханшайымы тұрады.Ол ханшайым өз сарайына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен.Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен.Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше.

«Тас қақпа»: Ал, достарым ,келіндер

Бір біріне еріндер.

Біліміңді тексеріп,

Есеп шығарып көріндер.

Бар -27б

Семсерқұйрық-9                                                                                                      Неон-12

Гуппи-   ?

Шешуі:

І тәсіл: 27 – ( 9 +12) = 6

ІІ тәсіл: ( 27 – 12) – 9 = 6

ІІІ тәсіл: (  27 – 9 ) – 12 =6

Жауабы: 6 гуппи бар

«Күміс қақпа»: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Кезекті келесі тапсырмаға берелік.

Арамызда білгір достар көп екен,

Солардың енді жұмыстарын көрелік.

Өрнектерді жаз:

83 санынан 45 пен 5-тің қосындысын азайт;

37 санына 26 мен 6 –ның айырмасын қос;

40 пен 5 сандарының қосындысына 20 мен 10 сандарының айырмасын қос;

40 пен 10 сандарының айырмасына 10 мен 6 сандарының айырмасын қос

Қан етәртіп сақтайық,

Тез есептеп аттайық.

Алға қадам басқанда,

Батылдырақ аттайық.

«Күміс қақпаның» екінші тапсырмасы:

Мына үй қандай фигуралардан тұрады?

1)Қабырғаларының ұзындығы —  3 см, 4 см, 3 см үшбұрыштың периметрін тап  2)Қабырғалары 3см және 5 см тіктөртбұрыштың периметрін тап.3)Қабырғалары 3см шаршының периметрін тап.

  1. Сергіту сәтін өткізу:

Алдымнан жел еседі,

Тербеледі ағаштар.

Кіп -кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі«Алтын қақпа» Көп білетін оқушы

Тақта алдына келеді

Көрсетілген өлшем бірліктерін

Дұрыс тауып береді

1 сағ 5 мин  =          мин

83 мин  =       сағ      мин

70 мин  =      сағ      мин

2 тәул. 5 сағ  =         сағ

 

«Алтын қақпаның» екінші тапсырмасы

15-х=8                79-у=46-6              12+а=90-40
Көз зердесін дамытуға арналған жаттығу. «Есіңе сақта!»

  1. Сабақты қорытындылау

Қималардан тік төртбұрыш, шаршы құрастыру.

Оқушыларға Патшалықта еркін жүру үшін «Алтын кілт» таратылады

  1. Үйге тапсырма беру .

VII. Бағалау