М. Бекбосын. «Бозторғай – дала сәні».

223

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп

3-сынып Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы М. Бекбосын. «Бозторғай – дала сәні». 
Мақсаты

 

 

Оқушыларға автор туралы мәлімет бере отырып, мәтіннен бозторғай туралы жаңа деректер беру.
Күтілетін нәтижелер

 

 

Мәтіннің мазмұнын аша біледі. Бозторғай құсы туралы қосымша мәлімет алады.

Мәтіннің идеясына сай мақалдар айта алады. Қорытынды жасай біледі.

Керекті жабдықтар  Интербелсенді тақта, құстардың суреттері, топшамалар, флипчарт.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

1.Психологиялық дайындық.

«Өзіммен өзім» тренингі.

2.  4 топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

   Топтық ереже құру.

3. Бағалау парағын беру.

 

«Өзіммен өзім» тренингі бойынша оқушылар көздерін жұмып,  дыбыс арқылы табиғат аясында жүргендерін көз алдарына елестетіп, алған әсерлерімен бөліседі.
Тұсаукесер

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Құмдағы құпия» мәтінін бөліктерге бөліп айту.

 

2. «Ойлау уақыты» ойыны.

Әр топ ұяшық таңдап, жасырылған сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

-Темір қандай оқиғаның куәсі болды?

-Олардың бозторғайға қамқорлық жасамақ болғаны дұрыс па?

Құс ұясы неден жасалған екен?

Бозторғайдың ұясы мен жұмыртқасының басқа құстардікінен айырмашылығы неде?

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

 

 

Сұрақтарға әр топ бірлесе отырып жауап береді.

Жауап:

1. Темір бозторғайдың ұясын, жұмыртқасын көрді.

2.Дұрыс. Өйткені, Темір анасы екеуі бозторғайдың ұясын жөндеп бергісі келді.

3.Ұя селеудің үлпілдек шашағынан жасалған.

4.Бозторғайдың жұмыртқасы кішкентай әрі теңбіл болып келеді.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту. Әр топқа бір жұмбақтар жасыру.

Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

 

Айдалада ақ отау,

Аузы — мұрны жоқ отау.

 

Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

 

Қалқып тұрып аспанда,

Үн шығарып сан қилы,

Өнерiне басқанда,

Тұла бойың балқиды.

«Бозторғай» құсы туралы қосымша, қызықты мәліметтер беру.

-Қазақта мамыражай жақсы заманды

қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған

заман деп атайды.

-Бозторғай ән салса, күн ашық болады

деп болжаған.

Бозторғайлар  –  сайрағыш құстар тұқымдасы.

Жер шарында кең тараған, тек Антарктидада кездеспейді.

15 туысы, 75 түрі анықталған.

1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының

«Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақстанда  13 түрі мекендейді.

Бозторғайлар шөл, шөлейт және тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі.

Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа.

Түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады.

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының шешімі бойынша

1 сәуір – Халықаралық Құстар күні болып белгіленді.

Сергіту сәті. Құстар туралы бейнеролик.

Оқулықпен жұмыс. «Уақыт шеңбері»

«Бозторғай – дала сәні» мәтінін әр топ бөліктерге бөліп оқиды.

 

Топтық жұмыс.

1-топ:  «Құстар –біздің досымыз» тақырыбына-эссе жазу.

2-топ:Құстар туралы мақал-мәтел жазу.

3-топ:Бозторғай тақырыбына бес жолды өлең құрастыру.

4-топ:«Қанатты достар» тақырыбына сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дарынды оқушымен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма.

Құстар туралы 4 жол өлең құрастыру.

 

 

 

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. Тапсырма.

Бозторғай құсын сипаттап айтып бер.

Жұмбақтардың шешуін бірлесе отырып шешеді.

 

 

Жауаптары:

Бүркіт

 

 

Жұмыртқа

 

 

 

Құс ұясы

 

 

 

Бозторғай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнероликтегі құстардың тіршілігін тамашалайды.

Топта тақырыпты түсіндіріп, жинақтап оқыған бөліктері бойынша мазмұнын айтады, келесі топ жалғастырады.

Жауап:

 

 

Жеке оқушылар жұмыстанады.

Жауап.

Келіп көктем құстары,
Бау — бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

Жауап.

Бозторғай-кішкентай құс.Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Жұмыртқасы кішкентай, тарғыл болып келеді.

 

Қорытынды бөлім

 

 

Зерттеушілік әңгіме.

«Сұрақтар» шеңбері.

Мәтін бойынша әр топ бір –біріне сағат тілі бағытында  бір сұрақтан қояды.

Жауап берген топ келесі топқа сұрақ қойып жалғаса береді.

Қойылған сұрақтың жауабын мәтіннен тауып, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кім көп біледі?» тапсырмаларды орындайды.

1.Әлемдегі ең алып құс?

2.Ең кішкентай құс?

3.Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

4.Киелі құс?

5.Қандай құстың құйрығы айыр?

6.Түнде ұшатын құсты ата.

7.Орман дәрігері?

8. Көгершін қандай құс?

Бағалау, мадақтау.

Кері байланыс.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, бозторғай құсы туралы қосымша, қызықты мәліметтер жазып келу.

Сұрақ:

1-топ: Мәтіннен бозторғай туралы қандай деректер білдің?

Жауап:2-топ: Қазақстанда  13 түрі мекендейді.Бозторғайлар шөлді жерлерде мекендейді.

Денесі 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа.

Сұрақ: 2-топ: Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен?

Жауап:3-топ:Егер қақпанға түскен тірі аңның үстінде бозторғай шырылдап ұшып жүрсе, онда аңшы ол аңды босатып жібереді екен.

Сұрақ:3-топ: «Бозторғай» дала сәні мәтіні мәтіннің қай түріне жатады?

Жауап:1-топ: Сипаттау мәтіні.

4-топ. Сарапшы топ. 3 топтың жұмысын бағалайды.

Бас бармақ арқылы бағалау.

 

Жауаптар:

1.Түйе құс

2. Колибри

3.Көкек

4.Аққу.

5.Қарлығаш

6.Үкі

7.Тоқылдақ

8.Бейбітшілік құсы.

 

Сабақтың өзіндік талдауы:

\