7 санын қосу және азайту

51

Математика

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

  1. 7 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы оқушыладың  білімдерін бекіту.
  2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша    есептеу  дағдыларын қалыптастыру.
  3. Алға қойған мақсатқа жетуге ойшылдыққа, шапшаңдыққа  және  тиянақтылықа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Ойын  сабақ

Әдісі: Сұрақ –жауап түсіндіру, ой шақыру.

Көрнекілігі: Комьпютер, cлайдтар , кестелер.

Сабақтың барысы.

І  Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық дайындық

Балалар ,орнымыздан тұрып,

Терең демалып  алып,

Бір-бірлеріңе қарап,

Жымиып орнымызға отырамыз.

ІІ Үйге берілген есепті тексеру

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болмақ,сабаққа қонақтар  келіп отыр. Біз  бүгін  өзіміздің білімімізді көрсете білуіміз керек. Ал біздің  сыныпқа тағы   бір  қонақ келіп отыр екен. Ол қонақтың кім екенін  білу  үшін  мына тапсырманы  орындауымыз  керек.

 

 

 

 

 

 

 

1
2
3
4
5
6

 

1
2
3

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ . Жаңа  сабақ.

Қай  санның  сыңары  жоқ?

3 1
7 2
2 4
3 1
4

 

Ендеше бүгінгі өтетін  тақырыбымыз  7 санын қосу  азайту.

7 санына байланысты  қандай көңілді санамақтар білеміз.

Қара  мына қызықты

Көсеуді кім ұмытты .

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан  сызықты.

Каллиграфиялық кезеңі

7 санын  тақтаға көрсету.

-Біз өмірде жеті санын қайда,  қалай қолданып жүрміз?

-Ертегіде

Кемпірқосақтың түсі  жетеу.

1 аптада жеті күн бар.

7- желпек.

7- ата.

 

 

Тапқышбектің келесі тапсырмасы.

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?
  • Енді 4 күннен саң мезгіліне жатады:

Наурыз жылдың қай мезгіліне жатады:

Көктем тіралы қандай тақпақ білеміз?

Көктем келді көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Аспандағы ақ құстар,

Ауылыма бұрылды.

 

Көктем күні шуақты,

Көктем келді қуатты.

Біз қамқоршы боламыз,

Құстарға ұя саламыз.

Балалар біз құстардың қамқоршысы екенбіз. Құстар біздің

досымыз екен. Ендеше келесі тапсырма құстар туралы екен.

Мына ағаштың басына қараторғай ұя салып жұмыртқалап балапан басып шығарған екен. Осы балапандарды жеуге жылан өрмелеп келеді. Тапқышбек бізге балапандарға көмектесіңдерші деп өтініп тұр.

Өрнек құрайық екінші қосылғышы 7 болатын

1+7=                            2+7=                    3+7=

Ауыстырымдылық заңын пайдаланып тағы қандай теңдік құруға болады?

Ережені еске түсірейік.

1 оқушы тақтаға шығады

7+1=                    7+2=                    7+3=10

2 тапсырма. Көктемде қандай жұмыстар орындалады? Тапқышбектің келесі тапсырмасы ағаш отырғызу.

Енді азайтқышы жеті болатын өрнек құрайық.

8-1=7                            9-2=7                            10-3=7

ІV. Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде серет салдық сәндетіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні жидек тердік ағаштан,

Сенбі күні кино көрдік театрдан,

Жексенбіде үйде болдық демалдық.

3 тапсырма. Тапқышбектің тапсырмасы. Осы наурыз айында қандай мерекелерді атап өтеміз.

8 наурыз .

Аналардың мерекесіне гүл сыйлайық.

4+5-2                   7-4+6                   8-2+1                   3+2+6        7+3-5

4 тапсырма. Ат жарысы

Наурыз айында тағы қандай мерекені  атап өтеміз?

Наурыз мейрамы – жыл басы.

Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойналады?

Ат жарыс, күш сынасу, арқан тарту, қыз қуу.

Келесі тапсырманы орындап ат жарысының жеңімпазы атанайық.

Теңдік, теңсіздік өрнек, санды өрнекті айырып жазу.

6>5       9-9                  1=1       4-3       7<1       5=5       4<5     3+1<5

 

Наурыз мерекесін біздің қаламызда қалай тойлайды?

-Киіз үй құрылады,  ұлттық ойындар ойналады .Ендеше бізге Тапқышбек киіз үйге байланысты тапсырма беріпті.

Кәне, орындайық.

Абай ауылында – 5 киіз үй              ? артық

Жамбыл ауылында – 4 киіз үй

Шешуі: 5-4=1

Жауабы: Абай ауылында 1 киіз үй артық тігілді.

 

6 тапсырма жұмбақ есептер.

  1. Ал балалар, балалар

Қағазбенен қалам ал,

Екі ешкінің мүйізі нешеу.

Кәне, кімдер табады?

 

  1. 10 асықтың 3-еуін досын сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

 

  1. Алшаға кеп, күнара

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын

Ертіп келді бұл ара.

 

  1. Көлде ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді.

 

  1. V. Қорытындылау:

Не үйрендік? Не білдік? Не ұнады? Сұрақтарға жауап алу.

  1. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту, мадақтау.

VII. Үйге тапсырма № 3 Кесінділерді  салыстыру жолдарын түсіндіру.