Қазақтың хас батыры Қарасай

47

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың хас батыры Қарасай

Сабақтың мақсаты:  Қазақтың хас батыры Қарасай туралы дерек бере отырып

мәтінді түсіндіру.

Оқушыларды батырлыққа, елін,жерін сүюге, қорғауға

тәрбиелеу.

Отанды қорғауға деген сүйіспеншіліктерін және сөйлеу тілін

дамыту.

Сабақтың типі: іскерлік пен дағды

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру

М: О: К

-оқу құралдарын шығару

-сабаққа көңілдерін аудару

 

Үй тапсырмасын тексеру

-Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі

-мазмұнын айту

 

Актуалдау

 

18 ғасырдың ортасы ауғанға дейін болған қазақ пен қалмақ арасындағы ұзаққа созылған қырғын соғыста қолданылған негізгі қарулар сол бұрынғыша қолданды.

Жекпе-жек бірнеше күнге созылды. Жеңген батыр жеңілген жақтан келесі сайыскердің шығуын күтіп,ортадағы алаңда тұрады. Сол батырларымызға тоқталсақ.

 

 

Жаңа сабақ

-Қазақтың хас батыры Қарасай

Қарасай батыр туралы мағлұмат беру.

Қарасай Алтынайұлы-Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Кез-келген ұрыс болған жер Қарасай атымен аталды.

1664 ұлу жылы Қарасай ұрысқа ақырғы рет алпыс алты жасында қатысты. Осы ұрыста Қарасай батыр ауыр жараланып, саптан шығады. Ағынтай батыр да аяғынан жараланып,и ақсақ болып қалады.

Енді қатты-қайырым, күшке түсер қимылға жарамағандықтан Қарасай батыр ел басқару ісіне кірісті. Қарасай батыр Бірсыпыра туғандарымен өзінің қандыкөйлек досы Ағынтай еліне көшіп барады. Онда бір жылдай тұрып , 1671 доңыз жылының тамыз айында 73 жасында дүниеден өтті. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды.

Қарасай батырдан алты бала қалды.  Олар   Өтеп,Көшек,Түрікпен,Еркен,Төркен. Соңғы екі баладан ұрпақ қалмаған. Бірақ екеуі де есейіп, азамат болғанда өлген. Әкесінің 50 жасында туған егіз ұл Алтынай тұқымы Арқаға барған соң бір күнде мерт болған. Екі бірдей ұлының қазасы әке өлімін тездете түскен. Талай өлімді көріп, талай өлікті қолымен ұстаған Қарасай батыр: «Өліп көрген жоқпын, одан басқаның бәрін көрдім десем, әлі көрдім десем, әлі көрмегенім көп екен ғой» деп екі баласына қатты қайғырған. Қарасай екі ұлдың қырқына жетпей қайтқан. Қазақтың Қарасай батырының жылын берген соң  Ағынтай батыр да дүниеден өтті. Оны да Қарасай батыр қойылған бейітке жерленді.

 

 

 

 

 

 

 

-Қарасай батырдын кесенесін ведиодан көрсету.

Сүйінбай жырау Қарасай батыр туралы былай жырлаған:

 

Сүйінбай жырау

 

 

 

Қарасай халқы үшiн атқа мiндi,
Шыдамай жауыздыққа неше түрлi.

Сол қуғаннан қуылды Шудан бастап,
Қалмақ қашты баласын, малын тастап.
Әйелiне қарауға шамасы жоқ,
Келiп едi о баста жердi ластап, —

деп суреттейтiнi Қарасай батырдың осы соғыстағы ерлiгiне орай айтылған.

 

-мәтінді түсіндіру

-тізбектеп оқу

-картамен жұмыс

 

 

Дамытушылығы

 

-батыр туралы ойдан мақал құрастыру

 

Батыр жауға шабады,                                                Батыр күшіне сенеді,

—————————-                                              —————————-

 

Батыры бар ел мақтанар,                                   Батыр жүрегімен күресер,

——————————-                                         ———————————

 

Батыр елін қорғайды,

——————————.

 

 

Бекіту

-қарасайға мінездеме беру.

 

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту

 

Бағалау