Күзгі ауа-райы

255

Сабақтың тақырыбы: Күзгі ауа-райы

Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Тақырып аясында сөздер,сөз тіркестерін айтып,сауатты жазып, дұрыс сөйлем құрай білуге машықтандыру.

2.Дамытушылық:Сұрақ-жауап өткізу,топпен жұмыс жасау  арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру.Сұраққа нақты және дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды ұжыммен тату жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Күзгі ауа райы» суреттер, мәтін ,үн таспа, түрлі –түсті қарындаштар

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезі: амандасу,түгендеу.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

-Қанеки балалар, біз бір-бірімізбен амандастық,енді біз табиғат анамен амандасайықшы.

Қайырлы күн ,көк аспан!

Қайырлы таң,кең далам!

Армысың,алтын күн!

Саумысың ,жан досым!

-Жақсы.Орындарыңа отыра қойыңдар.Балалар,өздерің байқағандай, сендер бүгінгі сабақта екі топқа бөлініп отырдыңдар,енді сендердің топтарыңа бәріміз бірігіп ат қояйық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.Қай топ шешуін бұрын тапса сол топты осы жеміс атымен атаймыз.

1.Сырты қатты іші тәтті.Ол не? (Қарбыз)

  1. Өсіретін бойыңды,дамытатын бойыңды.Қоянға да азықпыз, біз қандай көкөніспіз? (Сәбіз)

Жақсы.Балалар енді сендердің топтарыңа топ басшыларын таңдаймын. Өздерің байқағандай бүгін бізде ерекше сабақ .Бізге қонақтар келіп отыр.Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысып,өз білімдерімізді көрсетейік.Ал сендердің білімдеріңді мына парақ бойынша бағалаймын. Әрбір оқушының алған бағасы топтың бағасына әсер етеді. Сол себепті бәріміз бірге жұмыс жасайық.Оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын.

Аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабаққа қатысуы Мәтінмен жұмыс Өлеңмен жұмыс

 

Жалпы бағасы
1 Аскербекова Ә
2 Егінбаев С
3 Лебаева А
4 Мысжанов З
5 Терентьев Е
*6 Жумажанова М
7 Бралинова А
қорытынды
1 Батырбекова К
2 Мельник С
3 Сапинова А
4 Тусупбекова А
*5 Қайыргалиева Қ
6 Абдишов П
7 Решатов Ә
қорытынды

«5» -күн, «4»- ала бұлтты, «3»- бұлт суретімен белгілеймін

 

 

 

 

 

 

ІІ Үй тапсырмасы:

«Күз» тақырыбына ассоцияция жасату                                                       топтық жұмыс

Топтан бір адам шығып қорғайды.Ол адамды топ басшысы шешеді.    Топ аралық сұрақ-жауап

-Балалар енді әр топтан бір бала келесі топтан бір адамды таңдап оған өзі «Күз» тақырыбында тақтада ілулі тұрған суреттерді қолданып сұрақ қояды. Оқушылар жауабын бағалап , кестеге белгілеймін.

ІІІ Жаңа сабақ бойынша:

3.1 Тақырыппен таныстырамын:

-Балалар , сендер күз мезгілі жайлы білесіңдер.Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық. Сабақ тақырыбы  «Күзгі ауа райы». Сабағымыздың мақсаты:күзгі ауа райына қатысты сөздермен танысып,олармен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау.Осы сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

А теперь кто мне скажет осенью какая бывает погода?(холодная, ясная,дождливая,облачная,ветреная и т.д. ) Жақсы, енді осы сөздердің қазақша аудармасымен танысайық.Үнтаспадан тыңдатамын.

3.2 Сөздікпен жұмыс жасау:

Үнтаспадан тыңдату,қайталату,жазылуына назар аударамыз,жазады

Ашық, бұлтты,жаңбырлы,желді. Балалар осы сөздердегі дыбыстарға назар аударайық. Ашық сөзінде қандай дыбыс ерекше?Қ дауыссыз,қатаң дыбыс.Бұлтты сөзінде? Ұ дауысты ,жуан дыбыс.Жаңбырлы Ң дауыссыз,үнді дыбыс. Желді і дауысты,жіңішке дыбыс.Тақтаға суреттерді, жанына қазақша аудармасын ілемін.Сөздікке жазып болған соң суретке қарап қазақша атауларын оқушылардан сұраймын.

3.3 Суреттерді көрсетіп  иә-жоқ сұрақ –жауабын  жасатамын:

-Бүгін ауа-райы ашық па? (жаңбыр суретін көрсетемін)

-Бүгін ауа-райы жаңбырлы ма?

-Бүгін күн жылы ма?

-Суық па?

-Қар жауып тұр ма?

-Күн бұлтты ма?

-Жел соғып тұр ма?

-Қар жауып тұр ма?

3.4 Әр айдың ауа райы (тақтаға 3 айдың ауа райына арналған суреттерді іліп қоямын)

-Балалар күзде қандай айлар бар? Енді мына суреттерге қараңдаршы әр айдың ауа райы да әртүрлі болады.Қыркүйек ауа райы қандай? Қазанда ауа райы қандай? Қарашада қандай ауа райы?

3.5 Мәтінмен жұмыс:өзім оқимын, жұппен оқып ,аударту,сұрақ-жауап.Мәтіннен ауа-райын білдіретін 3сөйлемді тауып оқып,дәптерге жазамыз..Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып , 1сөйлемді буын түріне талдайды.

Семей ауа райы

Қаламызға күз келді. Қыркүйек айында қаламызда күн жылы болды.Қазан айында Семейде жаңбыр аз жауды.Қар жауған жоқ.Қаламызда жел жиі соғады. Қарашада күн суытады. Семей қаласының  күзгі ауа райы әртүрлі.

1.Қыркүйекте ауа райы қандай болды?

2.Қазан айында жаңбыр қалай жауды?

3.Қар жауды ма?

4.Қаламызда жел қалай соғады?

5.Қарашада ауа райы қандай?

6.Семейде күзде ауа райы қандай болды?

Сергіту сәті:

Күн суытып ,жел соқты

Жаңбыр жауды тамшылап.

Құстар ұшты  жылы жаққа,

Біз отырайық орындыққа.

ІҮ Бекіту : Орынымызға жайғасып келесі тапсырмаға көшейік.Мен өлеңді оқимын, сендер елестетіп суретін салыңдар. Өлеңді екі қайталап оқимын, топ мүшелері бірігіп суретін салады, әр топтың басшысы шығып қорғайды

Бұлт қаптап аспанды,

Суық жаңбыр жауады

Жапырақтар сарғайып,

Құстар қайтып барады.

Ү Қорытынды:

Сурет бойынша келесі күннің ауа-райын болжату.

-Ертең күн жаңбырлы болады.

-Бүгін күн ашық болады.

-Ертең күн желді болады.

-Кеше күн бұлтты болды.

ҮІ Бағалау:

1.Жекелей бағалау.

2.Топтық көрсеткіштердің нәтижесін айту.Жеңген топқа қол соғып қошемет көрсетейік.

ҮІІ Үйге тапсырма:«Күзгі ауа райы» тақырыбына диалог жазып келу.Жаңа сөздерді жаттау.

 

Аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа сабаққа қатысуы Мәтінмен жұмыс Өлеңмен жұмыс

 

Жалпы бағасы
1 Аскербекова Ә
2 Егінбаев С
3 Лебаева А
4 Мысжанов З
5 Терентьев Е
*6 Жумажанова М
7 Бралинова А
қорытынды
1 Батырбекова К
2 Мельник С
3 Сапинова А
4 Тусупбекова А
*5 Қайыргалиева Қ
6 Абдишов П
7 Решатов Ә
қорытынды


Семей ауа райы

Қаламызға күз келді. Қыркүйек айында қаламызда күн жылы болды. Қазан айында Семейде жаңбыр аз жауды. Қар жауған жоқ. Қаламызда жел жиі соғады. Қарашада күн суытады. Семей қаласының  күзгі ауа райы әртүрлі.

Сұрақтарға жауап бер:

1.Қыркүйекте ауа райы қандай болды?

2.Қазан айында жаңбыр қалай жауды?

3.Қар жауды ма?

4.Қаламызда жел қалай соғады?

5.Қарашада ауа райы қандай?

 

Мәтіннен ауа райына қатысты 3 сөйлемді тауып оқып, дәптерге жазып,1 сөйлемді буын түріне талдаймыз.

 

 

Семей ауа райы

Қаламызға күз келді. Қыркүйек айында қаламызда күн жылы болды. Қазан айында Семейде жаңбыр аз жауды. Қар жауған жоқ. Қаламызда жел жиі соғады. Қарашада күн суытады. Семей қаласының  күзгі ауа райы әртүрлі.

Сұрақтарға жауап бер:

1.Қыркүйекте ауа райы қандай болды?

2.Қазан айында жаңбыр қалай жауды?

3.Қар жауды ма?

4.Қаламызда жел қалай соғады?

5.Қарашада ауа райы қандай?

 

Мәтіннен ауа райына қатысты 3 сөйлемді тауып оқып, дәптерге жазып,1 сөйлемді буын түріне талдаймыз.

 

 

 

Семей ауа райы

Қаламызға күз келді. Қыркүйек айында қаламызда күн жылы болды. Қазан айында Семейде жаңбыр аз жауды. Қар жауған жоқ. Қаламызда жел жиі соғады. Қарашада күн суытады. Семей қаласының  күзгі ауа райы әртүрлі.

Сұрақтарға жауап бер:

1.Қыркүйекте ауа райы қандай болды?

2.Қазан айында жаңбыр қалай жауды?

3.Қар жауды ма?

4.Қаламызда жел қалай соғады?

5.Қарашада ауа райы қандай?

 

Мәтіннен ауа райына қатысты 3 сөйлемді тауып оқып, дәптерге жазып,1 сөйлемді буын түріне талдаймыз.