Құстар айтысы

78

Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы

Сабақтың мақсаты: Құстар туралы оқушылар білімін толықтыру, ертегіні түсініп оқуға машықтандыру

2) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, байланыстыра сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын жетілдіру

3) Ұжымда өз жауапкершілігін сезінуге, табиғатты қорғауға, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу

сабақтың түрі: дәстүрлі емес

сабақтың типі: аралас сабақ

сабақтың формасы: топтық

сабақтың көрнекілігі:слайдтар

техникалық жабдықтар: проектр

әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, ізденіс

пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу

технология түрі: «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы, «Ауызша сабақ -3» картасы

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Бөлісейік шаттықты

Ақ ниетпен шын тілеп,

Ізгі істерді, жақұтты!

Оқушыларды үштікке бөлу, әр топқа ат қою, сыншы, орындаушы, демеуші сайлау

Ынтымақ

о с д

 

                                       ІІ Үй тапсырмасы

1.Ж. Кәрменовтың «Әке тәлімі»мәтіні бойынша ТСҚ-5 мин. ООМ-да алғашқы баға енгізіледі

  1. Мазмұндау

3.Қорыту

                                        ІІІ Актуалдау

Халқымыз ер жүрек батырларын қыранға, сұлуларын аққуға теңеген. Ал, әншілерін ше?

-Бұлбұлға

Дұрыс айтасыңдар, ендеше басқа да құстар туралы жұмбақтар шешіп көрейік

Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады?                     (көгершін)

 

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ                   (қарға)

 

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисың ба                                        (торғайды)

Олай болса, біздің бүгінгі өткелі отырған «Құстар айтысы» атты ертегіміздің басты кейіпкерлері Торғай, Көгершін, Қарға болмақ.

                                     І    Жаңа сабақ

Сабақ сұрақ-жауап арқылы басталады

Ертегі деген не?

Ертегі – адамның қиялынан туған ой жүйріктігінн пайда болған шығарма. Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

Жаңа сабақты меңгерту

Оқулықпен жұмыс Мәтінді өзбетілік оқи отырып ,тірек сөздерді табу. Жұмыс уақыты 5 мин.

Тірек сөздер

орман

келісім

айтыс

жанжал

қарға

көгершін

береке

Оқушылар ООМ-да белгіленеді

ЕС (есте сақтау) тірек сөздерді жаттауға 30 сек. Жатқа жазу 30 сек.Толықтыру.

ООМ-да үшінші баға енгізіледі, балл беріледі

ҚС (қиылыс сұрау) тірек сөздер мағынасын ашу

ООМ-да белгіленеді

СТС( сын тұрғысынан сұрау) Әр топ сын тұрғысынан сұрақтар дайындайды. ООМ-да белгіленеді

Күрделі сұрақ

Егер жер бетінен құстар түгелімен жойылып кетсе, қандай жағдайлар қалыптасар еді? Жорамал жасаңдар.

ООМ-да белгіленеді

Қосымша жұмыстар

Қанатты құстар әдемі,

Қызық-ау құстар әлемі- демекші қызықты деректерге назар аударайық

ең кішкентай құс- колибри

ең үлкенқұс- түйеқұс

ең алып құс-самұрық

ең жүзгіш құс- пингвин

ең қырағы құс- сұңқар

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана білген. Құстар арқылы ауа райын болжаған, көрген түсін де жори білген. Мысалы,

Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады

Бозторғай ән салса, күн ыстық болады

Үйрек бір аяғымен тұрса, аяз болады

Егер түсінде көгершін көрсе, өңінде ісі оңғарылады

Қараторғай көрсе қуанышқа бөленеді т.б.

Қорыту.               1. Сонымен бүгінгі сабақта не үйреніп, не білдік?

2.Ертегі мазмұнындағы негізгі ой не?

3.Қандай мақал-мәтелдермен қорытуға болады?

Бағалау.   Әр топ ООМ бойынша бағаланады, ұпай саны шығарылады

Үйге тапсырма: 1.Ертегіні мазмұндау

2.Құстар туралы мәліметтер жинақтау

  1. «Ынтымақ түбі- бірлік» тақырыбына шығарма жазу