Уақыт. Сағат неше?

Сынып: 4 сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Сағат неше?

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға уақытты дұрыс айта білуге, уақытты пайдалы өткізуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:                             

Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Уақытты қазақша дұрыс айта білуге

Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: критериялық  ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс

Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, сағат, кесте, жаңа сөздер

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Жұмбақ шешу (Қызығушылығын ояту).

Сартылдайды күнімен,

Сартылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.                                (Сағат)

(Тақтаға сағаттын суреті ілінеді.)

Сұрақ-жауап әдісі  ой қозғау.

  • Бір жылда неше күн бар?
  • Бір жылда неше ай бар?
  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бір тәулікте неше сағат бар?
  • Бір сағатта неше минут бар?
  • Бір минутта неше секунд бар?

Сөздік жұмысы.

—   мұғалім бір рет оқиды, түсіндіреді;

— оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;

— жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;

— оқылым;

— жазылым;

Сағат – часы

Қол сағат –наручные часы

Қабырға сағат – настенные часы

Қалта сағат – карманные часы

Сағат неше? – Который час?

Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час?

Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?

Көрсетеді – показывает (о времени)

  1. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді. Оларды сан есімдер деп атайды. Мыс: бес, он, жиырма, алпыс, жүз, төртінші, алтыншы

При указании времени (даты) на вопрос Қашан? (когда? ) к числительным прибавляются окончания – да, -де, -та, -те. Мыс. алтыда, екіде, бесте.

2.Суретпен жұмыс. Тақтадағы сағаттың суретімен таңысып , сағатпен жұмыс істеу.

Сағат неше? Сұрағына жауап беруге машықтану.

  1. Дәптермен жұмыс.

Сағат, уақыт  сөздерін септеп жаз.

  1. Тілдесу. Жауап беріңдер?

Сабақ неше минут болады?

Қазір сағат қанша?

Сабақ қашан басталады?

Сабақ қашан бітеді?

Сағат нешеде үйге қайтасың?

  1. Критериялық ой қозғау.

А) Сағат

Ә) 2 сын есім

Б) 3 етістік

В) Сөйлем құрастыру

Г) синоним немесе баламасын табу.

Сабақты қорытындылау.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Үйге тапсырма беру.

Бағалау