Малдың төлін сүюі. Жуан айтылатын сөздер.

Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі. Жуан айтылатын сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дыбыс және оның түрлері туралы түсініктерін  толықтыру.Сөздерде дыбыстар жуан және жіңішке айтылатынын түсіндіру, оларды ажырата білуге, талдау жасауға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, тілін байыту, жауабын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру,сөздік қорын дамыту, дүние танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Үй жануарларын баптап, қамқор болуға шақыру.

Әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «ой қозғау»,ойын, Венн диаграммасы

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада

Ойымызды жинақтап

Отырайық партаға.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Ой қозғау.

— Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? «Әнші» төлдер өлеңін оқыту.

— Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ал дауыстыше?

— Қандай жуан дауыстыларды білесіңдер?

Балалар бүгінгі сабақта біз жаз мезгілін суреттейміз.Ол үшін әр түрлі гүлдер, талдардың суреті керек. Олай болса берілген тапсырмаларды орындайық. Әдемі сурет құруға тырысып көрейік.

-Қане үй тапсырмасын орындағанымыз үшін не керек?

-Күн.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Өткен сабақпен байланыстырып тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Күннін жадын жазу. Көркем жазу жұмысы.  мм әрпін жазу.

39-жаттығу

Сөйлемді мәнерлеп оқу.Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?

              Ауылдардың қойы бар,

              Қойы бардың тоны бар.

Олай болса сендер тағы гүлді жабыстырамыз.

Топтастыру стратегиясы. Венн диаграммасы бойынша.Балалар өздері тақтада түсіндіріп, орындап, жазады.

 

Жуан                                                           Жіңішке

А,о,ұ ,ы                        Дыбыстар                      Ә, ө,ү,і,е

 

 

Ереже оқып, талдау жасау.Сөздерден жуан дауыстыларды табу.

— Міне, тағы бір гүл жабыстырдық.

40- жаттығу. Өлең оқу.Жуан айтылған сөздерді атау. Олардың құрамындағы сөздер жуан айтылады ма, жіңішке айтылады ма?

Келесі гүлді жабыстырамыз.

Мәтінмен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Оқылған өлеңді талдау.

-Өлең не туралы?

Қой баласына не дейді? Сиыр ше? Түйе ше? Ешкі ше? Жылқы не дейді?

Келесі тапсырма тізбектеп оқу.

Оқылған екі жол сайын сол сөйлемге байланысты мал мен төл суретін жабыстыру. 1-2 оқушыға мәнерлеп оқыту.

Малды құрметтеу өлеңін оқып беру. Сұрақ- жауап.

Сергіту сәті:

Парта саған төсек емес жатуға,

Тұзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойында.

Дәптермен жұмыс. Тыйым сөздерді дәптерге жазу.Талдау жасау.

Сабақты қорытындылау: — Бүгінгі сабақта не туралы оқыдық?

Олар төлдеріне  не дейді?

Сөзде жуан дауысты болса қалай айтылады?

Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу.

Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушылар мадақталып, жауап беру деңгейіне қарай бағаланады.