Кім күшті ?

281

Сабақтың тақырыбы : Кім күшті ?

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу , сұраққа толық жауап беруге машықтандыру , шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру.

 

Тәрбиелік : Оқушыларды еңбексүйгіштікке , адалдыққа , адамгершілікке баулу , ұйымшылдыққа , табиғатты қорғауға , аялауға тәрбиелеу .

 

Дамытушылық : Топтағы жұмыс арқылы шығармашылықпен жұмыс жасай отырып , дүниетанымын кеңейту , өз пікірін ашық , еркін қорғай алу дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:   Түсіндіру , баяндау , сұрақ – жауап , ой қозғау , топтық әдіс .

Сабақтың типі:   Жаңа білім беру .

 

                  Түрі : Сайыс сабақ .

 

Техникалық құралдары : Слайдтар ,интерактивті тақта .

 

Сабақтың барысы :

 

1 . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды 3 топқа бөлу .

Білімділер тобы

Тапқырлар тобы

Ойшылдар тобы

 

    Психологиялық дайындық :

 

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз!

 

2 . Үй тапсырмасын тексеру .

Өлеңді мәнерлеп оқу, «Жер бетінде су жойылып кетсе , онда… » деген ойды жалғастырып жазып  , су туралы мақал жаттап келу .

Оқушылардың жауаптарын тыңдап , мадақтау.

 

Үй тапсырмасын бекіту .

 

3 топ бір – біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау .

 

3 . Жаңа сабақ .

 

    Қызығушылығын ояту .

  • Балалар, қараңдаршы бізге қырғауыл деген құс қонаққа келіпті.Ол жәй келмепті , сендердің білімдеріңді тексеруге келген екен , өзі де тапсырмалар дайындап келіпті . Қалай балалар , оның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба ?

Оқушылар жауабы:

  • Олай болса бірінші тапсырмасы мына бейнелі сөзді шешу қажет екен.

 

Интерактивті тақтадан бейнелі сөз шығады.

                       Кім күшті?

  1. Мағынаны таныту.
  • Жарайсыңдар балалар , сонымен бұл бейнелі сөз — бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Кім күшті ? » ертегісі екен .

—     Балалар кітаптарыңның  174 — бетін аша қойыңдар .

—     Сендер ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме ?

—     Ертегі дегеніміз – шындық пен қиялдан туындаған халық ауыз әдебиеті шығармаларының бір түрі екен .

  • Ал , күшті деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
  • Күшті дегеніміз — денсаулығы мықты , күші көп деген мағынаны білдіреді екен .
  • Бұл ертегіні , Қырғауыл құсымыз өзінің басынан өткерген оқиғаны көрсетпекші болып алып келіпті . Олай болса барлығымыз тақтаға назар аударып , ертегіні тамашалайық .

 

 Интерактивті тақтадан «Кім күшті ? » ертегісі қойылады.

 

— Балалар ертегі ұнады ма ?

Оқушылар жауабы.

  • Олай болса сендердің қалай тыңдағандарыңды тексеру үшін қырғауыл сұрақтар дайындап әкелген екен , соған жауаптар берейік , жарай ма ?

 

Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі .

 

  • Неліктен құмырсқа бәрінен күшті деп ойлайсың?
  • Адам күшті болуы үшін не істеуі қажет?

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

Жарайсыңдар балалар , өте жақсы . Енді келесі тапсырма :

Ертегіні мәнерлеп , түсініп оқу керек екен .

3 топтан оқушылар мәнерлеп оқиды .

— Жарайсыңдар , балалар өте жақсы . Енді балалар , ертегіні сахналап қойып көрейікші .  

3 топтан балалар шығады .

 

6.Сергіту сәті.

Шығу үшін шымыр боп ,

Шынығамыз шаршамай .

Бұлшық еттер шымыр боп ,

Аламыз сосын тосын жәй .

 

Ал балалар енді қырғауыл 3 топқа бөлек — бөлек тапсырма бергісі келіп тұр екен .

1 – топ : Құмырсқаға мінездеме беру .

2 – топ : Күшті адамға мінездеме беру .

3 – топ : Қырғауылға мінездеме беру .

Ой толғаныс .

            3 топ мақал айтып сайысады .

     7 .Дәптермен жұмыс.

  • Жарайсыңдар балалар , енді мына мақалды оқиықшы:

Күшіңе сенбе ,

Ісіңе сен .

Балаларға  мақалдың мағынасын түсіндіріп , дәптерлеріне көшіріп жазып алулары керек екенін айтамын.

Дәптерімізді алайық ,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық ,

Көркем етіп жазайық !

   8 . Жаңа сабақты бекіту , бағалау .

—   Сонымен балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық ?

—   Ертегі қалай басталады ?

—   Кім кімнен мықты екен ?

—   Ең мықтысы кім болды ?

  • Енді балалар әр топтың жинаған жұлдызшалары мен төртбұрыштарына қарап бағалаймыз.

         Интерактивті тақтадан қырғауыл көрсетіледі.

  • Балалар , қараңдаршы қырғауыл сендерге риза болып , өз еліне қайтып бара жатыр , оған не айтамыз .
  • Сау бол!

 

— Жарайсыңдар балалар , енді үйге тапсырма :  Ертегіні мәнерлеп оқып , мазмұнын айту . Мазмұны бойынша сурет салу .

  • Сабақ аяқталды ,сау болыңыздар!