Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!

66

Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!

  Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға

деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.
2. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен

таныстырып, ой-өрісін дамыту, оларды құрметтеуге,сыйлай білуге, оларды

қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  Слайд, нақыл сөздер, түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.

 

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің.

Ұлы Жеңіске мың тағзым!

 

Барысы:
Ән ұран.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қасірет шегіп, қан кешіп. Жеңіске жеткен күн еді» атты «Әнші болғым келеді» үйірмесі ұйымдастырылған концерттік бағдарламасы бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады. Біз қазір бірге интерактивті тақтадан «Жойылсын соғыс» атты бейнебаянды тамашалайық.

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

 

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғына.     ( бір минут үнсіздік)

  1. Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
    Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
    Ойрандап жауыздың ордасын,
    Болдық біз найзағай майданда!
    Жеңіс туы,
    Жеңіс туы
    Желбіресін мәңгілік!
    Жеңіс жыры,
    Жеңіс жыры
    Асқақтасын жаңғырып!– дей келе, «Жеңіс туы желбіреп» әнін қабыл алыңыздар.

 

2.Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.

 

Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.

 

«Шығыстың қос жұлдызы» әні.

 

  1. Бел шешіп, қабағын ашпаған,
    Бой жазды күлімдеп қалың ел.
    Әлемді апаттан сақтаған,
    Жеңіспен оралды жауынгер!
    Жеңіс туы,
    Жеңіс туы
    Желбіресін мәңгілік!

«Көк ту» әні.

 

  1. В девятый день ликующего мая,

Когда легла на землю тишина,

Промчалась весть от края и до края.

Мир победил! Окончена война!

Квартет «Балдырған», «Катюша».

 

  1. Отаным еркелеймін енді кімге,
    Өзіңмен нені болса көрем бірге.
    Қалайша қабырғама батпас менің,
    Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. «Жас ұлан» әні. 2 «а» сынып Ұлан триосы.

 

  1. Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 69 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе?

Ата-бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.

«Қазақ жігіттері» әнін 3 «ә» сынып атынан қабыл алыңыздар.

 

  1. Зымырап жылдар өтеді,
    Жанымыз жауға ызалы.
    Соғыста өлген атаны,
    Бөбегім сен де ұмытпа. «Катюша қыз»әні.

 

  1. Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
    Ақ сүт берген анасын қорғады,
    Самал ескен даласын қорғады.
    Пәк жүзді арай баласын қорғады.

«Сапқа сарбаздар» әні.  4 «а» сынып. «Бақыт» квартеті.

 

  1. Жасасын Жеңіс!
    Еңбегі барлық солдаттың,
    Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
    Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
    Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

«Қазақтың елі». 1 «а» сынып оқушылары «Балауса» дуэті.

 

  1. Мен соғысты жек көрем!
    Күні ертең – ақ ер жетем!

Туған жерді әлпештеп,
Кірпік ілмей тербетем!

«Аспаным» әні.

 

  1. В эти дни, когда оживает природа, мы остро ощущаем, как прекрасна жизнь! Как дорога она нам! И понимаем, что за всё, что мы имеем — жизнь и праздник в нашей жизни, мы обязаны всем тем, кто воевал, погибал, выживал в тех адских условиях, когда казалось, что невозможно было выжить. За плечами этого праздника страшное время войны, разрухи, миллионы смертей. В год Великой Победы вспоминаем тех, кого с нами нет, и поздравляем тех, кто дошёл до этого светлого дня. « Смуглянка» квартет «Дружба» 4 «б» класс.

 

  1. Жасасын Жеңіс!
    Еңбегі барлық солдаттың,
    Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
    Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
    Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

«Қазақ жастары» әні.

 

Қорытынды:   Балалар Отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет –

ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

 

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!