Лепті сөйлем

239

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыра білу. Лепті сөйлемдердің әр түрлі көңілмен айтылатынын ұғындыру.
2. Дамытушылық: Көркем жазуға дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуда дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушы бойына жарасымды мінез — құлықтың дағдыларын сіңіру, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, спортқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, топтастыру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, медальдар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Сақтайық қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс
— Суретте қандай ойын түрін көріп отырсыңдар?
— Футбол ойынын ойнаушыларды кімдер деп атаймыз?
— Қақпада тұратын ойыншы кім деп аталады?
— Ойыншыларды демеп тұратын көрермендерді кім деп атаймыз?

— Балалар, спорттың қандай пайдасы бар?
(Оқушылар топтастыру әдісі арқылы спорттың пайдасын айтып өтеді)
Төзімділік
Денсаулық
Шыдамдылық
Шапшаңдық
Әлем таниды
Ептілік
«Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарады» деген  қалай түсінесің?
— Спортшылар еліміздің даңқын қалай шығарады?
Лондон олимпиадасы туралы әңгіме жүргіземін.
2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындары болып өтті. Оған біздің елімізден де спортшылар қатысып, нәтижесінде 7 алтын, бір күміс, 5 қола медальға ие болды.
Жеңімпаздарымызды атай аламыз ба? (Слайдтан суреттері көрсетіледі)
Осындай жетістікке жеткенімізге қазақ халқы қандай қуанды десеңізші! Олар сезімдерін қалай жеткізді деп ойлайсыңдар?
— Алға, Қазақстан!
— Алақай, біздің Серік Сәпиев жеңіске жетті!
— Қандай мықты жігіт!
— Міне, жігіт!
— Балалар, осы сөйлемдерге назар аударайықшы. Бұл сөйлемдерден біз нені байқаймыз? Олар қалай оқылады? Соңында қандай тыныс белгісі қойылып тұр?
— Ендеше осыдан кейін қандай қорытыныдыға келуге болады?( Ереже еске түсіру)
Лепті сөйлем адамның көңіл — күйін, сезімін білдіреді (бұйыру, таңдану, өтіну, қуану, тілек, ұран). Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

Оқулықпен жұмыс. «Кел, футбол ойнайық!» ойыны
Шарты: әрбір тапсырманы дұрыс орындасақ, қақпаға гол саламыз.
1)Көркем жазу сәті

Жұмбақты шеш: Шіркіннің өзіне обал-ақ

Жүреді аяқта домалап           (доп)

Дд

Д- ұяң дауыссыз дыбыс

2)Жаттығу жұмыстары

 

195-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.

-Домалақ үй,

Өзі сондай ұнады.

Кімдер салған,

Кімдер мұнда тұрады?

-Біз салғанбыз,

Біз тұрамыз, балалар!

Деп шуылдап

Жауап берді балалар.

196-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

-Мың мін бойында кімнің?

-Жалқаудың бойында мін мың!

(Өзара тексеру)

Сергіту сәті

 

198-жаттығу. Бағанның сол жағындағы көп нүктенің орнына тиісті сұраулық мәнді сөйлемдер  жаз. Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен өзгешілігін дәлелде.

 

Үйді кім салады?         Үйді құрылысшы салады.

Керіктің мойны қандай?       Керіктің мойны ұзын.

Дәрігер не істейді?       Дәрігер ауруды емдейді.

199-жаттығу. Суреттер бойынша әңгіме құра.
IV Бекіту.
Қорытындылау. “Жұмбақ шешу”
1. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)
2. Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )
3. Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем)
4. Ұранды, шаттықты
Өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)
— Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
— Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

  1. Бағалау.
    VI. Үйге тапсырма беру. 197- жаттығу