Қыс қызығы

403

Тақырыбы: Қыс   қызығы.

Мақсаты: а) Сабақ  арнқылы  оқушылардың білімін  байқау, бұрынғы алған білімдерін еске  түсіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
б)  ой  белсенділігіне, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, туған жерінің әсем табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Түрі: Жарыс сабақ.

Әдістері: Ойын, сұрақ – жауап, эвристикалық (сұрақ қою, табу, іздену) топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру.

Көрнекілігі: Сурет, сөзжұмбақ, қима қағаздар, көрініс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, дүниетану, орыс тілі, ән – күй, денешынықтыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Көңілашар.
            Аппақ болып таң атты,
Дала сондай тамаша!
Бастайық енді сабақты,
Тұрсыңдар ғой жараса!

ІІІ. Топпен таныстыру.

      І топ  «Желтоқсан»
Ұраны: Біздің топ – «Желтоқсан»,
Ұланымыз Қазақстан.

     ІІ топ «Қаңтар».
Ұраны: Біздің топ – «Қаңтар»,
Алға жол бастар.
     ІІІ топ «Ақпан».
Ұраны: Біздің топ – «Ақпан»,
Жеңіп шығар топтан.

ІV. Тақырыбымыздың атын сөзжұмбақ шешу арқылы табайық.

                 Сұрақтары.

  1. Өлең жазатын адам.
  2. Тамақты немен ішеміз.
  3. Анаңның ас дайындайтын орны.
  4. Қардан жасалған адам.
  5. Шипалы сусын.
  6. Біздің ұлтымыз
  7. Қымбат тас.
  8. Жастардың ермегі.
  9. Қардан басқа не жауады?

         

     

 «Қыс қызығы».
Балалар, қыс мезгілінің сендерге арнап жазып жіберген хаты бар екен. Қанекей хатын оқып көрейік.

  Сәлеметсіздерме, қымбатты балаларым? Мені шын жақсы көретін болсаңдар, төмендегі менің тапсырмаларыма белсенді түрде жауап беріңдер. Сәлем мен беттеріңнен шымшып сүюші – Қыс.
Ендеше балалар қыстың 1 – тапсырмасын оқып көрейік:

І. Қыс туралы тақпақ, мақал – мәтел, айтып, жұмбақ шешіңдер.

  1. Оқушылар тақпақтарын айтады.
    Жұмбақтар.
    І топқа: Қуып едім мойын бұрмады,
    Ұстайын десем, қолға тұрмады
    (Боран).

ІІ топқа:  Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол – аяқ, қаз тұрады.
(Қар).
ІІІ топқа:  Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам.    (Мұзайдын).
ІІ.  «Кім жылдам?» ойыны.  Үлестірме қағаздармен жұмыс. (көбейту кестесін қалай меңгергендігін байқау).
ІІІ.  «Аққалаға қалпақ кигіз» ойыны. (3 топқа
3 математикалық тапсырма беріледі)
IV. Сергіту сәті. Қар лақтырып ойнау.
V.  «Күн мен түн» ойыны. 1) Сөйлем талдау.
І.  Балалар қармен ойнайды.
               ІІ.  Ұлдар аққала жасады.
ІІІ. Қар қалың жауды.

Бастауыш пен баяндауышты табу.
2) «Адасқан әріптің орнын тап» ойыны.

      І.   п, а, н, а, қ – ақпан
ІІ.  қ, е, л, т, а, н, о, с, ж – желтоқсан
ІІІ.  т, а, ң, қ, а, р – қаңтар.

  1. Лездеме жауап. (әр түрлі сұрақтар).

І.  1. Қалпағы бар, басы жоқ. (саңырауқұлақ).

  1. Бір шаңырақтың астында 4 батыр.
    3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
    4. Машинаның моторы бар, адамның . . .
    5. Аң аулауды кәсіп ететін адам . . .
    6. Бес тышқанның құлағы . . . (10)
    7. Күні бой тынбайды,
    Дәмді тағам жинайды.  (ара)
    8. Досы жоқ адам
    Тұзы жоқ . . .        (тағам)
  2. Үйге кірген және шыққан адамдарға қол береді . . .
    (тұтқа)
    10. Тәуелсіздік алған күн.

ІІ. 1. Күндіз бар, түнде жоқ . . .    (күн)
2. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы . . .   (30)
3. Ішің ауырса . . .  (аузыңды тый)
Көзің ауырса . . .  (қолыңды тый)
4. Күшіңе сенбе,  . . .   (ісіңе сен)
5. Заттың санын білдіретін сөз табы   (сан есім)
6. Тәтті тағам жинайды . . .  (ара)
7.  Орман дәрігері  . . .    (тоқылдақ)
8.  Қолы жоқ, тіспен алады.   (аяз)
9.  Қасқырдың ойлағаны . . .   (арамдық)
Қойдың ойлағаны  . . .    (амандық)
10. Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз.

ІІІ. 1. Орман айлакері  . . .  (түлкі)
2. Екіге бөлінетін сандар  (жұп)
3. Жеті сиырдың мүйізі  (14)
4. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)
5. Цирктегі күлдіргіш әртіс  . . .  (масқарапаз)
6. Шошайып үйілген шөп  . . .   (мая)
7. Бос ыдыста неше жаңғақ бар  (0)
8. Ойнап сөйлесеңде . . .  (ойлап)
9. Ханның бас киімі  . . .  (тәж)
10. Тәуелсіздік — -тәтті ұғым қалай түсінесің?

VIII.  Көрініс  «Екі аяз»
ІХ.   Шығармашылық жұмыс.  (4 жол өлең)

    І.  Қысты мен мақтап,
Айтамын . . .
Әжем береді тәттісін,
Сары майдай . . .

    ІІ.    Қар жауып тұр далада,
Қар жауып тұр  . . .   (қалада)
Қарға толып сай – сала,
Қуанып жүр бар  . . .  (бала)

    ІІІ.  Арайлап атып ақ таңы,
Балалар мәз боп  . . .    (ойнайды).
Күтіп ап Аяз атаны.
Жаңа жылды  . . .  (тойлайды).

Х. «Аққала жасау». Дүниетану.

1) Адам денесі неден тұрады?

2) Адамның қай жерінде бұлшық еттер болады? Қызметі қандай?

3) Сезім мүшелерін ата. (көз, құлақ, мұрын, тіл.)

4) Тыныс алу мүшелерін ата. (мұрын қуысы, кеңірдек, ауа тамыр, өкпе).

5)Ас қорыту мүшелерін ата. (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, бауыр, қарын, ішек, тікішек)

6) Адамның жүйке жүйесі неден тұрады? (ми, жұлын, жүйке тамырлар)

Сапарбай Дильназ тақпақ оқиды.
ХІ.   «Ұйқасын тап». Орыс тілі.  (жалпы)

Лыжи – шаңғы       Санки – шана     Лёд – мұз
Коса – шалғы   Мать – ана   Соль – тұз  Птица – құс

ХІІ.  Ән  «Январь».    (хормен)

Қорытынды.  Жау, жау, қарым, жау, қарым,
Даланың ора жондарын.
Қаланың басып жолдарын,
Жау, жау, қарым, жау, қарым!

Созылды саған қолдарым,

Титімдей құсым, қон, қарым.

Титімдей дәйім өмірдің,

Өзіңдей аппақ болғанын.