Б. Емельянов. Бүркiт

Пәні:Ана тіліСыныбы: 3 «в» сынып
Сабақтың тақырыбы:Б. Емельянов. Бүркiт
Жалпы мақсат:Оқушылар Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін оқыта отырып,түсініп оқып, өз пікірін тиянақты жеткізе білуге үйренеді.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, Интербелсенді әдістеме 18 -19 беттер,
Оқу нәтижелері:Түсініп оқып, өз пікірін тиянақты жеткізе білуге үйренді.
Қолданатын материалдар:Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.
Негізгі идеясы:Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет.
Әдіс тәсілдер:Топпен жұмыс, жұптық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті оқыту,  «Алдын ала   болжау»,

зерттеушілік  әңгіме. Жұппен жұмыс. Табыс критерийлері бойынша бағалау.

Өзін- өзі бағалау. ОҮБ

Дереккөздері:Ана тілі оқулығы. МАН. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Электронды оқулық. Анимациялар.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлеріМұғалімнің іс әрекетіОқушының әрекетіТапсырмалар жүйесі
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.Оқушыларды түрлі түсті стаканмен үш топқа бөлу.

Жылулық шеңбері арқылы балалар бір біріне сәттілік тілейді.

 
Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын бекіту. Кері байланыс жасау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Өлеңді жатқа айтады. Түсінгендерін айтады.
«Проблемаларды айқындау» кезеңі.Миға шабуыл. Магнитофоннан құстардың дауысын тыңдату. Бұл ненің даусы?

Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Топтарға бөліп класстер құрастырыңдар.

 

Сонымен бүгінгі біздің мәтіннің тақырыбы «Бүркіт». Сабақтың мақсатымен таныстыру.

«Алдын ала   болжау» зерттеушілік  әңгіме. Бүркіт қандай құс? Жұптарыңмен бірге бүркіт туралы білетіндеріңді айтып, жинақтаңдар. Адам өміріне пайдасы бар ма?

Оқушылар жауап береді.

Үй құстары     Орман құстары

Дала құстары  топтарына  класстер құрастырады.

 

Оқушылар өздерінің алдына мақсат қояды.

Жұптық зерттеу, топтық талқылау.

INSERT әдісімен кестені толықтырады.

 

«Проблеманы шешу» кезеңі

 

Мәтін мазмұнымен танысу. Б. Емельянов. Бүркiт. Топпен мәтін мазмұнын оқиды. Жауыз адамдар мен бүркіттің әрекетінен не тұжырымдадыңдар?

Ортада талдайды. Нені білгің келеді? Сені тағы не қызықтырады? Басқаша болса қалай болады? Сұрақтарына жауап іздеу.

Мәліметтер бойына пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады.

Оңай және қиын сұрақтар кестесін құрастырады.

«Проблеманы шешімін қолдану» кезеңі

 

Кері байланыс. Топпен жұмыс. 1-топ
1.Жолаушылар қайда келді, олар кімдер еді?
2. Гайдар нені көрді, неге таңырқады?
3. Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қалай білді?

2-топ
1. Жолаушыларды қарт қайда шақырды, қалай күтті?
2.Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды, қандай әңгіме айтты?
3. Әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған деп ойлайсың?
3-топ
1.Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді?
2. Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен?
3.Жауыз адамдар бүркітке не істеді?

 

1.Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
2.Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен»дегенін қалай түсінесің?
3.Өздерің жан-жануарларға қандай көмек жасайсыңдар?

Топпен сұрақтарға жауап береді.

 

Ортада талқылайды. Неге? Не себепті? Не үшін? Сұрақтары арқылы өздерінің жауаптарын толықтырып отырады.

 

 

 

Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу.Бүркіттің пайдасы туралы әңгіме жазып келу.
Қорытынды. Рефлексия. Кері байланыс «Қосу, алу,»
Бағалау.Кестедегі бағалау критерийлері арқылы балалар бағаланады.Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларын жариялайды.