И. Байзақов. Алтай аясында

81
Сабақтың тақырыбы: И. Байзақов. Алтай аясында
Жалпы мақсат: И.Байзақовтың Алтай аясында шығармасының мазмұнын түсінеді, автордың идеясын айтуға дағдыланады. Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен байлықтарын және ақын өлеңіндегі бейнелеуіш сөздермен түсінеді.
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, Интербелсенді әдістеме 18 -19 беттер,МАН, isa-baizakov.psu.kz
Оқу нәтижелері: Шығарманың мазмұнын түсінді, автордың идеясын айтуға дағдыланды. Өзін жан жақты көрсете алуына мүмкіндік алды.
Негізгі идеясы: Таулы жердің қыраны көп деседі, сол қыраны осы болашақ ұрпақ.
Қолданатын материалдар: Интертақта, электронды оқулық, автор портреті мен «Алтай» суреті. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.
Әдіс тәсілдер: 1)Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдер: диалогті оқыту әдістері2)Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Блум таксономиясы

3) Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

4)Ынталандыру әдістері.

Дереккөздері: Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Қосымша интернеттен алынған ақпараттар. Ана тілі оқулығы.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының әрекеті Тапсырмалар жүйесі
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сыныпты үш топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу.  Топ басшыны тағайындау.   
Білу Үйге қандай тапсырма берілді? Бүркіт пен жауыз адамдардың іс әрекетіне қандай тұжырым жасадыңдар? Зерттеушілік әңгімеге тарту. Өткен сабақта не меңгергендерін ортаға салады. Үйден жазып келген әңгімелерін талдау.
И. Байзақов. Алтай аясында. «Ассоциациялық аймақ құру»
— Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді?
— Тау суретін көрсету
— Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру: Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км — ге созылып жатыр. Алтай солтүстік — батыстан оңтүстік — шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан — жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян — Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң — Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).
Оқушылардың іздену жұмыстары тыңдалады. «Қазақстан таулары»
Оқушылар тау туралы білетіндерін ортаға салады. 

Картадан тауларды көрсетеді.

Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян — Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң — Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).

Түсіну Өлеңді мәнерлеп оқып, таныстыру.Өлеңді талдау. Тапсырмаларды орындайды. Топпен кезектесіп бөліп талдайды.
Қолдану Өлеңді шумағымен әр топ талдайды. Алтай туралы өлеңді қара сөзбен талдау. Өзара бағалайды.
Сергіту жаттығуы. Оқушыларды сергіту. Оқушылар билеп, сергиді.
Талдау Сұрақ арқылы оқушылардың түсінігін анықтау мақсатында тақырып соңындағы тапсырмаларды талдайды. Автордың негізгі идеясын тауып айту керек.
Жинақтау Постермен жұмыс. 1-топ. Алтай тауын сипатта.2-топ. Алатауды сипатта.

3- топ. Алтай тауының ерекшелігін айтыңдар.

Топтар өзара талқылап, берілген тапсырманы постерге түсіреді. Ортада қорғайды.
Бағалау Шығармаға деген көзқарастарын білдіреді. Ақын идеясын тауып, оған баға береді.Табыс критерийлері бойынша оқушылар бағаланады. Оқыту үшін бағалау.
Келесі оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағын жаттап алу.
Рефлексиялық кезең Оқушылар сабақта алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.