Жұмбақ есептер

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер

Мақсаты:1.Оқушыларды жұмбақты есеп шығара білуге үйрету,білімдерін шыңдай түсу.

2.Логикалық ойлауды дамыту,тапқырлыққа үйрету, қабілетті оқушылардың шығармашылығын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа,жеңімпаз,жігерлі,намысшыл болуға тәрбиелеу.

 

Түрі: Сайыс сабақ

Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,көрнекілік.

Көрнекілігі: Сигналдық белгілер,жұмбақты есептер,слаидтар.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты топқа бөлу.Әділқазылармен таныстыру.

Сайыстың барысы: Топтар  өздерін таныстырады.

1-топ «Алғырлар» тобы                 2-топ «Тапқырлар» тобы

Алға қарай самғаймыз,                  Бәрін тауып шешеміз,

Екілікті алмаймыз.                         Мақсатқа біз жетеміз.

 

Бүгінгі сайысымыз ІІІ кезеңнен тұрады.

1 кезең «Бәйге» (сұрақ-жауап)

2 кезең «Тапқыр болсаң, шешіп көр» (жұмбақ есептер)

3 кезең «Капитандар сайысы»

4 кезең «Кел,ойнайық» (топтар сайысы)

1 кезең «Бәйге»

  1. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
  2. 1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)
  3. Екі қолда неше саусақ бар?(10 саусақ)
  4. 1сағатта неше минут бар? (60 минут)
  5. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
  6. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамы»қай күн? (22 наурыз)
  7. Бір бұрышта мысық отыр,оған 3 мысық қарап отыр.Барлығы неше мысық?(4 мысық)
  8. Екі қойда неше аяқ бар? (8 аяқ)
  9. Ең қысқа ай нешесіне бітеді? (28 немесе 29 ақпан айы)
  10. Бір жылда неше күн бар? (365 немесе 366 күн)

 

Ал,қанекей,балалар!

Бері таман қараңдар,

Жаңа сабақ бастайық,

Есептерді қиналмай,

Лезде шешіп тастайық!

 

 

 

 

 

 

ІІ кезең «Тапқыр болсаң,шешіп көр»

1 жұмбақ есеп:

Азамат,Ержан,Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрады.Мұғалім: «Ешкім «2» алған жоқ,бірақ бағаларың  әртүрлі, Тоқтар «3»алған жоқ,Ержанның бағасы «3» те емес, «5» те емес»,-деді. Балалардың әрқайсысы қандай баға алған?

 

2 жұмбақ есеп:

Әр қорапта бір шардан бар,олар:сары,қызыл,көк және жасыл түсті. Бірінші қораптағы шар сары емес, екіншісіндегі жасыл да, сары да емес,үшіншісіндегі қызыл да,жасыл да емес ,ал төртіншісіндегі көк те,жасыл да,қызыл да емес.Әр қорапта қандай шар бар?

 

3 жұмбақ есеп:

Самат 2 балықтан,ал Марат бір балықтан ұстап  отырған.Олар барлығы 12 балық

ұстаса,әрқайсысы неше балықтан ұстаған?

 

ІІІ кезең «Капитандар сайысы» (2 минут)

Әріптерден артық әріпті сызып санның атауын айтып бер.

 

ЫҚЕҚРЫ (40)             НСКСЕМЕ (80)

 

ІV кезең «Кел,ойнайық» (2 минут)

1 топ «Балапандарға   көмектесейік»

(? +3)?2=10    Жауабы: (9+3)-2=10

(5+3)+2=10

2 топ» «Үйрекке көмектесейік»

(11 ?2)? ?=3     Жауабы:(11-2)-6=3

(11+2)-10=3

Қорытындылау: Мақтау қағаздар беру