Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

57

Сабақтың тақырыбы

«Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Жалпы мақсаты

Оқушыларды Отанын сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге үйрете отырып, олардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, өз елінің Ата Заңына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі  мол, парасатты, ұлтжанды тұлға  тәрбиелеу;

Оқу нәтижелері

Өз Отанын сүйе біледі, ел рәміздерін қадірлейді, Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады, өз елінің патриоты болуға тәрбиеленеді.

Сабақ типі

Жаңа білімді жетілдіру сабағы

Әдістер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекілігі

ҚР Мемлекеттік рәміздері, суреттер, ватман, маркерлер

Сабақ кезеңдері Уақытты меңгеру

  1. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут
  2. Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -15-20 минут
  3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) –

5-8 минут

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің            іс-әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

 

Топқа бөлу

Қ.Аманжолов. «Қазақстан»

Қазақстан дейтін менің бар елім,                               Жатыр алып жарты дүние әлемін!                          Бұл даланы анам жаспен суарған,                                     бұл далада атам қолға ту алған,                               Бұл далаға жылап келіп уанғам,                                                  Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

СТО стратегиясының «Ширығу» әдісін пайдаланып хормен айтады

Слайд

«Ой шақыру» әдісі

Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Қазақстан қандай мемлекет?

гүлденген

тәуелсіз                                               егеменді

дербес                                                 көп ұлтты

бейбітшіл                            экономикасы дамыған

Оқушылар ватман плакатқа Қазақстан туралы өз білетіндерін жазып шығады

Маркер, ватман

Қызығушылықты ояту  «Кім жылдам?»

1.      Киіз үйдің ең жоғары бөлігі не? р

2.      «Абай жолы» романының авторы?ә

3.      Қара алтын. м

4.      Абылайханның шын есімі? І

5.      Ұлттық мереке . з

6.      Н.Ә.Назарбаев кім? Д

7.      Қазақстан неше елмен шектеседі? Е

8.      Қазақтың ұлттық аспабы. Р

Оқушылар сөзжұмбақты  шешу арқылы ортасында шыққан сөздің мағынасын ашады.

Сөзжұмбақ

Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

 

Тәуелсіз қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Онда 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. ҚР Конституциясы барлық ұлттар мен азаматтардың жан-жақты дамуына, барлығына лайықты жағдайлар жасауға кепілдік береді. Қазақстан жаңа мың жылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Кез-келген мемлекеттің ажырамас  міндетті  белгісі оның елтаңбасы, туы, әнұраны болып табылады.

 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Президентіміз Қазақстан халқына жыл сайын өз Жолдауын жолдап келеді. Биылғы жолдау 18 –ші рет жолданған Жолдау болатын. Бұл Жолдауда Елбасымыз –еліміздің болашақ даму жолын айқындайтын  негізгі жеті бағытты анықтап берді. Соның алтыншы бағыты қазақстандықтардың   сауаттылығын арттыру, елімізде медицина мен білімді дамыту. Қазақстандық мектептердің деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептердің деңгейіне көтеру. Бұл Жолдауда ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу- болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге  осылай қарап, балаларымызға жақсы білім  беруге ұмтылуымыз керек.»-деп көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру.

 

«мың бір мақал» сайысы

 

 

 

3 топқа мақалдың басын бастап беремін, оқушы жалғастыру керек.

1-топ:

Отан оттан да ———————

Ел іші-алтын ———————

2-топ:

Отан от басынан ——————

Туған жерге- ————————

3-топ:

Отансыз адам ———————————-

Туған жердей жер болмас, ———————

Оқушылар мақалдың жалғасын табады.

Мақалдар

«ой толғау»

Мұғалім пікірін жалғастырып дәлелдеу.

1-топ:

Мен Отанды жақсы көремін,—————-

2-топ:

Менің Отаным, ұлан байтақ ——————-

3-топ:

Менің Отаным бай————————————

Оқушылар мұғалім пікірін жалғастырып, өз ойларын дәлелдейді.

 

Шығармашылық жұмыс

—————   ——————-   елім,

—————    ———————  — жерім

—————    ———————    жайқалған.

—————    ———————     жасарған

—————    ——————— — жайған,

—————    ———————— Қазақстан!

Оқушылар сызба арқылы өлең  құрастырады.

 

«Ой түйіндеу»

3 топқа «Қазақстан» деген  сөзден  бірнеше сөз тауып жазу

Оқушылар бір сөзден бірнеше сөз жасауға дағдыланады

Қима бетшелер

Сабақты бекіту. (сұрақ – жауап) әдісі

«Қай топ  жылдам» ойыны.

  1. Қазақстан халқының мемлекеттік тілі?
  2. ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата?
  3. Қазақстан  халқының ұлттық валютасы
  4. Әнұран қалай айтылады?

Әр топ сұрақтарға шапшаң жауап беруге тырысады

Сұрақтар

«Рефлексиялық – бағалау»  кезеңі

Балалар,  сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

 

Рефлексия

«Оқушы үні»

Оқушылармен кері байланыс жүргізу

«Бес саусақ» әдісі

Үйге тапсырма

 

Бағалау.