« Қыс » Абай

Сабақтың тақырыбы:       « Қыс » Абай

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу, бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтыруға, кеңейтуге көмектесу.

Сабақтың міндеттері:  Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап белсенділік таныта отырып, жаңа ақпаратты қабылдауын, сабаққа деген қызығушылығын арттыу, сөздік қорын молайту. Жаман әдеттерден аулақ болуға, бойна жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой – қозғау, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, интерактивті тақта т.б.

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық.

Хормен:                    Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

 

ІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Жақсы балалар, олай болса «тек алға!» — деген ұранмен сабағымызды бастаймыз. Сабағымызды өткен сабақтарды естен түсіруден бастағым келіп тұр. Олай болса, сіздерді мына  сиқырлы сандықшаның бізге дайындаған сұрақтарына жауап беруге шақырамын. Дұрыс жауаптарды таба отырып, жаңа бөлімді бастауға зор мүмкіндік аламыз. Іске сәт тілей отырып, бастаймыз.

 

  1. Еліміздің бас қаласы.
  2. Қырдан келген жас қазақ кім?
  3. Ахметден мұғалімнің 4 жасар шәкірті кім?
  4. Қаракерей . . .
  5. Қорғансыз,панасыз,есеңгіреген халық.
  6. Халық басына күн туғанда,қалың қауымды бастайтын ері болмаса ел не болмақ? – деп

айтқан  батыр кім?

7.Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан.

  1. Қабанбай туралы жырлаған жырау кім?
  2. Малта өлеңінің авторы кім?
  3. Қанжығалы …
  4. Әнұранның әнін жазған кім?
  5. «Дала жұлдызы»мәтінінің авторы кім?
  6. Әліппе оқулығын жазған кім?
  7. «Күз…Қыркүйек айы жаңа ғана басталған кез.Біз Белгібай екеуміз бақшада жұмыс

істейміз» үзінді қай мәтіннен алынған.

  1. Ер … келеді.
  2. Оқу озаты, үздік мерген, батыр қыз кім?
  3. Езілген қазақ елінің бағы үшін туған ер кім?
  4. Дихан Әбілевтің тіл туралы шығармасы.

Туған жерге қыс келді.

 

  • Өте жақсы, өткен сабақты еске түсіре отырып, өткенге шолу жасадық. Және де білімдеріңіздің бар екенін көрсете отырып, жаңа тараудың тақырыбын таптыңыздар. Олай болса, алдағы уақытта жылдың қай мезгілі   мен жақынырақ танысамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Қыс
  • Қыс айлары қандай айлар?
  • Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
  • Өте жақсы, ендеше осы айларға байланыстырып әр топтың атын қояйық.

І топ – Желтоқсан

ІІ топ – Қаңтар

ІІІ топ – Ақпан

  • Әр топты сабаққа белсенді қатысуға шақырамын.

 

  • Олай болса оқулықтарымыздағы І-тппсырмаға назар аударамыз.

 

  • тапсырманы дауыстап оқыту, интерактивті тақтада жұмақтарды көрсету. Әр топтан оқушыларға оқутып, шешуін тапқызу.)

 

  • Өте жақсы, олай болса сабағымызды 2 — тапсырмамен жалғастырамыз

(тапсырмасын дауыстап оқытып, талдау.)

  • Жақсы ендеше «Туған жерге қыс келді» тарауындағы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қыс» атты өлеңін өтеміз.

ІҮ. Ой қозғау

 

  • Оқушылар енді Абай атамыздың атын естігенде ойларыңа не келгенін бірлесе отырып топтастырыңыздар.

(Әр топқа парақша тарату, топпен талдап, талқылау)

Ойларын ортаға салу арқылы қызығушылығын ояту.

  • Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы біраз білетінімізді байқадық. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі.?

 

  • Абай атамызды танытқан жазушы М.Әуезов.

 

  • Қандай шығармасы арқылы?

 

 

  • «Абай жолы» романы арқылы.

 

(Сұрақ-жауап әдісімен жүргізіледі.)

 

  • Жақсы, ендеше Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқимыз.

 

(1-2 оқушыға дауыстап оқыту. Әр шумағын жалғастырып оқыту.)

 

  • Жақсы, сабағымызды ары қарай оқулығымыздағы № 4 тапсырмамен жалғастырамыз.
  • Ақын қысты кімге теңейді?
  • Адамға, кәрі шалға теңеп тұр.
  • Шалдың киімдері қандай?
  • Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан.
  • Киім деп отырғаны не?
  • Ол – жауған қар, қатқан мұз.
  • Өлеңдегі автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
  • Аяз атаға.
  • Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
  • Ол қатал, соқыр, мылқау, адам сияқты.
  • Соқыр, мылқау дейтін себебі не?
  • Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады.

 

— Өте  жақсы балалар, сабағымызды ары қарай оқулығымыздағы  № 5 тапсырмамен жалғастырамыз.

 

(Оқу, талдау, талқылау.)

— Енді балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, барлығымыздың сүйікті әнімізбен бойымызды сергітіп алайық.

 

Ү. Сергіту сәті.

Ән:  Аппақ,аппақ жапалақтап…

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.   2 рет

 

Мұғалім:

—  Жақсы балалар осы көңілді көңіл –күйімізбен  дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазамыз.

 

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

 

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.

Долдану – ашу,ыза

                        (Немесе: жыл мезгілдерін жаздыру.)

 

ҮІІ. Бекіту.  «Шығармашылық тапсырмалар.»

 

Жақсы балалар, барлығымыз қыс туралы көптеген мағлұматтар алдық, білетінімізді ортаға салдық.Енді ойларымызды қорыту мақсатында сіздерге төмендегідей шығармашылық тапсырмалар ұсынғым келіп отыр.Бұл тапсырмаларды  топпен бірлесе отырып орындаймыз.

«Желтоқсан» тобы

 

Қыста қандай мейрамдар бар? Олар туралы жаттаған өлеңдеріңнен

үзінді айт.

                                            «Қаңар» тобы

Оқулықтағы № 6 тапсырма.

Төмендегі суретте Абайдың қысына ұқсастық барма? Бар болса қандай?

«Ақпан» тобы

 

  • «Мен қыспын» тақырыбында монолог құру, оқу, қорғау.

(Яғни жансыз табиғатты, жыл мезгілінің образына ену арқылы монолог құру)

 

 

(Әр топтан 1 оқушы  жұмыстарын қорғайды.)

 

 

 

ҮІІІ. Жаңа сабақты қорыту.

  • Жақсы балалар, данышпан ақынымыздың әрбір өлеңін бір-бір құнды дүние деуге болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Жаман әдеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, болашақта бізден халық қамын жеген, Отанымыздың тамаша азаматтары шығары сөзсіз. Бүгінгі жақсы оқуымыз, біліміміз – ертеңгі байлығымыз дей отырып мен сабақты аяқтаймын.

 

ІХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Суреттпен жұмыс. Сурет салып келу