Сын есім

53

Сабақтың  тақырыбы:   Сын есім

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.

 

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын . Шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар, тест.

 

Әдісі:  ақпараттық технологияны қолдану, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер, ой-толғау, сөйлем құрастыру.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика.

 

Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Кіріспе сөз:

 

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.

 

 

  1. II. Үй жұмысын тексеру.

 

  1. Етістік дегеніміз не? осы шақ
  2. Етістіктің шақтары өткен шақ

                                                                       келер шақ

 

осы шақ өткен шақ келер шақ
 1  1  1
 2  2  2
 3  3  3
 4  4  4

 

III. Сөзжұмбақты шешу.

 

  1. Жанды сағат, айқай салады.
  2. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды.
  3. Жерде туып көкте өледі.
  4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады.
  5. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
  6. Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін.
  7. Өзі жап-жас мұрты бар,

   Ет пен сүтке ұмтылар.

 

 

 

Балалар қай сөз табы шықты?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы балалар сын есім.

Сын есім дегеніміз не?

Қандай сұрақтарға жауап береді?

 

 

 

  1. Оқулықпен жұмыс жасау.

430 жаттығу.   Шыршамызға тағылған

          Қызыл, жасыл моншақтар

         Жер ақ көрпе жамылған,

        Қандай қызық сол шақтар.

Өлеңдегі сын есімдерді тауып, астын сызып көрсетіңдер.

 

  1. “Менің бағытым” ойыны
  2. тәтті жар
  3. тік адам
  4. тегіс қант
  5. суық қоян
  6. сұр су
  7. ақылды жер

 

  1. Оқулықпен жұмыс жасау.

432-жаттығу (ауызша).

Ақыл, ой, білім, өнер.

Біл, жүз, тап, тер.

Осы сөздерден сын есім жасап айтыңдар.

            VII. “Сиқырлы сандар” ойыны.

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
а т щ і ы к с қ ұ р

 

 

 

 

 

 

                                VIII. Оқулықпен жұмыс жасау.

434 – жаттығу.

Заттың түсі Көлемі Дәмі

             Сөйлем құрап айту (ауызша).

  1. Ақ көйлегім бар.
  2. Үлкен сөмке әкелді.
  3. Алмұрт тәтті екен.
  4. IX. “Бұл не? Бұл кім?” ойыны.

Сипатталған заттарды тап.

  1. Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл не?
  2. Домалақ, жұмсақ, үрленген – бұл не?
  3. Ащы, қызыл, жасыл – бұл не?
  4. Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк – бұл не?
  1. Сын есім тауып жаз.

            XII. Тест.

XIII. Үй тапсырмасы:  433- жаттығу. 132 бет.

Білемін Білдім Білгім келеді

XIV. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар.

 

  1. Оқушыларды бағалау.