Күз- береке

70

Күз- береке

Тәрбие сағатының мақсаттары:

1.Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.

2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.

  1. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Асылжан:Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар жанкүйер, әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайысыста көңілменен қол соғайық.

Мөлдір:Біздерде ойын-сауық  басталады,

Тамаша күй тартылып,ән салады

Қошеметтеп, қол соғып отырайық

Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.

Асылжан:Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі  «Күз – береке » сайысына қош келдіңіздер!

Мөлдір:Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз,

Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.

Жан мен тән сұлулығын тепе-тең ғып,

Бар елді өзімізге қаратамыз.

Асылжан: Ал енді бүгінгі   «Күз-береке» мерекесіне қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық!

Мөлдір:Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

(таныстыру)

Асылжан: Құрметті қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымыздың бірінші бөлімін таныстыру кезегіне берейік.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады)

Мөлдір:  Сайысымыздың 2 бөлімі- «Жұмбақты жапырақтар»

(Жапырақтардың артында жұмбақтар жазылған)

( Фаризаның орындауында би)

Мөлдір: Картоптың қандай дәмді де пайдалы екенін барлығы біледі.Қатысушыларға картопты өнімді жинауды ұсынамыз.Ойынның аты «Картопты жинап ал».

(Сайыскерлердің көздері байланады, қолдарына шелек беріледі, қай жұп көп картоп жинаса сол жеңеді)

Асылжан: Сайыскерлеріміз шаршаған шығар, дем алсын. Ал сіздер  Даринаның орындауында  ән  тамашалаңыздар.

(Даринаның әні )

Мөлдір: Жүзіктің өзінен де – көзі қымбат.

Ақынның сыйлығынан – сөзі қымбат —

дегендей      сайысымыздың 4 бөлімі – «Поэзия минуты». Әр жұп дайындаған  өлеңдерін оқиды.

(Өлеңдер  оқылады)

Асылжан: Жарнама. Күзгі киім үлгілері.

(    Балалар  күзгі киім үлгілерін  көрсетеді)

Мөлдір: Әрбір  ақын –жазушы  өзінің өлеңдерінде, шығармаларында  күзгі мезгілді суреттеген.Ендеше біздің сайыскерлеріміз  де  күз  мезгілін  қағазға түсіреді. Келесі бөліміміз  «Қылқалам  шебері»  деп  аталады.

1 жұп-Күз  мезгілі, алтын  күз салады.

2 жұп-Күз мезгілі, қатты  желді  салады.

3 жұп-Күз мезгілі, құстардың ұшып бара  жатқанын  салады.

4 жұп-Күз  мезгілі, бақшаны  салады.

-Олар сурет салғанша біздің сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

(Флешмоп    биі)

Асылжан: Татсақ  тағамның дәмі қандай

Барша  жұрт  көзбене  қызыққандай.

Күзгі  тағам дайындап әзірлеуде,

Қанеки? Қайсымыз жылдамбыз –ай?

(Әр жұп өздерінің дайындаған тағамдары  туралы айтады)

 

Мөлдір: Ортаға күзде туған оқушыларды шақырамыз.

(Мұғалім оларды құттықтап, от шашуын шашады)

Мөлдір: Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,

Өмір –күрес, жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң  оны  ұғатын.

Сайысымыздың  қорытындысын  шығаратын  әділқазыларға  сөз  берейік.

(Әділқазылар қорытындылайды)

 

Асылжан: « Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрермендер  көбейсін күннен – күнге

Келе берсін  қонақтар  ғарыштан  да

  • деп «Күз-береке» сайысын аяқтаймыз.