Құстар -біздің досымыз

109

Құстар -біздің досымыз

Мақсаты : Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру.

Дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту.

Табиғатты сүюге,құстарды аялауға тәрбиелеу.

Адамгершілік, экологиялық тәрбие беру.Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі : суреттер,құстардың суреттері,нақыл сөздер,құстар туралы сюжетті көріністер,интерактивтік тақта. «Қызыл кітапқа» енген құстар туралы,буклеттер.

 

Қолданылатын жаңа технологиялық әдістер: деңгейлік тапсырмалар,

Ой шақыру.

 

Сабақтың барысы :

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

 

Құрметті ата-аналар,ұстаздар ,оқушылар !

«Көк құрақ –көлдің сәулеті,құс пен аң ердің сәулеті» дегендей,адамдардың хайуанаттар ішінен ең жақсы көретіні құстар .Олардың мың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды.Қанатты достарымызды республикамыздың қай жеріне барсақ та, кездестіреміз.Өйткені,туған өлкенің климат пен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне, мүмкіндік жасайлы.Сонымен құстар мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1-жүргізуші : Табиғатта да,адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен,сымбатты да сұлу,алуан түрлі сыртқы көрінісімен  ормандарды, саябақтарды,шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

 

2-жүргізуші :

Адам құстарды спорттық және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп,баптайды. Құс атаулының бәрі пайдалы.Құстардың қай-қайсысын болса да қорғау керек.Құстардың саябаққа,бау-бақшаға,егістер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап,ұсақ құстарға қыста жем шашып, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау –табиғатты көркейтіп,,құстарды аялай білудің негізгі шарты.Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.

1-жүргізуші : Ал,балалар ,халайық,

                        Бәрің бері қараңдар.

                        Тіршіліктің бастауы,

                        Көктем келді далама,

                       

                        Құстармен бірге ,қол соғып

                          Көктемді қарсы алайық.

 

Көктем :           Сәлем,достар аман ба ?

                          Мынау бейбіт заманда.

                          Құс көктемнің жаршысы,

                           Шаттық болсын әманда.,

                          Қуантамын бәріңді.

                          Құс мереке күнімен.

2-жүргізуші :    Жылы шуағымен гүл өсіріп,

                           Жыл құстарын ілестіріп,

                           Көрікті көктем келіпті,

                           Сәлем елдің көктемі,

                           Әлем енді көктеді.

                           Құрметпенен бас идік,

                           Құстарына көктегі.

Хор : «Мектеп вальсі»

 

Көктем :    Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақтың шешуін тапсаңдар, біздің тәрбие сағатымыз одан бетер ажарлана түспек.

  1. Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай,

Ұшса оқтай зырлайды.

Көктен жұлдыз аққандай.       (қарлығаш)

 

  1. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып

Тоқ-тоқ соғады.                        (тоқылдақ)

  1. Заң жоқ еш уақытта,

Оларды атуға.

Түсі де аппақ,

Аты да аппақ.                       (аққу)

 

  1. Биікте ұшып жүреді,

     Елік ,қоян бүреді.

      Қия таста ұясы,

      Бұл қай құс кім біледі ?       (Бүркіт)

  1. Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады.?           (Ақ көгершін)

 

1-оқушы : Қарлығаш адамның досы.Үйге ұшып кіреді,шыбынды құртады.

Ел аузында санитар-тазалықшы деп атайды.                     

2-оқушы : Тоқылдақ-орман дәрігері,орман құсы. Балға тұмсығымен  ағаш қабығының зиянкестерімен күреседі.

3-оқушы : Аққу-достықтың,махаббаттың белгісі.Құстың сұлуы,табиғаттың көркі.

4-оқушы : Бүркіттің біздің елімізде жеті түрі бар. Олардың арасындағы ерекше ғажабы –қыран бүркіт.Құс бегілері      аң аулау үшін, құс салған,құс аң алған.Бүркіт қыран құс.

5-оқушы : Ақ көгершін-бейбітшілік құсы.Қолға уйретілген,ақ қанатты нәзік құс.

 

Көктем : Ал,балалар сіздер құстардың пайдасы,олардың қаншалықты өмір сүретінін білесіңдер ме ?

 

6-оқушы : Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.Қазақстан республикасында 474 құстың түрі бар екен.

 

7-оқушы : Үйіміздің маңайында жүретін кіп-кішкентай торғайдың өзі 1 жылда 4 млн.-ға жуық жәндіктерді жеп құртады.

 

8-оқушы : Халық «Көкек келді дегенше,көктем келді десейші»дейді.

Көктемнің бір айын көкек деп те атайды. Көкек бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші,  және заузақоңыздардың жұмыртқасын жейді екен.

9-оқушы : Аққу -300 жыл,тау қыраны 150-170 жыл.,бүркіт пен тоты 120 жыл,қарға 100 жыл, жабайы қаздар 80жыл,әнші құстар 20-30 жыл,бозторғай 13-14 жыл.ал тырналар 40 жыл өмір сүреді екен.

 

 

 1-жүргізуші : Ән: «Құстар қайтып барады» орындайтын квартет.

 

 

10-оқушы : Құстардың ең қырағысы- сұңқар.Ол 1 км қашықтықтан титімдей жәндікті көреді екен.

 

11-оқушы : Құстардың ішіндегі ең жүзгіші –пингвин.Ол сағатына 3 шақырым жерге дейін жүзе алады.

12-оқушы : Егер торғай дыбыс шығармай, бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды. Ал қарғалар топтанып қарқылдаса,аяз болады.Ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса,қар жауады.

 

13-оқушы. Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.Ауа-райы бұзылады. Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

 

1-жүргізуші :» Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы.

 

Көктем : Балалар, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал-мәтелдері қаншама десеңізші.

Ал,сіздер құстар туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме ?

 

14-оқушы : Аққу құссыз –көл жетім,

                     Айтылмаған сөз жетім.

15-оқушы : Қарға баптанып,сұңқар болмас,

                     Есек мақтанып,тұлпар болмас.

 

16-оқушы :  Аққу құсқа оқ тисе,қанатын суға тидірмес.

                     Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.

 

17-оқушы :  Қилдағыны қыран көреді,

                      Ұядағыны жылан көреді.

18-оқушы : Бала бүркіт барлап ұшар,

                     Балапан бүркіт шарлап ұшар.

 

 2-жүргізуші :   Би:  «Қазақ биі» орындайтын қыздар тобы.

 

   2- жүргізуші :   Көрініс : «Бұлбұл мен тоқылдақ»

Бұлбұлдың ролінде Жұмалиева Мөлдір

Тоқылдақтың ролінде  Салауат Нұрзат

Автор – Исламағзом Диана

 

19-оқушы : Ой,балалар,балалар,

                    Аман болсын аналар,

                    Құстарда да ана бар,

                    Құстарда да бала бар.

                    Кім сүймейді баласын

                    Балалық қып қызбайық,

                    Құс ұясын бұзбайық.

                    Жұмыртқасын алмайық,

                    Обалына қалмайық,

                    Көп күнәға батпайық,

                    Балалар мұны ұғыңдар,

                    Уәдеден шығыңдар.

 

20-оқушы : Біздің міндетіміз қанатты достарды қорғау.

Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқасын жаруға,жазықсыз жәбірлеуге ,рақымсыздық жасауға ,өлтіруге жол бермейік!

 

 

 

 

21-оқушы : Ұя салдым құстың алдынан,

                     Болсыншы ол өмір панасы.

                     Өзімдей сәби балдырған,

                      Өссінші құстың баласы.

 

1-жүргізуші :

Құрметті достар,көктем жаршысы,                            адамзаттың досы болған құстарды аялайық.оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз  алдыңа    Еліміздің болашағы –білімді ұрпағында.

Білім аспанында қалықтап ,құсша шарықтап ұшайық.Елімізде бейбітшілік болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанымызда шарласын !

Білімге қарай талпынған балапан қанаттарың талмасын !

 

(Қолдарына ақ көгершін ұстаған оқушылар А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін хормен орындайды.