Құстар-біздің досымыз!

Сабақтың тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз!»

Сабақтың мақсаты:       Оқушылардың табиғатқа деген  сүйіспеншілігін арттыра отырып, жануарлар мен  өсімдіктердің түрлерімен таныстыру.

“Қызыл кітап” туралы  түсінік беру

Тәрбиелік:  Табиғатқа деген сүйіспеншілігін   ояту,адамгершілікке тәрбиелеу,заңды   қорғауға,Отанға адал қызмет етуге     тәрбиелеу.

Білімділік: Жаңа сабақты игерту,Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Ақыл – ойын,ой — өрісін дамыту,танымдық  белсенділігін арттыру.

Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру,сұрақ –жауап

Пайдаланатын құралдар: Суреттер,топқа бөлуге қажетті құралдар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:      І.  Ұйымдастыру кезеңі.    

Күннің сәні – шуағымен,

Қыстың сәні – қырауымен.

Көлдің сәні – аққуымен,

Оқушы сәні – біліммен.

ІІ.Музыка ойнап тұрады.Залға «Көктем»кіреді.

Көктем.

Көктем,

Сен қыздайсың.

Әдепті бұзбайсың.

Көгалың кілемің

Жайнатып,гүл өңің.

Әйтеуір сен келсең,

Дүрсілдеп жүрегім

Жүгіремін,күлемін.

Себебі не екенін

Өзім ғана білемін.

( Көктем болып киінген оқушы )

 

Сәлем,достар,аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Ән саламын құс үнімен,

Сәнденемін нұр гүлімен.

Қуантамын бәріңді,

Құт-береке күніммен.

Ал,құрметті ,халайық,

Мерекені бастайық.

Жұмбақ шешілсін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық!

Жұмбақ шешу.

Күзде кетеді,

Көктемде келеді.  ( Жыл құстары )

Балалармен достасып

Бақты құрттан қорғайды,

Күзде кетер қоштасып

Кім біледі … ( торғайды )

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып,

Тоқ-тоқ соғады    ( тоқылдақ )

 

Мұғалім: Тақтада үлкен теректің басында тоқылдақтың қонып отырған суретін көрсете келе әңгімелейді.

Ерте-ертеде жапан түзде жалғыз Терек өмір сүріпті.Жастайынын айналасына сүйсіне қарап ержетіп,бұғанасы бекіп кемеліне келген кезінде кенеттен сырқаттана бастапты.

Бұтақтары сынып,қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті.Құрты көбейіп,әр жерін тесе бастапты.Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма ?

 

-Уа,жаным-ай,жаным.Енді не қылайын.Құрт ауруына шалдықтым.Өзегімді тесіп жеп барады,бұтақтарым сырқырайды,жапырақтарым сыздайды жәрдем ете көріңдер.-деп  терек күні-түні көмек сұрайды.Оның даусын естіп Ақ көгершін ұшып келеді.

-Терек ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін,дегенмен іздеп келейін,-деп ұша жөнеледі.

Хор: «Ақ көгершін»әні.

Көгершін ұшып келе жатып сауысқанға жолығады.Оған бар жайды баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр»,-дейді.

-Сауысқанның уақыты жоқ болса,біз көмектесіп құстар жайлы Деректерге көңі бөлейік.

Аққу 30-40 жыл өмір сүреді.Құстың жауы жыланның өзі аққудың жұмыртқасына тимейді екен.Жазда 3-4 жұмыртқа басып шығарады.
Аққу жұп болып жүреді және өте тату болады..

Қараторғай өзі кіп-кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Өзі сүйкімді,адамға үйірсек.Жем беріп аз күн аяласаң,
үй маңынан шықпайды.Жаз бойы 4 миллиондай  құрт жейді.

Неше құс?

Көлден ұшса жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қане,кім тез шешеді?  (5қаз )

Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ,бірқазан,

Екі үйрек,бір сазан,

Бір көксерке,бір қарға

Қосылды кеп бұларға.    ( 12 )

Тауықтардың біреуі

Бес балапан шығарды.

Көптен күтіп жүр еді,

Інім қатты қуанды.

Он жұмыртқа бастырған,

Қарай алмай шаршады.

Тауығының астында

Жатыр әлі нешеуі?

( 5 балапан)

Көгершін одан әрі ұшып қалың тоғайдың маңынан Қырғауылды көріп,мән жайды айтып еді,ол да өзінің көмектесе алмайтынын айтады.Қырғауыл үшін біз көмектесіп жіберейік.

Халық болжамдары:

  • Шағала келсе,сең бұзылады.
  • Жыл құсы қаптап келсе,көктем тез шығады.
  • Қарлығаш өрлеп ұшса,күн жылы,құрғақ болады.Ал егер жер бауырлап ұшса,жаңбыр жауады.
  • Көкек қатты әрі жиі шақырса,күн жылынады.
  • Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр  жауады,Ауа-райы өзгереді.
  • Сары шымшық шақырса –шынымен күз болғаны.
  • Шымшық ұя салса ,қыс қатты болады.
  • Қарға қарқылдаса жауын-шашын болады.

Көгершін одан әрі ұшып,ққалың тоғай ішінен бұлбұлдың үнін естіп мән-жайды оған да баяндайды.

-Кешір,Көгершін.Маған ренжіме,менің өз кәсібім бар ғой.Менің әнімді ормандағы аңдар,құстар түгілі адамдар да жақсы көреді.Мен үшін адамдардан көмек сұра,-дейді.

Кәне,бұлбұлдың тілегін орындап тапсырма орындайық.

«Сөз қуаласпақ» ойыны: Ол құстар туралы болсын.

Жапалақ-Қарлығаш-Шымшық-Қарға.Көгершін әрі ұшып кетеді.

Дүние жүзінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар екен.
Ал елімізде 500-ге жуық .Қазақ халқы әншісін бұлбұлға,ардақты азаматын сұңқарға,қыранға ,хас сұлуын аққуға,ез жігітін жапалаққа теңеген екен.

Елімізде  жойылып бара жатқан өсімдіктерді,аң-құстарды қорғауға алынған «Қызыл кітап» бар.Бұл кітапқа енген құстарды ,аңдарды атуға, аулауға тыйым салынған.

Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді.Оған да теректі емдей көр деп тілек өтініш  айтады.Сонда Аққу:

-Мен қасиетті де киелі ұұспын ғой.Мен бұл жерден кете алмайиын.Маған көп құстар келеді.Ақыл-кеңес сұрайды.Мен саған да ақыл айтайын.Сен осы тоғайда үйсіз-күйсіз ,жұмыссыз жүрген құстар бар ,солардың бірін тап та ,өтініп көр.Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп,Теректі емдеп қалар,-дейді.

Аққу бізге де ақыл сөздер айтыпты.

 

Тыйым сөздер:
-Құстың ұясын бұзба.
-Жасыл шөпті жұлма.
-Аққуды атпа.
-Жалғыз ағашты шаппа.
-Құстардың жұмыртқасын жарма.

Көгершін Аққудың ақылын тыңдап,ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады.Ол құс көгершіннің тілегін орындап,онымен бірге Терекке келіп,оның өзегін құрттан тазартады.

Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар бұл қандай құс .Балалар:Тоқылдақ,тоқылдақ.

Мұғалім:Олай болса бүгінгі ертегілерімізге қандай тақырып ойлауға болады.

Балалар:

Тоқылдақ-орман дәрігері.

Мұғалім:Содан бері әлгі Терек жайқалып өсіп тұр екен.Тоқылдақтар ағашты құрттардан ,шіруден сақтайды.Ал жасыл өсімдіктерді,ағаштарды күтсек,біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.

-Өте жақсы,құстар өте пайдалы,олар ағаштардың құрттарын шоқып жейді.Сонда ағаштар жақсы өседі,ауадағы зиянды заттарды бойына жұтып,таза ауа бөліп шығарады.Сол таза ауаны біз жұтамыз.

Білгенге маржан

  • Ең үлкегн құс ( түиеқұс, 80-90 кг )
  • Қанатсыз құс ( киви )
  • Ең көп құс ( торғай )
  • Ең сәнді құс ( тауыс )
  • Ең суыққа төзімді құс ( пингвин )
  • Ең кішкентай құс ( колибри, 2г )
  • Ең ұшқыр құс ( шымшық,сағ,320 км )

Мақал-мәтелдер

  • Сасқан үйрек артымен жүзеді
  • Соқыр тауыққа бәрі бидай
  • Құс жаманы- саңғығыш,

Адам жаманы-қаңғығыш.

  • Сауысқан тоты боламын деп

Жүрісінен жаңылыпты.

  • Балалы үйрек көлден кетпес,

Баласы жас елден кетпес.

Табиғатты қорғау ережелері:

  • Көгалды жерлерді таптамау
  • Өсіп тұрған ағашты, жас талды сындырмау
  • Орманда кездесетін құмырсқа илеуін бұзбау.
  • Құс ұясын бұзбау
  • Жеміс ағаштарының түбін әктеу
  • Өсіп тұрған ағаштың қураған бөлігін  кесіп, кескен жерін сылау
  • Орманда, бақта қоқыс тастамау
  • Көктемде ұшып келетін құстарға ұя жасау
  • Қыстап қалатын құстарға азық дайындау

 

Ойын: «Құстарға көмек»

  • Құстардың қандай пайдасы бар?
  • Құстар,өсімдіктер мен жануарлар  «Қызыл кітапқа не үшін енеді?

Табиғатты сүю керек, қорғау керек,

Ол біздің – азаматтық борышымыз!

          Ситуациялық сұрақтар

  • Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?

 

  • Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?

 

 

Табиғатты сүю керек, қорғау керек,

Ол біздің – азаматтық борышымыз!