Құстар

51

Сабақтың тақырыбы: Құстар

Сабақтың мақсаты:Құстар олардың түрлері ,пайдасы жөнінде әңгімелеу.

Сөздік қорын молайту,сөйлеу шеберлігін арттыру.

Қамқорлыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд ертегіге арналған бетперделер,ұя,дөңгелекшелер,құстар суреттері,буклеттер.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың  жүрісі: 1.Ұйымдастыру

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Сақналық көрініс.Бетперде киіп балалар шығады.

 

3.Үй тапсырмасын қорыту.

Көгершіндер тапсырмасын орындау.

-Балалар көгершіндер біздерге бірнеше тапсырмалар әкеліпті.Сол тапсымаларды орындайық.

-Қарлығаштың балапандарын не жемекші болды?(жылан)

-Қарлығаш қай құстардан көмек сұрады?      (қарға,көкек)

-Қарлығашқа не кездесті?

-Дәуіт не істеді?

4.Жаңа сабақ.

Мында жасырын сөз бар.Оны шешу үшін мына суреттердің бас әріптерін қоюымыз керек.

 

 

Қ Ұ С Т А Р

 

Ондағы сөз шыққаннан кейін,оқушыларға сөзді оқыту.

-Балалар ,біз бүгін сабағымызда құстар,олардың түрлері,пайдасы туралы білеміз.

 

Құстардың әр-түрлі дыбыстарын шығару.

Суреттер көрсету арқылы пайдасы жөнінде түсіндіру.

5.Сергіту:

«Ұшты-ұшты» ойыны

Ұшты-ұшты торғай ұшты,

Ұшты-ұшты дәптер ұшты.

6.Ойын ойнау

-Жел тұрып ,ағаш басында тұрған ұядағы балапандар жерге құлап түсіпті.Біз қазір сол балапандарға көмектесіп , оларды ұяға салайық.

Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

Жұмбақ шешу

Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)

Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)

Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)

Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді, зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

1.Сауысқан ,аққу,балапан сөздерін буынға бөлу.

2.Қарға сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3.Ұя сөзіне сөйлем құрау.

4.Бейбітшілік құсы қай құс?

«Ақ көгершін» әні

-Жақсы біз құстарға көмектестік.Құстар-біздің досымыз.Біз құстарды қорғауымыз керек.

Сабақты қорыту:

Сұрақ-жауап алу

Оқушыларды мадақтау.