Жас Архимедтер сайысы

175

Тақырыбы: Жас Архимедтер сайысы

Сайыстың мақсаты мен міндеттері.

 

-Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау

— Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,  тапқырлығын, шапшаңдығын,  таным белсенділігін арттыру.

— Сұрақтарға  математикалық тілмен мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту.

 

Көрнекілігі:

Плакаттар, кестелер, ойынға қажетті заттар

 

Барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі:

әділқазылар алқасын сайлау, топтарды бір-бірімен таныстыру

 

2.Бөлімдер:

І «.Тапқырлар» сайысы

ІІ. «Байқағыштық» бөлімі

ІІІ. «Ғажайып үштік» бөлімі

ІV. «Зерде» бөлімі

VІ.Жанкүйерлер сайысы

 

1 оқушы:

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Есеппен бастарыңды қатырамыз.

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңді толтырамыз

 

2 оқушы:

Қиын есеп оңай-ақ шығар,

Миды егер шынықтырсаң.

Жеңімпаздар алға озар

Математиканы болса ұғар

 

3 оқушы:

Архимедтей жаңалықтар ашар,

Болса үміткер, сайысқа түсер

Ұлы математик ізін басар

Бізде жоқ па талапкерлер?

 

4 оқушы:      

Біреуінің жүрегінің түбі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар,-демекші алдарыңызға  «Білгірлер» мен «Зеректер» тобының мүшелерін шақырамыз.

 

І. «Тапқырлар» сайысы .

Әр сұрақ 10 ұпайдан бағаланады

 

«Білгірлер» тобына сұрақтар:

1) Күнпарақта 2009жыл. Цифрлардың қосындысы 11-ге тең.Неше жылдан кейін цифрларының қосындысы қайталанады?  (9)

2) Параққа нүкте қойылып ол арқылы төрт түзу жүргізген.Түзулер парақты неше бөлікке бөледі ? (8 )

3) Текшенің көлемі 125 куб см. Қабырғасы нешеге тең ?/5 см./

4) Басталатын нүктесі бар сызық (сәуле)

 

«Зеректер» тобына сұрақтар:

  • Үш баланың салмағы 72 кг. Айдардың салмағы екі бауырының салмағына тең.Айдардың салмағы қанша ? (36)
  • Санның жүзден бір бөлігі.(пайыз)
  • Шаршының периметрі 44см, қабырғасы нешеге тең ?(11)
  • Екі жағы тұйықталған сызықты не дейміз? (кесінді)

 

    ІІ. «Байқағыштық» бөлімі :Екі топқа да тапсырма бірдей беріледі , топтың тез бірінші жауап  беруі ескеріледі

 

 

 

 

 

  1. Суретте неше үшбұрыш бар? (10)

 

  1. Өстім мен суретте жалғыз,

Өтірік емес, шындық  нағыз

Суреттегі адамның ұлы

Әкемнің ұлы наныңыз .

Суреттегі адам кім?

А)менің атам  Б) менің үлкен атам В) менің әкем Г) менің ұлым

 

  1. Бос торкөзге оны қоршаған тор көздердің қосындысын жаз:.

          а =5 ,  б=6,  в=7

в б в в  
 а   б б а
а в а в б
б б   а а

 

ІІІ. «Ғажайып үштік» бөлімі :

«Білгірлер»тобына:

  • Машина таудан төмен түскенде қай дөңгелегі айналады?
  • тек қана 9 цифрын төрт рет пайдаланып 20 санын жаз. ( 99:9+9)
  • Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш қалады? /5бұрыш/
  • Екі ағайындылардың жастарының қосындысы 35-ке тең.Егер біреуінің жарты жасы және екіншісінің жасының бөлігіне тең болса, олар қанша жаста?

 

«Зеректер» тобына :

1) 1т. мақта әлде 10ц мақта ауыр ма?

2) тек қана 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын жаз.    (6*6-6)

3) Екі стаканға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердік. Қай ыдыста су көп ? /бірдей /

3) Бір тауар 23 теңге тұрады. Сатып алушыда тек 3 теңгеліктер, ал кассирде тек 5 теңгеліктер бар. Ешбір теңгені ұсақтамай-ақ кассир мен сатып алушы қалай есептеледі?  (3*11=33             33-5*2=23)

 

  1. «Зерде» бөлімі

Сандарға байланысты мақал-мәтел жарысы. Әр мақалға 5 ұпайдан беріледі.

 

  1. «Бәйге» бөлімі /1минут аралығында ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру, әр дұрыс жауап 1ұпай /

«Білгірлер» тобына:

1) Шеңбердің кез-келген нүкте мен цифрын қосатын кесінді. (Радиус)

2) 1 кг тоннаның қандай бөлігін құрайды? (1/1000)

3) Бір бөлке нан 24 теңге тұрады? 6 бөлке нан қанша тұрады? (144 теңге)

4) Ең кіші натурал сан(1)

5) 124 санының төрттен бір бөлігін тап

6)Шаршы қабырғасы 25см.Ауданы қанша?

7)Екі санның қосындысы 607,қосылғыштарының біреуі 19-ға тең.Екінші қосылғышты тап.

8)1т608кг-708кг=

9)Қандай санға бөлгенде немесе көбеткенде бөлінгіш пен көбейткіш өзгермейді?

10)Ең кіші екі таңбалы, ең кіші үш таңбалы және ең кіші төрт таңбалы

сандардың қосындысы неше?(1110)

 

«Зеректер» тобына

1) Шеңбердің центрі арқылы өтетін кесінді? (Диаметр)

2) 10 кг-ның 1/5-ін тап? (2кг)

3) 1/5-і 20-ға тең сан тап? (100)

4) 8 метрдің 3/4-ін тап? (6 метр)

5) Ең кіші бір таңбалы сан

6)Текшенің қабырғасы 9см. Көлемі қанша см ?

7) Мақсат бір сан ойлады.оны 20-ға кемітті.Нәтижесіне 21-ді қосқанда 112

шықты.мақсат қандай сан ойлады ? (111)

8) 4мин 24сек-40 сек =

9)Шарбақ құру үшін балташылар арасы 2 метр 5бағана орнатты. Шарбақтың ұзындығы неше метр ?

10) Ең үлкен  екі таңбалы, ең кіші үш таңбалы және ең үлкен үш таңбалы

сандардың қосындысы неше?(1198)

 

  1. Жанкүйерлер сайысы:

1 50 аяқты екі қолды,

50 аяқпен салады жалғыз жолды./ара  /

2) 100 мүйізі бар, үстінде киізі бар. (Киіз үй)

 

3)Жиырма төрт батыр

Бірін-бірі жеп жатыр. (Дойбы)

3) Екі қатар тал шарбақ

Күндіз алыспайды, қабыспайды

Түнде қабысады         (Кірпік)

 

4)Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсеткен,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді.                  (Бөлшек сан)

 

  • Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізі

Дәл жауапты қостадым.                              (Шеңбер)

 

VІ.Қорытындылау:

Әділқазылар алқасының шешімімен үздік топ анықталып,

Сайыскерлер марапатталады..

 

 

 

 

 

Бапкерлер Төртбұрыш қабырғалары 90см және 8 дм ауданы нешеге тең? (72дм2)

 

Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6кг)

2) Бір кішкене қыз атасынан: «сіз нешедесіз?» деп сұрайды? Сонда атасы: «Менің жасымды 6 есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады». (72 жас)

 

1,2,3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады.? (9

Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі