Пысықтау ,10 ,көлеміндегі ,сандарды ,қосу , азайту

47

Тақырыбы: Пысықтау    (10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту)

Мақсаты: Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін,

санды өрнектер, санды салыстыру, есеп шығару дағдыларын  пысықтау, қайталау.

Дамытушылық: Ойын есептер  арқылы оқушылардың  ойлау қабілеттерін

                             дамыту, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: тапқырлыққа, алғырлыққа, іздемпаздылыққа, танымдылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, өрнектер.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

         Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

138- –беттегі № 5 тапсырмадағы теңсіздіктерді ауызша  оқытып тексеру

ІІ. Жаңа сабақ

Балалар, бүгін  біз  математика сабағында  «Алтын   қақпа » ойынын  ойнаймыз. Бірақ  алтын қақпаға  жету  үшін тас қақпадан,  күміс қақпаға күміс қақпадан  алтын  қақпаға  өтуіміз керек. Әр қақапаның  өз иесі бар екен. Егер алтын  қақапаға жетсек, алтын кілтке  қол жеткіземіз. Алтын  кілтті алғыларың  келе ме?

Білімдеріңді  фигурамен  бағалаймын.  (шаршы, жұлдызшамен)

  • Тас қақпаның иесі  қоян  екен балалар. Егер  қоянға  сәбіз жинауға

көмектессек, қоян  бізді  ары қарай  өткізеді.

«Сәбіз  жинау»  ойыны. Әр  сәбіздің артында   өрнектер жазылған.Өрнектерді пайдаланып  теңсіздік құрастыру.  138-б. № 1

5 + 4                    8+2                      6- 3

9 — 5                     2+4                      4 +3

 

Тас қақпа ашылады.

2)Күміс  қақпаның  иесі  кім екен  балалар?   Аю екен.

Математикалық  диктаннт  (жауаптарын ғана жаздыру)

2 мен 3-тің қосындысын                          3 –пен 3-тің қосындысын

6 мен4-тің қосындысын                           7 мен 1-дің қосындысын

8 бен 2 –нің қосындысын                        10 мне 3-тің айырмасын

5 пен 2-нің айырмасын                                     9 бен 1 –дің айырмасын тап.

 

3)  Міне, балалар,  біз сендермен  Алтын  қақпаға  да  жеттік.Алтын қақпаның  иесі  аң  патшасы  арыстан  екен.

Арыстан бізге  бірнеше тапсырмалар дайындапты.Егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң,  алтын  кілтке  ие  боламыз.

  • ші  тапсырма: Оқулықтағы  139 -б.  № 2 тапсырмада құрастырып жаздыру Қысқаша жазылуы  бойынша есептер құрастыру
  • ші тапсырма: Балалар, сендер шаршадыңдар,  аздап  дем алып алыңдар – дейді.

 

Сергіту  сәті

Орнымыздан  тұрайық,

Қолды  белге  қоялық.

Иіліп  солға  бір,

Иіліп  оңға  бір,

Алға  қадам басайық

Орынымызды  табайық.

 

3 — ші тапсырма: Ойын  «Ойлан  тап»  Шығармашылық тапсырманы орындату

1) Амал  таңбаларын қой:

5* 4* 3 * 2 * 1 = 5                      5 – 4 +3 +2 -1 =5

2) Мына шаршыға  1,2,3,4  цифрларын әрбір көлденеңнен, тігінен  бірдей  цифрлар болмайтын  етіп  орналастыр.

 

1
2
3
4

 

1 4 3 2
 4 1 2 3
 2 3 4 1
3 2 1 4

 

 

 

 

 

4-ші тапсырма: / Өздігінен жұмыс / Дәптердегі  33- бет №4 тапсырманы өздігінен орындайды.

Орындаған тапсырмаларын  оқытып тексеру

 

ІV. Сабақты  қорытындылау:

Тізбекті  мысалды есепте:

               

8

 

                  +2          3      -1                 — 2              + 3                                    

Алтын  кілтті  табыс ету.

 

ІV. Бағалау:  Фигураларын  санау.

  1. Үйге тапсырма: 138 –бет № 3