Логикалық ойындар

212

Логикалық  ойындар

Құрметті  әріптес,  мектептерде  бастауыш  сыныптан  ақпараттану  сабақтары  жүргізіле  бастады.  Көбінесе  сынып  жетекшілері   береді.  Ұстаздарға  көмек  болсын  деп  біраз  ойын  топтамасын  жіберіп  отырмын.

 

№1.  Кубик  жасау  үшін  неше  шаршы керек?

№2 . Тіктөртбұрыштан  қалай шаршы  жасаймыз?

№3. Қағазды  4-ке  бүктеп,  ортасынан  кессе  неше  бөлік  болады?

№4. Ат  сиырдан  қарарақ,  сиыр  иттен  қара Ең  қарасы  қайсысы?

№5. 2  таяқшаның  неше  ұшы  бар?  2,5 таяқшада  ше?

№6. Қыздың  4  лентасы  болды. 1-уін  теңдей  2-ге  бөлді. Қызда  қанша  лента  болды?

№7. Аулада  қаздар  жүрді. Дана  6  аяқ  санады. Аулада  қанша  қаз  бар?

№8. Ағашта  бірнеше  құс  отырған.  Оларда  8  қанат  болды.  Ағашта  неше  құс  отыр. ?

№9. 2  бала  3  сағат  шахмат  ойнадлы.  Әр  бала  неше  сағат  ойнады?

№10. 2  қатар  полкада 3-тен  кітап  болды.  Тағы  кітап  сатып  алдынды  да, әр  полкаға  бұрынғыдай  кітап  қойылды.  2 қатар  полкіде  неше  кітап  болды?

№11. Бауырсақ  қонақ  үйге  келеді. 1  күнге  1  теңгеден  төлеу  керек. Бауырсақта  1  теңгелік  және   3  теңгелік  бар  еді.   3  күн  тұрса  қалай  есеп  айырысыр  еді?

№12. Әкесі  мен  баласына  40  жас.   3 жылдан  соң  оларддың  жасы  қанша  болады?

№13. Дана  13  пен  18  жұлдыз  аралығында  туды. Туған  күнін  табу  үшін  неше  сұрақ  бересіз. «Ия», «Жоқ»  деген  жауап  қана  қабылданады. 1 ші  сұрақ  қандай  болады?

№14. 1  ден 1000 –ға  дейінгі  сандар жазу  үшін  қанша  цифр  керек?

 

 

 

 

Алматы  облысы. Райымбек  ауданы.  Сарыжаз  орта  мектебінің  информатика  пәні  мұғалімі. Орманова  Құралай.