Құмырсқа мен көгершін. Жұп дауысты дыбыстар

162
 Мұғалім Кадырова Назгуль Кайыржановна Сынып  1 «А» — сынып
Пән Ана тілі Күні 30 қаңтар
Сабақтың тақырыбы Құмырсқа мен көгершін. Жұп дауысты дыбыстар.
Сабақтың типі Аралас
Мақсаты Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылары туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы,і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу, мәтінді шапшаң, дұрыс, түсініп оқуға машықтандыру, диалог арқылы негізгі ойын тауып, пікірін айтуға үйрету,  сөздік қорын дамыту, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу, жұмыстарын бағалауға машықтандыру.
Күтілетін нәтиже — Алдында алған білімдерін жетілдіреді;

-Мәтіді мәнерлеп, шапшаң оқуға машықтанады

-Диалог арқылы мәтіннің негізгі ойын табуға үйренеді;

-Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, ұқыпты орындауға үйренеді.

Түйін Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Диалогтік оқыту – функционалдық сауаттылықты дамыту құралы.
Түрі Ертегі– сабақ, интеграциялық
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, миға шабуыл, топқа бөлу, ТРИЗ технологиясы, диалогтік оқыту
Ресурстар «Ана тілі» оқулығы Алматыкітап 2012ж., №2 жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, ватман,
Сілтеме Әдістемелік құрал, интернет желісі
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Мұғалім жазбалары
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Қызығушылығын ояту 3-4мин Амандасу.

Шаттық шеңбер:                                                                                                                                               

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң, мектеп!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

— Енді қонақтармен амандасайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау салтымыз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

-Ал қазір сабақта ұстанатын ережелерді есімізге түсірейік:

Тәртіп сақтау;

Сұрақтарға қол көтеріп, жауап беру;

Уақытты үнемдеу;

Бір-біріңді тыңдау, сыйлау;

Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің шумақтары бойынша топқа бөлу

-Ақын туған өлке сұлулығын қалай бейнелеген?

-Бұл өлең қандай көңілмен айтылады?

-Туған өлкең үшін сен істер едің?

-Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгін сабақта «Құмырсқа мен көгершін» әңгімемен танысып, ы-і жұп дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін анықтаймыз.

-Ертегі тыңдауды жақсы көресіңдер ме?

-Бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Бір-бірімен , ашық сабаққа келегн мұғалімдермен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін айтады.

 

 

 

 

Топқа бөлінеді.

Мәнерлеп оқиды.

Сұраққа жауап беру арқылы ақынның ойын ашады.

 

Мұғалімді тыңдайды.

 

 

 

 

1 Білу 5-8 Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде,

Қаратаудың ойында,

Қарасудың бойында

Темірбатыр деген өмір сүріпті. Ол құс атып, аң аулағанды, аңшылықпен айналысқанды жақсы көреді екен. Күндердің бір күнінде Темірбатыр аңға кеткенде көптен аңдып жүрген мыстан кемпір айдай ажарлы, келбетті де сұлу қалыңдығын ұрлап кетеді. Темірбатыр жүйрік тұлпарына мініп, мыстандар еліне аттанады. Күннен күн, айдан ай өтеді. Бір күні алдынан биік қақпа пайда болады. Қақпа тарс жабық. Қақпада «Уа, қасиетті пендем! Егер қақпадан өткің  келсе, тапсырмамды орында» деген жазуды оқиды.Қане, барлығымыз да Темірбатырға көмектеселік.

І. Миға шабуыл.

-Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыз: «Өткені білмей , қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын » дегендей «Өткенге шолу» жасаймыз.

— Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Жауабы: 42 әріп, 40 дыбыс бар

-Қай әріптер дыбысталмайды?

-Қанша қосарлы дыбыс бар? Атап беріңдер?
— Әріп дегеніміз не, дыбыс дегеніміз не?
Жауабы: Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.
— Дыбыстар қалай бөлінеді?
Жауабы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
— Жуан дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (а, о, ұ, ы)
— Жіңішке дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (ә, е, ө, і, ү)

-Қандай дауысты дыбыстар әрі жуан, әрі жіңішке болып естіледі?  (и,у)

Топтық жұмыс.

Сөздердегі дауысты дыбыстарғды тап, түрін ажырат және жұптарын тауып, бір-бірімен сызықпен қос.

І-топ:  сан, от, сән, өт.

ІІ-топ: тыс, ұн, тіс, үн.

ІІІ-топ: төрт, сұр, торт, сүр.

Ертегі үзіндісін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегінің бірінші тапсырмасын орындайды.

Дыбыс, әріп тақырыбын еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта жұмыс істейді.

Спикер топтың жұмысын қорғайды.

Критерий:

-жуан немесе жіңішке екендігін дұрыс айтты;

-толық жауап берді;

-жұптарын дұрыс табу.

2 Түсіну 10-12 мин Темірбатыр қақпадан кірген сәтте, өткел бермес суға тап болады. Ол судан өтпек болып қанша талпынғанымен судан өтуге ешқандай мүмкіншілік болмай қалады. Сол сәтте судан алтын балық шығып, судан өткісі келсе, тапсырмаларды орындау керектігін айтады

Жұмбақ шешу.

Қиналып көтеріп,

Өзінен ауырды.

Жорғалап кетеді,

Жүкшідей кәдімгі.    (құмырсқа)

Бейбітшілік құсы деп,

Атайды оны барша жұрт.  (көгершін)

Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқимыз.

Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды. Ұстазы Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады.

Венн диаграмма арқылы салыстырып көрейік.

Көгершін
Құмырсқа

 

-Көгершін, құмырсқа жайлы не білетіндерін сұрау.

Қосымша жас ерекшелігіне қарай дерек беру.

-Жұп дауыстыларды сәйкестендір» тесті

Ұ      ө

Ы    е

А     і

Ы-і дыбыстарына қатысты жаттығуды орындаймыз.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу.

-Бірінші әрпі ы-дан немесе і-ден басталатын сөз құрап, жетіспейтін буынды  жазамыз.

Ертегінің келесі үзіндісін тыңдайды.

 

Алтын балықтың шарты бойынша тапсырманы орындайды.

Жұмбақ шешеді.

 

 

 

 

 

Әңгіменің авторы С.Көбеев туралы қысқа мәлімет алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгіме кейіпкерлерін өзара салыстырады.

 

 

Әңгіме кейіпкерлері жайлы білетіндерін анықтайды.

 

Құмырсқа, көгершін сөздеріндегі дауысты дыбыстардың жұптарын табады.

 

 

Ы-і дыбыстарына қатысты жаттығуды орындайды.

 

 

Сергіту сәті 2мин Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға бір қарады,

Солға бір қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

Өлеңді қимылмен көрсетеді.
3 Қолдану 5-7мин Тапсырмалар орындалып болысымен, су екі айрылып, Темірбатыр жағалауға, арғы бетке өтеді. Бұл ну орманнан өту үшін  «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін мәнерлеп, түсініп оқуымыз  керек. Қанеки, бәріміз  ер тұлғалы Темірбатырға көмектеселік.

1.Мәтінді мен оқып беремін.

2.Сөздік жұмыс.    Сусап — шөлдеп

3. Оқушылар тізбектеп оқиды.

4. Ы-і әріптері бар сөздерді тауып оқыңдар.

Ертегі желісі бойынша келесі тапсырманы тыңдайды.

Мәтінді тыңдайды, тізбектеп оқиды.

 

 

 

 

Ы-і әріптері бар сөздерді тауып оқиды.

4 Талдау 3-4мин Ну жынысты, қалың орманның шетіне шыққан Темірбатыр ордалы жыланға тап болады. Тілдерінен зәрлі у шашқан, аяқ алып жүргісіз жыландар арасынан ордабасы шығып, «Тапқыр болсаң, тауып жаз» тапсырмасын орындау керектігін айтады.

-2-жаттығу.

Ы-і әріптерінің тиістісін қойып жаз.Түсіндір.

Жыланны ң тапсырмасын орындайды.

 

 

Дәптердегі 2-жаттығуды орындайды.

5 Жинақтау 5-6мин Осынау сезім иірімдеріне әсер еткен өлеңнен соң жыландар Темірбатырды шығарып салады. Бір мезгілде Темірбатырға ыстық леп сезіледі. Келе — келе бет қаратпас ыстық отқа тап болады. Сендер білесіңдер ме отты қалай сөндіруге болады? (топырақпен, сумен немесе киізбен)

Олай болса, тезірек тапсырманы орындап, отты сөндірейік.

«Мені тап» тапсырмасын орындаймыз. Оқулықтағы суретке қарап, нені табу керектігін анықтайық. 44-бетте 63 – жаттығу.

графикалық тесті  орындасақ, Темірбатыр таудың басына бірінші болып шығады.

1. Жуан дауыстыдыбыстарды тап.
O. ә, е, і, ү, и □. а, о, ы, ұ
2. Жұпдауыстыныбелгіле.
O. ү – ө □. ы – і
3. Тыссөзінеұқсасдыбысталатынсөздітап  бөлу

O. тіс □. тас
4. Анаңныңәкесі –
O. ата □. нағашыата
5. Дауыстыдыбыстарқалайайтылады?
O. созылып □. созылмай

Ертегі желісі бойынша Темірбатырға өртті сөндіруге көмектесу үшін оқулықтағы суретпен жұмыс жасайды. Ы-і әріптері бар жануарларды атайды. Ауызша.

 

 

 

 

Графикалық тесті орындайды.

6 Бағалау 1-2мин Оттың ыстықтығы қайтып, Темірбатыр өтіп кеткен соң, алдынан үлкен тау кездеседі. Тау теңселіп, қозғалып, оған қарай жақындап келеді. Бұл дәу екен. Дәу Темірбатырды сайысқа шақырады. Сайыста білімділер ғана жығады. Сондықтанбүгінгі сабақта «Білімшыңына» шыққан оқушыларды атаңдаршы. Белсенді болған балаларды атап, өзара бағалайды.
Үйге тапсырма 1мин Барлық шартты орындаған Темірбатыр қалыңдығымен кездесіп, көзайым болып, еліне келіп, үлкен той жасайды.

43-44 беттегі мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй жұмысн жазады.
Кері байланыс «Тілек ағашына»