Зат есімнің септелуі

72

Сабақтың тақырыбы :   Зат есімнің септелуі

Білімділік :  Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік  жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын   меңгерту.

Дамытушылық :   Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте   сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :  Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге,  жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :  Жаңа сабақ

Сабақтың типі :  Жаңа білімді меңгерту.

 

Сабақтың әдіс – тәсілдері :  Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

 

Сабақтың көрнекіліктері :  Септіктер кестесі, суреттер, «Жетіген» музыкалық

аспабы.

Пәнаралық байланыс :   Ән — әуен, математика, сурет, ана тілі

 

Сабақтың барысы :

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Топқа бөлу.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Орнын тап» ойыны

Кесте толтыру

 

Заттар, нәрселер Өсімдіктер, жемістер Жануарлар Адам Табиғат құбылыстары
Парта,

терезе, орындық, дәптер

Жусан, қарақат,

өрік, бүлдірген

Қоян,

түлкі,

барыс, арыстан

Дәрігер, мұғалім, зергер,

тігінші

Найзағай,

жел,

дауыл, жаңбыр

 

Керекті сөздер :   Терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс,

зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші, жаңбыр.

 

  • Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.
  • Не байқадыңдар?
  • Қандай қорытынды жасауға болады?

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көбейту кестесі

 

  2 3 4 5 6 7 8 9
2 З Ң
3 А С
4 Т І Е
5 Е І
6 С Н П У
7 І М Т
8 Е Л
9

 

4 9 16 20 18 14 35 30 24 12 27 32 36 49 64 72 54 45

 

З А Т Е С І М Н І Ң С Е П Т Е Л У І

 

 

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :  Зат есімнің септелуі.

  • Олай болса, мына суретке назар аударайық.
  • Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап — Жетіген.

Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінде қазақ тілі елінде, «Септік» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.

— Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.

— Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.

— Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» — дейді.

— Жатыс атты аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» — деп бесінші ішекті тағып егіледі.

— Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» — деп егіледі.

— Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын» — деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.

— Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.

ІҮ. Ой қозғау.

 

— Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал

— Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

— Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

— Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

— Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

— Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

— Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? — деді.

 

Ү. Сұрақтар сыры.       Әнші, жетіген.

 

Не ? — Жетіген

Ненің ?  — жетігеннің

Неге ? — жетігенге

Нені ? — жетігенді

Неде ? — жетігенде

Неден ? — жетігеннен

Немен ? – жетігенмен

 

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес —  өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.

Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.

Мысалы, кімнің кітабы?  Асанның кітабы.

 

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

 

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

 

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.

Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

 

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

 

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кіммен таныстың?  Асанмен таныстым.

 

 

 

 

Зат есімнің септік жалғаулары

 

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? — ның, — нің, — дың, — дің, — тың, — тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? — ға, — ге, — қа, — ке
Табыс септік Кімді? Нені? — ны, — ні, — ды, — ді, — ты, — ті
Жатыс септік Кімде? Неде? — да, — де, — та, — те
Шығыс септік Кімнен? Неден? — нан, — нен, — дан, — ден, — тан, — тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? — мен, — бен, — пен

 

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

 

281 — жаттығу.

Қарлығаш, қарлығаштың, қарлығашқа, қарлығашты.

 

Тапсырма :

  1. Сөздерге сұрақ қой.
  2. Олардың қай септікте тұрғанын айт.

 

282 – жаттығу.

             1 – топ                                                        2 — топ

            Оқушы                                                      Ауыл

Үздік кім?                                           Қайдан келді?

Кімді көрді?                                        Ненің жанында көл бар?

Кімге берді?                                       Демалыста қайда барамын?

Кімнен сұрады?                                 Мен нені ұнатамын?

 

Тапсырма :

  1. Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз.
  2. Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

 

Сергіту жаттығуы.

 

 

 

 

 

283 – жаттығу.

 

1 – топ                                                 2 – топ

 Суретші                                           Қайың

 

Тапсырма :

Сөздерді септеп жаз.

 

 

 

285 – жаттығу.

 

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды.

 

Тапсырма : 

  1. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
  2. Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

 

ҮІІ.  Қорытынды.

 

Гүлдер ойыны

 

Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостақандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.

 

ҮІІІ. Бағалау.

 

 

ІХ. Үйге тапсырма.

 

 

  1. 285- жаттығу
  2. Зат есімнің септелуі (ереже)