Сан есім

53

Cабақтың  тақырыбы : Сан есім

Сабақтың  мақсаты: 1.Оқушылардың сан есім туралы  білімдерін  

                                     жүйелеу,  толықтыру

2.Сауатты  жазу  дағдыларын  жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу.

3.Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту,  қиялын  ұштау.

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:  баяндау,  әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар  мен суреттер,  шығармашылық   тапсырмалар

 

Сабақтың  бөлімдері Сабақтың  жүрісі
Ұйымдастыру  бөлімі Оқушыларды  сабаққа  әзірлеу
Үй  тапсырмасын  тексету 400 — жаттығудың  берілісін  бір  оқушы  оқиды.Қалғандары  тексеріп  отырады.
Өткенді қайталау Ережелерді сызба  бойынша  қорытып шығарып, еске түсіру

 

 

 

 

 

 
-зат есім, сын есім, етістік,  сан есім

 

Жаңа сабақ -Сан есімнің ережесін  қорытып  шығарып алу, сұрағын анықтау, сұрақ  қою

Дәптермен  жұмыс

Күннің  жадын  жазу , тақырыпты  хабарлау

Көркем  жазу  мәуреті

Кк Көркем кесте  тігеміз,

     Кілем  сырын  білеміз

Терме  диктант( сан есімдерді  табу)

Елу  метр  есіктен,

Еңкеюмен  шақ  кірдім.

Жүз қасқырды  өшіккен,

Бір қозыға бақтырдым.

-Өтірік  өлең  деген не? Басқа  қандай өтірік өлең  немесе  мақал-мәтел  білесіңдер?

 

Оқулықпен  жұмыс 404-жаттығу

Сандарды сөзбен  жазып, сөйлемдерді көшір.

-Бұл сандар нні  білдіреді?Уақыт өлшемдерін анықтаңдар.

Шығармашылық  тапсырма:

«Менің  бір күнім»

Бір күн ішінде  қандай істер  жасағаны туралы  шағын  ой толғау  жазып,  сыныптастарымен  бөлісу.Жақсы ісі мен  ұнамсыз  қылықтары  туралы  да  айта  кету.

 

Сергіту сәті Ойын :  «Кел,  жаңылмай санайық!»

 

  405-жаттығу

Мәтінді  оқып, сан есімдердің  қай сөздерге  қатысты екенін айт.

 

Шығармашылық  тапсырма:

Көп нүктенің  орнына тиісті  мәліметтерді  қойып, мәтін  құрастыр.

   Ақтау  қаласы  мен Жаңа Өзен  қаласының арасы … км. Жолда … км-ден  соң Қарақия ойпаты кездеседі.Оның  теніз деңгейінен … м төмен  орналасқанын  білеміз. Маңғыстауда  … әулие  бар.

 

Бекіту Ойын «Жина, таңда»

Оқушыларға  карточкалар  тартылып  беріледі де, әрқайсысы сұрағына  қарай сөз табына бөлінеді:

 

 

Сын есім Сан есім Етістік Зат есім
 

 

 

 

     
 

Қорытынды  бөлім

 Үйге  тапсырма  беру

406-жаттығу

Бағалау

Сабаққа  жақсы  қатысқан  балаларды  бағалау