4-сыныптың математика пәніне арналған үлестірмелі дидактикалық материалдар

414

4-сыныптың математика пәніне арналған үлестірмелі  дидактикалық  материалдар

 

Алғы сөз

Математика  пәні қызық та, күрделі  пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәй-кес, уақыттың болуына қарай  өткен тақырыпты  қанша- лықты  меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырма- лар  ұсынып  отырамыз.Бұл жұмыс түрі баланың бағдар- ламаға қаншалықты  түсінгенін көрсетеді,әрі  өз бетімен  жұмыс  жасау дағдысын  дамытады, математикалық  бі- лімді  жүйелейді.

Ұсынылып  отырған  жинаққа енгізілген  тапсырма- лар мұғалімнің  жұмысын  жеңілдетеді  деп  ойлаймын. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары  мен  та -рауларына  сәйкестендірілген:

1.Көп таңбалы  сандар

2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер

3.Теңдеулер  және оларды шешу

4.Геометриялық фигуралар және  олардың қасиеттері

5.Есептер  және  оларды шығару

«Математика  ақыл-ойды  тәртіпке келтіреді»,- деген  рас.Соған  орай  берілген  тапсырмалар  да  мазмұнына сай  шартты  белгілермен көрсетілді:

  • Оқы және есептеп жаз
    • Қызықты тапсырмалар
      • Сызу жұмыстары

Бұл құрал оқушылардың математика сабағына  қызы- ғушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін  меңгеру үшін тиімді  де, пайдалы  болсын  дегім келеді.

 

 

 

 

 

 

3

  Көп таңбалы  сандар

1-тапсырма

  • Сандарды өсу  ретімен жаз:259, 206,251,219,291,20
    • Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқай-

сысы  неше  сағат ойнады ?

 

2-тапсырма

  • Разрядтық қосылғыштарға жікте:318,504,415,7506.
    • Дорбадағы 10 асықты  он бала  бір-бірлеп алды.

Сонда   бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?

 

3-тапсырма

  • Амалдарды орында:

5м 12 см           491           105         5 км   6 дм  97 см

3м 15 см          293            178          2 км   2дм  68 см   

 

  • Бір килограмм темір мен бір килограмм  мақтаның  қайсысы  ауыр?

 

4-тапсырма

  • Мына сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар?

865, 35 мың,  972 мың,  4 млн 671 мың 507 ?

  • Қарындашты қағаздан  көтермей,бір рет жүргізіл- ген сызықтың үстінен қайталап  жүрмей, бес жұлдыз -шаны  қатар салуға  бола ма?

4

 

5-тапсырма

  • 4,0,2,3 цифрларын пайдаланып, қандай  көп таңба-

лы  сан  құрастыруға  болады?Әр цифрды бір ғана рет пайдалану керек. Құрастырған сандарыңды  разрядтық  қосылғыштарға  жікте.

 

6- тапсырма

  • Амалдарды орында:

201·3-(125+207)               624:3+(800-485)

125+235-120·2                 315:3+(175-105)

& Арбаға  жегілген 2 ат 40 км  жол  жүрді. Сонда  бір ат  неше км  жол  жүрді?

 

7-тапсырма

@ 3м 4 см 6 мм * 3м 1 см 9 мм

6м 8см 3мм * 7 м 9 см 2 мм

3 т 7ц * 35 ц

3 тәул 26 сағ * 4 тәул

! Қабырғаларының  ұзындығы 5 см 3 мм, 4см 9 мм және 7 см 2 мм  болатын  үшбұрыштың периметрін табыңдар.

 

8-тапсырма

&  1-ден 100-ге  дейінгі  қатарда  неше бірлік  бар?

5

Шамалармен  жүргізілетін есептеулер

1-тапсырма

@ Килограммен  өрнекте:

65 т 5 ц, 7 кг, 15 т 6 ц 17 кг, 72 т 3 ц 15 кг.

!Үшбұрыштың бір қабырғасы 5 см, ал екінші қабырға- сы одан 3 см ұзын, үшінші қабырғасы екіншісінен 2 см қысқа.Үшбұрыштың  периметрін тап.

 

2-тапсырма

@ Жасырынған санды  тап:

5 мм :       = 5мм                        кг·100 = кг

& Әкем кешкі сағат 9-да  ұйықтауға  жатты,ал сағатты  шырылдауға 10-ға қойды.Ол қанша сағат ұйықтап алды?

 

3-тапсырма

@ Мотоциклші 10 км/сағ жылдамдықпен 3 сағатта қан-ша  жол жүреді?

 

4-тапсырма

@ Кесте  бойынша  есеп  құрастырып жаз

Қозғалыс иесі Жылдамдық Уақыт қашықтық
Жаяу адам 4  км/сағ ? 20 км
Атты адам ? 4 сағ 48 км

 

 

 

6

5-тапсырма

@ Сызба  бойынша  есеп құрастыр және  шығар.Бұл қоз- ғалыстың  қай  түріне  жатады?

3 км/сағ                                           5 км/сағ

А                                    P                                                 С

Екі  қаланың арасы   24  км

 

 

6-тапсырма

& Екі қыстақтың арасы  10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі  шақырым алға  жүріп, бір шақырым артқа  ке- йін  қайтады. Қырсық  жолаушы екі араны  неше  күнде өтеді?

 

7-тапсырма

& Бөшеде 200 л  бензин бар еді.Одан бірнеше литр бен- зин құйып алғанда,онда құйып алғаннан 4 есе артық бен-зин қалды.Бөшкеде неше литр  бензин қалды?

 

8-тапсырма

@ Жолаушы  барлығы 800 км  жол  жүрді.Поезбен жүр- геніне  қарағанда автобуспен 300 км  кем жол  жүрді. Автобуспен 50 км/сағ,ал поезбен 55 км/сағ жылдамдық- пен жүрсе, жолаушы  неше сағат  жолда болды?

 

7

9-тапсырма

@ Суреттегі  мәліметтерді  пайдаланып, есеп  құрастыр

?

? 2 есе артық

 

60 км/сағ

 

А                                                                                                    Т

480 км

10-тапсырма

! Тік төртбұрыш тәріздес аулада         7 алма ағашы өсіп тұр.Үш түзу сызықпен ауланы 7 бөлікке бөлу керек. Сонда әр бөлікте бір алма ағашынан  қалатын болсын.

 

11-тапсырма

& Ғимараттың төрт қабырғасы бар.Әр қабырғаға арала- рын бірдей етіп 3 жалаудан тігілген.Ғимаратқа  барлығы неше  жалау ілінген?

 

12-тапсырма

!  Қырлары 4см болатын текшенің  көлемін тап.

 

 

8

Теңдеулер  және оларды шешу 

1-тапсырма

@  4 · а = 640            24 640 : а=4      а : 3021 = 4

 

2-тапсырма

&  «Барлығы неше  қарға?»

Келеді ұшып екі  қарға,

Топ  достарын ертіп  осы  талға.

Болды  елу әлгі  жиын

Санағанда  демей  қиын

Болмаңыздар әбігер

Табылар ебі бәрі  бір.

Айтар есеп  шартын кім,

Теңдеу  құру  тәртібін?

(Жауабы: 2+Х=50

Х=48)

3-тапсырма

@ Есептің  шешуін теңдеу құру арқылы шеш.

Теледидар 28000 теңге тұрады.Ол шаңсорғыштан 4 есе қымбат.Шаңсорғыш қанша теңге тұрады?

 

4-тапсырма

@ Бір санды 1000-ға бөлгенде нәтижесінде 2 шығып, 947 қалдық қалады.Белгісіз санды тап.

9

5-тапсырма

@Тиісті санды  тауып  жаз және  жазуды  аяқта

Х ·5 = 945                                       742 : Х = 7

Х = 945 :                                               · Х==

Х =

  • 5 = 945

= 945

 

6-тапсырма

! Сурет  бойынша  теңдеу  құр және есепті шығар

Бір кесіндінің  ұзындығы бірнеше  дм,ал екінші ке- сіндінің үзындығы 10 дм.Біріншісіне 2 дм жалғаса,ал екіншісінен 3 дм қиып алса олардың ұзындықтары  бір- дей болады.Бірінші кесіндінің ұзындығын тап.

х дм                  /  х+2дм

х дм                 /х-3дм

 

7-тапсырма

! Сурет бойынша есеп құрастыр және  оны теңдеу арқылы  шығар

Х  дм                                                      2 дм

 

 

 

10дм

10

8-тапсырма

@ Мына  жазулардың ішінен  теңдеулерді  теріп жаз:

7+9=166,    127-х=136,     5· у=316       (а+15):7 =43

& Үлкейген сайын  жеңіл  болатын не?

 

9-тапсырма

@ Қысқаша жазу  бойынша есеп құрастыр және  оған теңдеу  құр.

Таңертең-45 кг

Кешке -?  сонша

Түсте-? одан 5 кг артық

 

10-тапсырма

@ Кестені  толтыр.

х 6 000 24 000 305 000 4 000 000
Х:10
Х:100
Х: 1000

 

Қай санға  бөлу  оңай?

 

11-тапсырма

@ Өрнектердің  мәндерін  тап

с· 60, мұндағы с = 17     b: 60    мұндағы b  = 2820, 2920

 

 

11

Геометриялық фигуралар және  олардың қасиеттері

1-тапсырма

@ Мына  фигураның ауданын тап:

 

 

1дм                                       3дм

 

2дм

 

2-тапсырма

! Қабырғасы  1 дм  шаршы сыз.Оның ауданын  тап.Осы  шаршыны әрқайсысының қабырғасы 1 см болатындай етіп, бірнеше  кішкентай шаршыларға бөл.Қанша кіш -кене  шаршы  шықты?

 

3-тапсырма

& Шырпыдан мына  төмендегідей фигура  жасалған. Бес шаршы қала-тындай етіп, төрт шырпыны алып тастау керек.

 

4-тапсырма

@ Аудандары 16 дм 2  және 1600дм 2 шаршының пери-метрлерін тап.Осы шаршылардың қабырғалары  туралы  не айтуға  болады?

 

12

5-тапсырма

@ Қабырғалары 4 дм және 40 см екі  шаршының аудан-дарын тап.Осы  шаршылардың аудандары  туралы не айтуға  болады?

 

6-тапсырма

@ Кестені  толтыр

Ұзындығы 7 м 5 м
Ені
Периметрі
Ауданы

 

7-тапсырма

& Мал қораға 6 метрлік екі  білеу ағаштан тік төртбұ- рыш тәріздес етіп терезе жасау керек.Қораның іші жа -рық  болу  үшін терезенің ауданы мейлінше үлкен болуы тиіс. Терезені қандай пішінде жасаған тиімді  болады  деп ойлайсың?

 

8-тапсырма

!Қалауыңша тұйықталған қисық сызық сыз.Онымен қоршалған фигураның ауданын палетканың көмегімен тап.

 

 

13

9-тапсырма

@Егістіктің 46 га-на тұқым себілгеннен кейін әлі тұқым себілмеген 87  а  қалды.Егістіктің ауданы неше м2

 

10-тапсырма

@Жеткіліксіз  мәліметтерді  орнына  қойып, есепті  шығар.

Тік төртбұрыш  пішінді  бақшаның ауданы        га,ал оның ұзындығы         м. Бақшаның енін тап.

 

11-тапсырма

@ Есептер құрастыр  және  оларды  шығар

                           18 га

 

?                                                                        ?

 

600м

12-тапсырма

@

 

 

 

Тік  бұрышты параллелепипед тәріздес аквариумның ұзындығы 9 дм, ені  одан 3 есе қысқа,ал биіктігі енінен 1дм ұзын. Аквариумға неше  дм3  су сыяды?

 

14

Есептер  және  оларды шығару

1-тапсырма

@Сан  мәліметтерді  өзіңше алып, есепті  шығар.

Арасы       км екі  қаладан  бір мезгілде екі  пойыз бір-біріне қарама-қарсы жолға шығып,        сағаттан  кейін кездесті.Бірінші  пойыздың жылдамдығы        км/сағ. Екіншісінің  жылдамдығын тап.

 

2-тапсырма

@«Аққұдық» ауылында 70 отбасы болған.Ал «Бекі»ауы- лында 50 отбасы  болған.«Аққұдықтан» бірнеше отбасы,  ал «Бекіден» 20 отбасы  көшіп кетті.Сонда «Аққұдықта» «Бекіге»қарағанда 2 есе артық отбасы  қалды.«Аққұдық- тан» неше  отбасы көшіп кеткен?

 

3-тапсырма

@Қысқаша  жазуы  бойынша  есепті  шығар.

Керік-750кг

Африка  пілі-? 10 есе ауыр

 

4-тапсырма

@Шешуі 210 х+640 өрнегі түрінде жазылатындай есеп құрастыр.Х=3 деп алып, есепті  шығар.

 

15

5-тапсырма

@Есептің сұрағын қойып аяқта және  шығар.

6 литр сұйық май  750 теңге  тұрады. Жазира апай 280 теңгеге сұйық май сатып алды.

 

6-тапсырма

@Сыныпта  бірнеше ер бала  және 16 қыз  бала бар. Де- не шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатар- ға сапқа  тұрғызылды.Сыныпта  неше ер бала  бар?

 

@Машина жолда 5сағат болды  да,х км жол жүрді. Оның  осы қашықтықты  жүріп  өткен  жылдамдығын өрнек тү- рінде  жаз.

 

7-тапсырма

@Ауылдан қалаға қарай автобус және  жеңіл машина жолға шықты.3 сағаттан кейін олардың ара  қашықтығы 75 км болды.Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ болса, автобус қандай  жылдамдықпен жүрген?

 

8-тапсырма

& Жеңіл машинамен екі әкесі ,үш баласы  жолға  шық -ты. Жолда оларды  жол  инспекциясының қызметкері  тоқтатты.Бес адам отырса  да оларды  жіберді.Неге?

 

16

9-тапсырма

& Кесте  бойынша  есеп  құрастыр.

Бағасы Саны Құны
? 30 1800 теңге
60 теңге ? 2400 теңге

 

10-тапсырма

@ Альфия  үй  жұмысын  орындауды 17 сағат 40 минут- та бастап 19 сағат 30 минутта аяқтады.Ол үй  жұмысына  қанша  уақыт жұмсады?

 

11-тапсырма

@Велосипедші  17 км/сағат  жылдамдықпен жүріп оты -рып, 68 км  жолды неше  сағатта жүреді?

! Ұзындығы 9 см-ге тең АВ кесіндісін ортасынан қақ бөл.

 

12-тапсырма

& Беріктің  ұстаған ақ балығының салмағын сұрағанда, ол былай  депті:«Балығымның құйрығының салмағы 2кг, басының  салмағы құйрығы  мен  кеудесінің жартысын қосқанға тең.Ал кеудесінің салмағы  балықтың басы мен құйрығын қосқанға тең.»Беріктің ақ балығының салмағы     қанша  болғаны?

 

17

13-тапсырма

& Ғанидың қозылары  мен қаздарының жалпы саны 12-ге  тең.Ал олардың аяқтарын санап  қоссақ, 42 шығады. Ғанидың қозылары мен  қаздарының саны  қанша?

 

14-тапсырма

!                                                           Мына фигурада

неше төртбұрыш

бар?

15-тапсырма

@Шаңғышы 12 км/сағ жылдамдықпен 4  сағатта қанша  жол жүреді?

! Тік  төртбұрыштың периметрі 20 дм 12 см.Оның  бір қабырғасы 2 дм 3 см болса, екінші  қабырғасының ұзындығын тап.

 

16-тапсырма

@ Спортшы  480 см ұзындыққа секірді.Ал оның  секіру  биіктігі бұдан  4 есе кем  болды.Спортшының  ұзындық- қа секіру қашықтығы оның секіру биіктігінен  қанша ар-тық?

& Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста.Неше  жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе артық бола- ды?

18

17-тапсырма

@1.Жайық өзенінің ұзындығы 2530 км, ал Днепр өзені- нің ұзындығы одан 250 км қысқа.Днепр өзенінің ұзын -дығы қанша?

2.Секундпен  өрнекте:

4 сағ 15 мин 3с;         5 сағ;            9сағ 15 мин 4с;

 

18-тапсырма

@1.Бірдей 25 кітап 3 900 теңге  тұрады. 12 кітап үшін қанша теңге  төлеу керек болады?

  1. Тиісті сан мен амал таңбасын тауып жаз.

70 =69 (қалд. 30)

503 800            600 = 839 (қалд.     )

 

19-тапсырма

@ 1.Көк  киттің массасы 150 т, ал Африка пілі одан 20 есе жеңіл.Африка пілінің массасын  тап.

2.Теңдеулерді  шеш.

Х · 295 = 887 065           342 · Х = 701 100

 

20-тапсырма

@ 255 х+ 640 өрнегі бойынша шығарылатындай есеп құрастыр. Х = 14 метр деп алып, есепті шығар.

 

 

19

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. «Математикадан дидактикалық материалдар»,

4-сынып, «Атамұра» баспасы , 2000 ж

Т.Оспанов, Б.Қосанов, Ж.Қайыңбаев, Қ.Ағанина

 

  1. «Математика», 4 сынып, «Атамұра» баспасы , 2008 ж

 

  1. «Бастауыш мектеп» журналдары,2002-2008ж ж

 

  1. «Қызықты 120 есеп», А.Оразов, 2001 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М а з м ұ н ы

1.Көп таңбалы  сандар………………………………………………4

3.Шамалар және  оларды  өлшеу………………………………6

4.Теңдеулер  және оларды шешу …………………………….. 9

5.Геометриялық фигуралар және  олардың қасиет-

тері………………………………………………………………………….12

6.Есептер  және  оларды шығару……………………………..15