Ілік септік

Тақырыбы:   «Ілік септік»

 Мақсаты:

Білімділік:    Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;

                                 Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы

                                 білім қалыптастыру;

            Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде     

                                тұрған сөздерді табуға  үйрету

           Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай    

                              білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға   

                              машықтандыру.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың типі:  Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Топпен жұмыс,  сұрақ-жауап, ойындар,

жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

—  оқушылар назарын сабаққа аудару;

—  оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

— Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы.    Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Көршіңді тексер.
  2. Өткенге шолу.
  3. Білгім келеді.
  4. Демалыс.
  5. Біліміңді пайдалан.
  6. Не үйрендік? Не білдік?
  7. Нәтиже.
  8. Қойын дәптер.

—  Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс өткен сайын орындаған топқа бағалау житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы житондар арқылы жүзеге асырылады.

   І. «Көршіңді тексер»  (Үй тапсырмасын тексеру)

Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі.

 ІІ. «Өткенге  шолу».

 

Септік атауларыСұрақтарыСептік жалғаулары
Атау септікКім? Не?
Ілік септікКімнің? Ненің?-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.
Барыс септікКімге? Неге? Қайда?-ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс септікКімді? Нені?-ны, -ні, -ды, -ді,  -ты, -ті.
Жатыс септікКімде? Неде?-да, -де, -та, -те.
Шығыс септікКімнен? Неден?-нан, -нен,  -дан, -ден,   -тан, -тен.
Көмектес септікКіммен? Немен?-мен, -бен, -пен.

 

Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады.          Қар қалың жауды.

   ІІІ. «Білгім келеді»

Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған  сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.

Атақ-даңқ қалай шығады?

Көмірдің аты

Жанумен шығар.

Балғаның аты

Қағумен шығар.

Шегенің аты

Бекумен шығар.

Қашаудың аты

Шекумен шығар.

Батырдың аты

Жеңумен шығар.

Жомарттың аты

Берумен шығар.

Ақынның аты

Жырлаумен шығар.

Шәкірттің аты

Тыңдаумен шығар.

— қарамен жазылған сөздер түбір сөзге  ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.

ТҮЙІН:  Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?  деген сұрақтарға жауап береді.  Ілік септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің,  -тың, -тің.

  ІV.  «Демалыс»   (Сергіту сәті)

  1. «Білгеніңді пайдалан»   (Сабақты бекіту)

А)  Мақалдарды  ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып  көшіріп жазу:

Туған   …   түтіні де ыстық.

…   өзегі талмас.

Ас —   …   арқауы.

…   шиесін шын шығарады.

 Қажетті сөздер:  Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің

Ә)   Сөйлемдерді  жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.

  1. (Құндыз) терісі аса құнды болады. 2. (Шебер) қолы – алтын.                 3. (Сәуле)  әжесі ауылдан келді.  4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.

VІ.  «Не үйрендік? Не білдік?»  (Сабақты қорытындылау)

А) «Дұрысын тап!» ойыны —

Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.

Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.

Ә) Венн диаграммасы

 

 

VІІ.  «Нәтиже»   (Бағалау)

 

Оқушылар берілген житондар бойынша бағаланады.

 

VІІІ.  «Қойын дәптер»   (Үйге тапсырма)

296-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.

Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.