Біріккен сөздер

129

Тақырыбы:  Біріккен сөздер

Мақсаты:     Біріккен сөздер туралы түсінік беру

Міндеттері:  1)Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

2) Оқушыларды ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

3)  Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қорытындылау

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Көрнекіліктер: слайд «біріккен сөздер»

Барысы:      І Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу

Ә) Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау

Мұғалім балаларга орындарынана тұруды ұсынады:

— Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да.

Сәлем деймін достарға

Сәлем барша ұстазға.

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар!

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  • Өткен сабақта танысқан күрделі сөздерге слайд бойынша ауызша сұрақтар арқылы пысықтап алу

 

Біріккен сөз                                                                                                   Қос сөз

 

 

 

 

Тіркесті сөздер                                                                                                 Қысқарған сөз

 

 

  • 224 — жаттығудың орындалуын тексеру

Оқушылардың күрделі сөздерге жазған сөйлемдерін оқытып, күрделі сөздердің қалай жасалғанын сұрап өту.

 

ІІІ Жаңа сабақ

        Айнагүл Теміртау қаласында тұрады.

  • Осы сөйлемде күрделі сөздер кездесіп тұрғанын байқап тұрған шығарсыңдар, күрделі сөздің қандай түрін көріп тұрсыңдар?
  • Айнагүл, Теміртау сөздері қалай жасалып тұр, айна мен гүл, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, сол сияқты темір және тау, сөзі де екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз, ендеше бұл сөздер біріккен сөз болып табылады.
  • Қорытынды: кейбір сөздер екі түбірден құралады, екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
  • Кім өз ойынан мысал келтіре алады.(оқушылардың айтқан біріккен сөздерін талап өту)
  • Біріккен сөзге көбіне мына атаулар жатады.

 

 

Слайд бойынша біріккен сөзге жататын атауларды көрсету

 

Географиялық                           Кісі аттары                        Дене мүшелері

атаулар

                                                   Біріккен сөздерге                         Ойын атаулары

                                                   жататын атаулар

Аң, құс,                                                                                             Ауру атаулары

жәндік, өсімдік

атаулары

Қоғамдық өмірге, күнделікті              Мезгілге байланысты атаулар

тұрмысқа байланысты

әр түрлі атаулар

 

  • Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, жолбарыс, саңырауқұлақ, көкқұтан, бәйшешек, бәйтерек, аққу т.б.
  • Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Талдықорған
  • Кісі аттары: Айгүл, Гүлсезім, Айжан, Біржан, Ержант.б.
  • Дене мүшелері: асқазан, ұлтабар, сегізкөз, тоқішек, мойыномыртқа т.б.
  • Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел т.б.
  • Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ, орынсатпақ т.б.
  • Мезгілге байланысты атаулар:былтыр, қыстыгүні, жазғытұрым т.б.
  • Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, отағасы, ақсақал т.б.

 

ІV Оқулықпен жұмыс

226 – жаттығу (ауызша) слайд бойынша орындалады

Тапсырмасы: сөздерді оқып, сөз құрамына талда, әр сөз неше түбірден құралған?

Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Талдықорған, Ботагөз, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, тасбақа.

Айна+бұлақ=Айнабұлақ,  қос+аяқ=қосаяқ, Тескен+су=Тескенсу, ит+мұрын=итмұрын, Ала+көл=Алакөл, Талды+қорған=Талдықорған, Бота+көз=Ботагөз, Ес+дәулет=Есдәулет, ақ+бөкен=ақбөкен, ақ+қу=аққу, шаң+сорғыш=шаңсорғыш, бал+мұздақ=балмұздақ, тас+бақа=тасбақа

(Ботагөз сөзіне тоқталып өту)

 

Біріккен сөздер

Құрамына енген                                              Құрамына енген тұлғалары

тұлғалар сақталып                                         сақталмай, кейбірі дыбыстық

отырады. Мысалы:                                         өзгеріске ұшырайды

қара+құс,баспа+сөз                                       Мысалы: Ботагөз, Амангелді

 

227-жаттығу  тақтада орындалады

Тапсырма: Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді тап. Біріккен сөз құрамындағы түбірлердің арасына (+) белгісін қойып жаз.

  • Қос+құдық, Қара+жол, ақ+теңіз, көк+жиек, Ай+дос, ақ+сақал, ақ+қу, Бір+жан, әлде+қалай

 

  1. Сергіту сәті Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
мүйіз бақан
суық қазан
көл барыс
жол қу
алты торғай
ақ қарақшы
жеті тұмсық
бір сүйек
ақ бақа

 

Табылған сөздер: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан, жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.

 

228-жаттығу Өздік жұмысы

Тапсырма: Өлеңді көшіріп жаз, біріккен сөздерді тауып астын сыз, олардың қалай жасалғанын түсіндір.

Ақ маңдай Алатаудың  асқарынан,

Түрленген Тарбағатай тастарынан,

Дәрі үшін даярлайды шипа  шөпті,

Бурабай,   Баянауыл   бастарынан.

VІ Сабақты бекіту

Ойын:

  1. Күрделі сөз дегеніміз не?
  2. Оның түрлері қандай?
  3. Біріккен сөзге мысал келтір
  4. Біріккен сөз дегеніміз не?
  5. Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата
  6. Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарын ата
  7. Біріккен сөзден жасалған аң-құс аттарын ата

 

VІІ. Сабақты қорытындылау

  • Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?
  • 16 желтоқсан қандай күн?
  • Осыған байланысты не білесіңдер?
  • Аға-әпкелеріміз біздің егеменді ел болуымызды армандап өз өмірлерін қиды. әуесіз Қазақстанның биіктен көрсететін сендерсіңдер, сондықтан елімізі, тілімізді, Отанымызды сүйіп, еліміздің патриоты, мақтанышы болайық.

 

VІ. Үйге тапсырма беру

  1. 229 жаттығу
  2. Біріккен сөздерге байланысты ребустар дайындау.