Түбір сөз және туынды сөз

311
Сабақтың тақырыбы           Түбір сөз және туынды сөз                                               
Сабақтың  жалпы мақсаты Оқушыларға  түбір сөз бен туынды сөз туралы  берілген түсінікті кеңейтуге, олардың  бір-бірінен өзгешелігі неде  екенін білдіруге мүмкіндік туғызу; оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Әдіс-тәсілдер АКТ-ны пайдалану, СТО, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс
Күтілетін нәтижесі Оқушылар сөйлем туралы өткенді қайталау туралы білімдерін толықтырады.

 

 

Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер,  көрнекілік-тер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Түбір сөздерге –шы, -ші, — ды, — ді, -лы, -лі жұрнақтарының  тиістісін қосып туынды сөз жасау: жыршы, тәрбиеші,  еңбекші, сыншы, таулы, сәнлі, көрші, көңілді, сулы, құрылысшы, төреші, футболшы.

Бұлар қандай сөздер? Туынды сөздерге не жатады?

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Қазақ тілі сабағы.

схема
2 2 мин Топқа бөлу

  1. Күз
  2. Қыс
  3. Көктем
  4. Жаз
Оқушылар жыл мезгілдеріне қарай суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді Жыл мезгілдерінің картиналары

суреттер

3 1 мин Бүгінгі сабақтың критерийлерімен таныстыру

Түрткі

болу

Сынақтан

өткізу

Қайта

бағыттау

Ой толғау Бағалау
Бағалау шкаласы

«5»- күн суреті

«4»- бұлт суреті

«3»- тамшы суреті

4 5 мин І.Білу

«Түрткі болу» әдісі

Күн ретін жазу. Көркем жазу.22-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу.Туынды сөздерді табу.  Туынды сөздердің мағынасын ашу.23-жаттығу берілген –паз, -шы, — хана,  -кер, -қой  жұрнақтарды пайдаланып сөздер құрастыру. Жаңадан шыққан сөздердің мағынасын түсіндіру.

Суреттегі табиғат құбылысындағы өзгерістер туралы айтады, сөйлем құрайды.

 

Жалпы сөйлем жайлы өз ойларын айтады

сурет
5 10 мин ІІ. Түсіну

«Сөйлем»   топтастыру стратегиясы

24-жаттығу өлеңді мәнерлер оқу, көшіріп жазу.  Зат есімдерді сөз құрамына талдау.

25-жаттығу жаңылтпашты  көшіріп жазу. зат есімдерді табу, қарама жазылған  сөздердің мағынасын талдау.

ІІІ. Қолдану

«Сынақтан өткізу» әдісі

26-жаттығу сөйлемдерді көшіру, қарамен жазылған туынды сөздерді түбір сөздермен салыстыру: өнерпаз-өнер, сазгер-саз, дәріхана – дәрі. Бұл сөздердің түбір сөзден айырмашылығы қандай?

Топтық жұмыс

Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, топтың пікірлерін ортаға салады.

 

Плакат

Маркер

 

6 2 мин Сергіту сәті

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты — еңбек.

Кесте тіксең зерлеп.

Мұның аты — еңбек.

Қырға шықсаң ерлеп.

Мұның аты — еңбек.

Сабағыңа жөндеп.

Әзірленсең — еңбек.

Қиындықтың бәрін.

Еңбек қана жеңбек!

Бейнероликтегі би қимылдарын жасайды
7 10 мин V Талдау

«Қайта бағыттау» әдісі

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сөз дегеніміз не?

Ол неден құралады?

Мағынасына қарай қандай болып бөлінеді?  Мысалкелтір.

Өз ойларын ортаға салады

Отан – туған үйііз,

Отан – туған жеріміз.

Отан – ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

8 5 мин VІ. Жинақтау

Ой қозғау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз?

Жеке жұмыс

Оқушылар найзағай туралы өз түсініктерін айтады.

9 2 мин INSERT” әдісі бойынша кері байланыс

+ — толық түсіндім

— жартылай түсіндім

V – мен үшін қызықты болды

? – мүлдем түсінбедім

INSERT әдісі бойынша кестені толтырады

  +   — v ?
А4 парақшалары
10 3 мин ҮІІ. Бағалау

Сұрақтарға жауап бере отырып сөйлемдер құрастыру.  Жерді комбайншы жыртады. Дәнді  дән сепкіш себеді.

Балалар сабақ барысында үлестірілген суреттер арқылы өз-өзін бағалайды  
11 1 мин Үйге тапсырма

Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру” туралы іздену 

Оқушылар стикерге «Не үйрендім?», «Не үйренгім келеді?» сұрақтарына жауап жазады. Стикерді плакатқа салынған ақ желкенге апарып жапсырады Стикер

плакат