Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

43

Сабақтың тақырыбы: Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Сабақтың мақсаты:  А) Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу, өз  сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды байланыстырып, сөйлей білуге баулу.

Ә) Әртүрлі тапсырмалар орындай отырып оқушылардың ой- өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық , талдау, жинақтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер слайд,

Сабақтың барысы:

 Ұйымдастыру бөлімі:1.Психологиялық дайындық

  1. Сабақтың мақсатын айту. (Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, сабақта қажетті заттарды даярлау.)

Өткенді тиянақтау. Үй тапсырмасын сұрау.

 

Үй тапсырмасы. Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңін жаттап келу.

  1. Оқушылардың жаттағандарын сұрап өтемін.
  2. Кесте бойынша сұрақтарға жауап алу.

Ой қозғау:

  • Ф.Оңғарсынова туралы не білесіңдер?
  • Өлеңде қай мамандық жөнінде айтылған?
  • Зергер қандай бұйымдар жасайды?
  • Зергер мамандығы несімен қызықтырады?
  • Зергер мамандығы неліктен құрметті?
  • Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?

 

Жаңа сабақ.

  1. «Үйрену» тақырыбына байланысты ертегі-әңгіме.

Ерте, ерте, ертеде

Әлде одан ерте ме

Ежелгі адамдар өмір сүрген заман еді. Адамдардың өмірі жануарлардың өміріне ұқсас өмір сүрген екен.  Бірақ бірте-бірте адам өмірі жақсара түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір-бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. (кішкентай баламен салыстыру) Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу… Бірақ адамдар жануарлардың адамға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды да осы артықшылықтарын қолданады. Мысалы: қабан шошқалардық азу тістері өткір екенін байқап, өздеріне осындай жасап алуды шешеді. Пышақ, найза т.б. осындай қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың бақылау, байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың оттың жанында көп тұрса, онда ол  —  … Не болады?

-Дұрыс айтасыңдар, қатты қызады және жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар, үңгірге ошақ дайындаған, жан-жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш-каминдер осылай шыққан.

Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынын барлығымыз білеміз, осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.

 

  1. -Балалар, бүгінгі сабағымызды 95-23-67 номеріне телефон шалу арқылы сабағымыздың тақырыбын біле аламыз.

 

-Ендеше, Әдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысамыз.

 

 

  1. Автор туралы мәлімет. (слайд бойынша қысқаша тоқталу)

 

1938 жылы туған. Ақын, аудармашы

 

Ақынның шығармашылық жолы

 Оқулықпен жұмыс

  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.

 

  1. Оқушылардың оқулары: Іштей, дауыстап, тізбектей.

 

Талдау: Слайд бойынша жеке-жеке суреттерге байланысты оқушыларды сөйлету, суреттердегі ұқсастықтарын табу.

Инелік — тікұшақ,

балық — сүңгуір қайық,

жираф, керік — кран,

ақ құман — паравоз,

бұлбұл — ән,

-Қандай әншіге «қазақтың бұлбұлы» деген? Не себеппен?

(1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігі өткен, сонда Күляш Байсейітованың дауысы өзіне ғана тән, соншалықты өзгеше екенін көз жеткізді )

аяз (терезедегі қырау) — ою,өрнек

 

«Мақал-мәтелді тауып алайық» ойыны Дәптермен жұмыс.

  • Шфефбфефрфдфіфңф қфофлфыф кфөфпфкфеф офрфтфафқф.
  • Өфнфефрфлфіфнфіфңф қфофлфыф афлфтфыфнф,

Өфлфефңфшфіфнфіфңф сфөфзфіф афлфтфыфнф.

(Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, тәрбиелік мәнін ашу)

 

  • Шебердің қолы көпке ортақ.
  • Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

 

Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

-Құсатарға қарап не ойлап тапқан? (Ұшақ)

-Бақбақ гүлін барлығымыз білеміз. Осы гүл неліктен балаларға ұнайды? Оны үргенді ұнатамыз. Егер ақ бақбақ гілін үрсе не болады? (Жан-жаққа ұшады), Осыған қарап не ойлап тапқан ? Қане, ойланып көрейік. (парашют)

-Мына гүлге қарап не ойлап тапқан? (Қоңырау)

-құмырсқа илеуіне қарап не ойлап тапқан? (көп қабатты үйлер)

-Балық қабыршағына қарап не ойлап тапқан? (үй шатыры)

-жаңбыр жауғанда не ойлап тапқан? (қол шатыр)

 

Қорытындылау:

  1. Өзің не ойлап тапқың келеді? Ойланып, қиялдап көр.
    2. Әбдірахман Асылбековтың “Үйрену” өлеңінің негізгі ойы не?

Осының бәрі адамның  байқағыштық, бақылау, салыстыру қасиеттерінің арқасында арман-қиялдарынан туған туындылар.

-Осындай адамдарды қалай атауға болады? (Өнерлі, шебер, он саусақ т.б.)

-Өнер, шеберлікке байланысты қандай мақалдар білесіңдер?

Ойын: «Арман, тілек жазайық»

Оқушылар армандарын қағаз бетіне жазып, плакатқа ілу

 

Үйге тапсырма беру:

  1. «Үйрену » өлеңін жаттап алу.
  2. Өзің не ойлап тапқың келеді? Шығарма –әңгіме жазу.

Бағалау. Оқушыларды бағалап өту

Мадақтау. (көбелектер тарату)