«Көктем» Қасым Аманжолов

73

Тақырыбы:  «Көктем»   Қасым Аманжолов

Мақсаты: 1)Білімділігі: Қ.Аманжолов өмірі мен шығармаларына шолу жасай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғындыру. Көктем мезгілінің көрікті келбеті туралы ұғым беру.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ой — өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жер  табиғатын аялай, қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Көктем суреті

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап

Түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Ә) Психологиялық дайындық

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Көктем сәні» ертегісінің мазмұнын сұрау

«Кубизм» әдісі бойынша өткен сабақты бекіту

  1. Ертегі дегеніміз не?
  2. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Өлі табиғатта қандай өзгерістер болады?
  4. Тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?

 

III. Жаңа сабақ түсіндіру

Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

 

  1. Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.                                         (Күн)

 

  1. Сарғыш түсті дөңгелек

Ортасында  дәні бар

Көрсең егер оны жеп,

Балдай тәтті дәмі бар.                                          (Өрік)

 

  1. Екі бала қатар тұрса да,

Бірін – бірі көрмейді.                                            (Көз)

 

  1. Өзі айлакер, өзі қу.

Жүрген жері айқай шу.                                          (Түлкі)

 

  1. Басында таяға бар,

Төрт аяғы бар,

Иегінде сақалы бар.                                                  (Ешкі)

 

  1. От басына құмған,

Екі көзін жұмған.                                                      (Мысық)

  • Көктем
  • Көктем сөзіне топтастыру жүргізу.

 

 

Күн ұзарады                          түн қысқарады

 

Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып, танысамыз.

 

Қасым Аманжолов туралы мағлұмат беру.

 

  1. IY. Оқулықпен жұмыс
  2. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау
  3. Оқушыларға тізбектей оқыту.

 

Дәптермен жұмыс.

Көркем сөздерді теріп жазу.

Бұйра бұлақ, асау өзен, асқар тау, қара бұйра кілем.

 

Сергіту сәті.

 

I қатарға.

«Бес жолды» өлең.

  1. Көктем
  2. шуақты, жаңбырлы
  3. ериді, жылынады, жауады
  4. Көктемде ағаштар бүршік жарады
  5. Мезгіл

II қатар.

 

«Көктем» тақырыбына мәтін құрастыру.

 

III қатар. «Ұйқасын тап»

 

Қары еріп даланың

Арықтардан . . . . . . .(су ақты)

Ақ жүзіндей . . . . . . . (ананың)

Көктем келді . . . . . . .(шуақты)

 

  1. Сабақты бекіту
  2. Бүгін сабақта не үйрендік?

 

«Венн диаграммасы»

 

Қыс                                                                                     Көктем

 

аяз, боран, аққала,                                                     күн жылиды, қар ериді,

жаңа жыл, сырғанайды.                                            құстар қайтады, малдар төлдейді.

 

  1. Үйге: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қалаған шумағыңды жаттап ал

 

YII. Оқушыларды бағалау