Модуль , Дүниетану ,2 сынып,Су , оның, қасиеті,6 сағат

82

Худайбергенова Сабен  Сағатбекқызы

Новопокровка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Алмалы ауылы, Сарқан ауданы, Алматы облысы

Модуль №1. Дүниетану  (2 сынып) Су және оның қасиеті (6 сағат)

Модуль бөлімі Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты
Кіріспе 1 сабақ
  1. Модульдің құрылымдық мақсатымен таныстыру
  2. Суреттер,сызбалар қолдана отырып,жаңа сабақты түсіндіру
  3. Дәптермен жұмыс
  4. қорытындылау
5 мин.

 

25 мин.

 

10 мин.

5 мин.

Сөйлесу бөлімі 2сабақ Тақырыпты меңгерту сабағы

  1. «Қарлы-кесек» оқыта үйрету ойыны
  2. Үйге тапсырма
 

40 мин.

5мин.

3 сабақ Тақырыпты дамыту сабағы

  1. «Өзара  оқыту» сабағы
  2. Қорытынды
  3.  Үйге тапсырма
 

35 мин.

5 мин.

5 мин.

4 сабақ Тақырыпты пысықтау

  1. «Сиқырылы сандықша»оқыта үйрету ойыны
  2. Жеке топтық жұмыс(деңгейлік тапсырма)
  3. Үйге тапсырма
 

20 мин.

 

20 мин.

 

5 мин.

5 сабақ Тақырыпты қорыту,бекіту сабағы

  1. Ұйымдастыру
  2. «Баяндама»оқыта үйрету ойыны
  3. Қорытынды
 

5 мин.

35 мин.

5 мин.

Қорытынды бөлім 6 сабақ Сынақ сабағы

  1. Тындалым (мәтін немесе бейнефильм)
  2. Оқылым (мәтін немесе сызба түрлері)
  3. Сөйлесу (диалог құру)
  4. Жазылым (тест сұрақтары)
  5. Қорытынды
 

5 мин.

 

5 мин.

 

5 мин.

27 мин.

3 мин.

Білімділік мақсаты:

Су және судың қасиеті, судың адам үшін маңызы, суда ерімейтін заттардың ерекшелігі, табиғаттағы маңызы, сақтау жолдары

Дамытушылық мақсаты:

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын дамыта отырып, айналаны ластаудан қорғауға және оны ұтымды пайдалануға баулу

Тәрбиелік мақсаты:

Табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру

 

 

 

Нені білу керек:

  1. Судың бүкіл тірі организм үшін құндылығын білу
  2. Судың табиғатқа пайдасы
  3. Суға деген қастерлі көзқарас тудыру

 

 

Нені меңгеру керек:

  1. Тақырыпқа сәйкес айналадағы судың өзгерісіне бақылау жасауды
  2. Оның тірі табиғат пен шаруашылыққа тигізетін әсерін оқып үйрену

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Атамекен. М. Аятұлы, К.Қасымұлы
  2. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде М.М. Жанпйісова
  3. “География және табиғат” журналы 2003ж. №2
  4. “География және табиғат”
  5. “Дүниетану” оқулығы, 2-3 сынып

 

 

1-ші сабақ

                                          Кіріспе бөлім

Тақырыптары:

А) Су.

Б) Судың қасиеті.

В) Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.

Г) Судың маңызы.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Модульдің құрылымы мен таныстыру
  • Сабақтың мақсатын айқындау, тірек сызбалар, суреттер көмегімен тақырыпты баяндау

 

 

Су еріткіш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

су

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың маңызы

  1. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес
  2. Су тазалық пен денсаулықтың көзі
  • Өзен, көл табиғаттың көркі
  • Су қатынас жолы

5    Суды ластаудан сақтау,үнемдеу әр адамның міндеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқулық және дәптермен жұмыс
  2. Сабақты қорытындылау
  3. Үйге тапсырма

          

 

 2-ші сабақ   Тақырыпты меңгерту сабағы“Қарлы кесек »оқыта үйрету ойыны

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсатын айқындап “Қарлы кесек” оқыта үйрету ойынының жұмыс барысымен таныстыру

Тәбиелілік мақсаты

Жеке және топпен жұмыс жасауға, оз ойларын ашық айтуға, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, аз уақытта көп ақпарат алуға  үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың талым-дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Қатысушылар саны -25

Оқушылар 5 топқа 5 оқушыдан бөлінеді,әр үстел А,Б,В,Г,Д әріптерңмен белгіленеді. Әр үстелде  А1,А2,А3,А4,А5 т.б. ойыншылары отырады.Әр топқа мұғалім белгілі тапсырма береді. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, 1ші тур жарияланады.Оқушылар орындарынан тұрып әр қайсысы өздерінің бағыттаушы парағы бойынша жаңа орынға отырады.

Бұл жерде әр үстелден жиналған 5 оқушы 5 түрлі тапсырмасын А әріпі бар орындаушыдан бастап түсіндіреді. Барлығын түсіндіріп болған соң , әр оқушы өз бағыттау парағындағы  “Ең үздік сөйлеуші” жолына жазып алады. Осылай бес тур жалғасады. Барлық тур аяқталған соң парақты жинап алып, ортақ бағалау парағына түсіндіру арқылы жүргізіледі. Ортақ парақ бойынша екі жақсы ойыншы және ең жақсы ойыншы команда анықталады.

Құрал жабдығы:

-бағыттаушы парақтар

-қатысушылардың нөмірі жазылған жетон

-үтелді белгілеуге арналған сілтемелер

-жалпы бағалау парағы

 

Үстелдердің орналасу реті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағыттау парағының үлгісі

А-1 бағыттау парағы

Тур      үстел      Ең жақсы сойлеген айтушы номірі

  • Д
  • А
  • В
  • В
  • Б

Ортақ бағалау жоспары:

-1       -2        -3       -4      -5    топтың ортақ ұпайы

“А”

“Б”

“В”

“Г”

“Д”

 

Тапсырмалар:   

 

 

А тобының тапсырмалары      1.Асан судың қандай  қалпын анықтады?

2.Судың молдірлігін қалай анықтауға болады?

Б  тобының тапсырмалары      1.Судың қасиеті

2.Су жөнінде мәтіннен түсінінетінді толық баянда

В тобының тапсырмалары       1. Су-еріткіш

  1. Суда еритін және ерімейтін заттар

Г тобының тапсырмалары 1.Суда еритін және ерімейтін заттардың суға

араластырғандағы ерекшелігін айт

  1. Судың мөлдірлігін қалай дәлелдеуге болады?

Д тобының тапсырмалары       1. Судың маңызы

2.Суды ластаудан сақтау жолдары

Cабақты қорыту

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

Сөйлеу бөлімі

3-ші сабақ  Тақырыпты дамыту сабағы «Өзара оқыту» ойыны

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсатын айқындап, “Өзара оқыту” сабағының жұмыс барысымен таныстыру.

Ойынның мақсаты: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, ойлау қабілеттерін     дамыта отырып,білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Ойынның шарты: Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.

1.Әр бір оқушы тапсырма алады: “Судың қасиеті»,» Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар”тақырыбы боынша.

2.Тақырыбындағы негізгі ұғымды бөліп атап, жоспар-конспект жасайды.              3.Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмалары бар. Дайындалған соң оқушы конспетісін пайдалана отырып, өзінің меңгергенін серігіне айтып береді.(Екі нұсқада)

Бірінші нұсқа “Судың қасиеті” тақырыбы боынша.

Екінші нұсқа ”Су -еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар”тақырыбы боынша.

1-і “мұғалім” ретінде түсіндіреді.

2-і “оқушы” ретінде тыңдайды. Одан соң рөлдері ауысады.

  1. Тапсырмалар, тақырыптар тақтаға жазылады.

1-ші тапсырма

Судың қасиетін сарамандық жұмыс арқылы көрсет.

2-ші тапсырма

Су- еріткіш, суда еритін ерімейтін заттар туралы өз ойыңды парақ бетіне түсір.

3-ші тапсыма

“Сулы жер-нулы жер” мақалын түсіндір.

4-ші тапсырма

Судың маңызы жайлы әңгімеле

! Сабақты қорытындылау

!! Үйге тапсырма

Тақырыпты пысықтау сабағы    “Сиқырлы сандықша” оқыта үйрету ойыны

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсатын айқындап “Сиқырлы сандықша” ойынының жұмыс барысымен танысу

               Мақсаты:Ойын арқылы білімдерін пысықтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:  Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды.

5 балдық ,  4 балдық және 1 балдық көрсетілген карточкалар.

“Сиқырлы сандықша” сұрақтармен толтырылады, олардың саны оқушылар санынан артық болады. Сұрақтарда  алдында өтілген тақырып қамтылуы, бірнеше тақырыпты, әртүрлі  талдау тақырыбын қамтуы мүмкін.

Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 балдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады.

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтары

  1. Судың тірі организмге әсері.
  2. Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?
  3. Судың бүкіл қасиеттерін талда.
  4. Судың буға айналатынын дәлелде.
  5. Су – бу – мұз. Осы үшеуін байланыстырып әңгімеле.
  6. Күнделікті өмірден судың қасиеті жайында байқағаныңды айт.

 

Жауаптары:

  1. Сусыз өмір жоқ. Өмір көзі – су.
  2. Тәжірибе арқылы анықтауға болады.  (Сүт пен су арқылы)
  3. Су – мөлдір,түссіз,иіссіз пішінсіз аққыш, жабысқақ, жұққыш.
  4. Жайылған киім қайнаған су туралы айту.
  5. Су ағады, себебі ол сұйық, су буға айналады, мұз болып қатады.
  6. Су мөлдір, түссіз, иіссіз ,аққыш, жабысқақ, жұққыш, пішіні жоқ.

 

Деңгейлік тапсырмалар.

Мақсаты: Оқушылардың өз деңгейлері бойынша танымдық, білімдік дағдыларын бақылау.

Шарты: Оқушылар өз даярлық  деңгейлеріне қарай  тапсырмалар  таңдайды. Әр оқушының алдында барлық  үш деңгейлі  тапсырмалар жатады. Жауап  бергеннен кейін, бағалары  бағалау  парағына қойылады.

ІІІ деңгей

 

  1. Судың түсі жайында әңгімеле.
  2. Судың буға айналуын дәлелде.
  3. Самаурындағы шай қайнағанда азаяды, неге?

Жауаптары: 1. Судың түсі  мөлдір, түссіз, иіссіз,  пішінсіз.

2.Суды кез келген ыдысқа құйсаң, ол ағады, су жұғады, бірақ ол жоғалып  кетеді, яғни ол буға  айналады

3.Самаурындағы шай қайнағанда су буға айналып, біртіндеп жоқ болады

ІІ деңгей

 

  1. Көкжиек сызығы, тұстары болудың қасиеттілігі неде?
  2. Ауа мен адамның қатынасын дәлелде.
  3. Көктемде мұз бұзылады. Сел жүреді, неге?

Жауаптары:

1.Көкжиектің төрт тұстары болады. Олар: Оңтүстік, Солтүстік,Батыс,Шығыс. Солтүстік пен Батыс орталығы Солтүстік-батыс(СБ), Оңтүстік пен Батыс аралығы-Солтүстік-шығыс(ШС),Оңтүстік пен Шығыс аралығы-Оңтүстік-шиғыс(ОШ) деп аталады.

Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңестік”Көкжиек” еп аталады. Ал сол аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек, оны “Көкжиек сызығы” дейміз

2.Ауасыз өмір жоқ. Ауамен барлық тіті табиғат демалады.

Табиғат, табиғат құбылыстары, адам –бәрі бір тұтас әлем. Табиғат құбылысы мен табиғат байланысы қаншалықты заңды болса, соншалықты адам табиғаттың бір бөлігі екені де заңды

І деңгей

  1. Картадан көкжиек тұстарын анықта.
  2. Судың қасиетін тәжірибе түрінде дәлелде.
  3. Су туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер, жұмбақтар құрастыр (өз қалауыңша).

 

ІІІ. Үйге тапсырма   42-45 бет оқу.

 

5-ші сабақ. Тақырыпты қорыту, бекіту сабағы “Баяндама” оқыта үйрету ойыны

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын айқындап, “Баяндама” оқыту үйрету сабағының жұмыс барысымен таныстыру.

Ойынның мақсаты: Ойлау, рухани бай тілде сөйлеу дағдыларын дамыта  отырып, шығармашылыққа  баулу.

Ойынның шарты:

1 кезең Оқушыларға бір мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде береміз. Бұл “шпоргалканы” оқушы өз жағындағы көршісіне береді.

2 кезең. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша “Баяндама” жасайды. “Баяндама” мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы «Жеңімпаз» болады.

 

Оқушыларға берілетін сұрақтар:

    1. Судың мөлдірлігін суретте.
    2. Судың бүкіл қасиеттерін талдап жаз.
    3. Көктемде мұз бұзылады. Сел жүреді, неге? Осыны өз байқағаныңмен сызба түрінде көрсет.
    4. Су – еріткіш екенін сипатта.
    5. Суда еритін және ерімейтін заттар жайлы өз ойыңды жаз.

 

ІV. Сабақты қорытындылау

 

  1. V. Үйге тапсырма. Сарамандық жұмыс.

Мақсаты: Судың маңызына, қасиеті жөніндегі білімдерін тәжірибе  арқылы көз жеткізу

Шарты: Екі стақанға біреуіне сүт, екіншісіне су құйып, ішіне түрлі түсті қағаз барыру, судың мөлдірлігін дәлелдеу.

 

6-шы сабақ. Сынақ сабағы.

І. Ұйымдастыру  кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын айқындап “сынақ” сабағының жұмыс барысымен таныстару.

Сынақтың мақсаты: Модуль бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, қорытыдылау, бекіту.

Сынақ шарты: Тыңдапым, оқылым,сөйлесім, жазылым, тест сұрақтары  бойынша жұмыс істеп,білімдерін шоғырландыру. Бұл жұмыс түріне барлық оқушылар қатысады,білімдері  сараланады.

 

Тыңдалым.

“Су” мәтінін оқып, өздеріңнің ойларыңның түйінін тыңдау (ол магнитофон және т.б. оқылады).

 

Оқылым.

Плакаттардағы сөздерді оқып мәтінін құру, бір-бірінің мәтінін оқу.

 

 

 

т.б.

 

 

 

 

 

 

Сөйлесім.

-тақырыпқа байланысты әр оқушыға диолог құрату.

-су не үшін қажет деп ойлайсың?

-су болмаса, өмір болмайды

-қандай  нақыл сөздер білесің?

-«Су атасы  сүлеймен» т.б.

 

Жазылым.

Тест сұрақтары

Мақсаты: Алған  білімдерінің нітижесін бақылау

Шарты: Тестер міндетті бағдарламалық курс негізінде  құрылады. Тестің бірнеше  нұсқасы берілуі қажет. Берген  жауаптарына  қарап бағалары  сараланады.

1-нұсқа                                                                                            Жауаптары:

І. Таңдаулы тест.

1.1. “Бір ұрыттам су болса ғой” – деп армандаған кім?                                   .Б)

а) Үсен

б) Асан

г) Қасен

1.2. Атасы мақтап сөйлегенде не дейтін еді?                                                      . А)

а) судай мөлдір

б) сүттей ақ

г) мөлдір таза

д) сүттеп ақ, судан таза

ІІ. Толықтыруды талап ететін  тест

2.1.Көкжиектің ………………….атты тұстары болады.                  Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс

 

2.2 Өмір сүру үшін…….. қажет                                                            ауа

 

2.3 Сулы жер …………                                                                           .нулы  жер

 

2.4 Су тазалық пен ……… көзі.                                                             денсаулық

.

 

ІІІ. Балама жауаптары бар тест.

3.1.Аспан мен жерден астасқан жерінен ойша  сызық  жүргізсек, оны «Көкжиек сызығы» деп атаймыз

«Ия»                «Дұрыс»                                                               «Дұрыс»

«Жоқ»              «Дұрыс емес»

3.2.Сүт-  мөлдір, ал су-  ақ

«Ия»                «Дұрыс»

«Жоқ»              «Дұрыс емес»                                                    «Дұрыс емес»

 

 

 

ІV.  Шығармашылық сұрақ тесті.

4 1. Су тақырыбына мақал-мәтелдер ойлап жаз                              Сулы жер нулы жер

 

4 2.Су туралы  жұмбақтар ойла                                                         Түсі мөлдір,

Өзі сылдыр

 

 

Тест сұрақтары:              11-нұсқа                                                        Жауаптары:

І. Таңдаулы тест.

1 .1Судың пішіні  қандай?                                                                              А)

а) Дөңгелек

б)Пішінсіз

г) Төртбұрыш

1.2. Атасы мақтап сөйлегенде не дейтін еді?                                                А)

а) судай мөлдір

б) сүттей ақ

г) мөлдір таза

д) сүттеп ақ, судан таза

 

ІІ. Толықтыруды талап ететін  тест

2.1.Көкжиектің ………………….атты тұстары болады.                  Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс

 

2.2 Сүт ….. су …….                                                                                                ақ, мөлдір

 

2.3 Сулы жер …………                                                                                            нулы  жер

 

2.4 Сусыз …….. жоқ.                                                                                             тіршілік

 

ІІІ. Балама жауаптары бар тест.

3.1.Компос –дөңгелек сағат тәрізді құрал

 

«Ия»                «Дұрыс»                                                                                 «Дұрыс»

«Жоқ»              «Дұрыс емес»

 

3.2 Суда  топырақ ериді

«Ия»                «Дұрыс»

«Жоқ»              «Дұрыс емес»                                                                          «Дұрыс емес»

 

 

ІV.  Шығармашылық сұрақ тесті.

4    1. Су тақырыбына төрт жол өлең ойлап жаз                                                   Су өмір нәрі

Су табиғат сәні

Су  нулы орман,

Алда  оран

 

4 2.Су туралы  жұмбақтар ойла                                                                           Жылт- жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

 

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІV. Үйге тапсырма.