Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая

Әдебиеттік оқу. 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая».

Сабақтың мақсаты.

Білімділік мақсаты: оқушыларға өлең авторы Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет беру және өлең мазмұнын ұғындыру, талдау әрекетін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: өз ата-аналарына деген сүйіспеншілік сезімін бойларына сіңіру, сыйлауға тәрбиелеу.

Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: дамытушылық.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

Психологиялық тренинг. «Жылы лебіздер» тренингі жүргізіледі (өйткені жаңа сабағымыз жақсы тілектермен байланысты). Оқушылар дөңгелене тұрып «сиқырлы таяқшаны» бір-біріне ұсынып жылы тілектерін айтады. «Гүлдана, сенің даусың әдемі», «Тілек, сенің шашың керемет жарасып тұр» т.с.с.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Бәйге» ойыны. Бата айту жарысын ұйымдастыру.

30
20
40
20
10
10

 

 

 

 

  1. Мал-бастың амандығын тілейтін бата.
  2. Қауіп-қатерден сақтайтын сөз.
  3. Дастарханға берілетін бата білесің бе?
  4. Н.Айтов. «Алтын сөз» өлеңін жатқа айтып бер.

5.Батаның мал сойғанда айтылатын түрі.

  1. Жолға шығарып салу үлгісі.

Оқушы жауаптарын қорытып, жинаған ұпайларын есептеу.Тиянақты дайындалған оқушыларды ынталандыру.

Жаңа сабақ.

-Балалар, соңғы сабақтарда қандай шығармалармен таныстық? Олардың ұқсастықтары қандай?

-Ана тақырыбында жазылған шығармалармен таныстық.

-Өз өлеңдерін анаға арнап жырлаған ақынның бірі- Фариза Оңғарсынова. Бүгін ақынның «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз. Дәптерге күн реті мен тақырыпты дұрыс жазайық.

Автор туралы мәлімет беру, топтастыру сызбасына түсіру.

Фариза Оңғарсынова

1939 жылы 25 желтоқсанда түған

Атырау облысы, Исатай ауданында өскен

қазақтың дарынды ақыны

көптеген өлең кітаптарының авторы

«Қанат туралы хикая» 1988 жылы

«Алғашқы сабақ» жинағына енген

 

 

Қызығушылықты ояту.

а) «Киндер сюрприз» қорапшасы әкелінеді. Қорапшадан жұмбақ жазылған қағазды алып бір оқушы оқиды.

Барлық жемін бітеулей асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды.

Ол не?      (Құс)

ә) Жұмбақ шешіміне сәйкес тақтаға сурет іліп, оның тақырыппен байланысын ашу.

-Балалар, суреттен нені байқадыңдар?

-Қарлығаш ұядағы балапандарына келеді.

-Қарлығашқа зер сала қараңдаршы, қалай ұшып келеді?

-Екі қанатын жазып ұшып келеді.

-Енді ойланайық, осы суреттің, жұмбақтың өлең тақырыбымен қандай байланысы бар екен?

Алдымен өз ойларын «Жұпта талқылап» алады.

-Қанат деп құстың қанатын айтып тұр.

-Дұрыс айттыңдар, балалар. Бұл өлең ата-ана мен бала туралы жазылған. Балапанның анасы-қарлығашты адамның қос қанаты- ата-анамен байланыстырып, оларсыз балалардың өмір сүре алмайтындығын түсінсе дейді ақын.Балапан қанатын «қанат» деп тура мағынада қолданса, ата-ананы «қос қанат» деп балама мағынада қолданып суреттейді.

Мағынаны тану.

Өлеңді мәнерлеп нақышына келтіре оқитын оқушыларға оқыту. Кезектестіріп оқыту.

«Авторлар мен оқырмандар» стратегиясы.

Оқушылардың бір тобы- авторлар, келесі тобы-оқырмандар болып  мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар қойып жауап береді.

-Өлең не туралы?

-Балапан, ата-ана, бала туралы.

-Балапанға не болды?

-Ұясынан құлап қанатын сындырып алды.

-Балапанға көмек берілді ме?

-Бала дәрі жағып байлап, күтім жасады.

-Балапанды көріп, бала не ойлады?

-Менің де екі қанатым бар екен-ау деп ойлады.

-Қос қанатың түгел болса, қандай болады?

-Өмірің жарасым тауып, бақытты болады.

-Біреуі жоқ болса, нендей жағдай болады?

-Мәңгі ұша алмай, мүгедек болып қалады.

-Ата-анаға қандай тілек айтылған?

-Екі қанатым ата-анам сау болсын!

 

 

 

 

 

Сөздік жұмысы.

Берілген сөз немесе көркем тіркесті бөліп алуМағынасын түсіну
-Қарлығаш балапаны жерге құлап түскенде не істеді?

-Жылады.

«Жылады» деген сөз тура мағынада айтылып тұрған жоқ «шырыл қағып, дамыл таппады» сөзімен алмастырамыз.
-Дәрі жағып, көмек берген соң балапанның халі қандай болды?

-Күш жинады.

Балапан күшті жерден теріп жинаған жоқ, «әлденді, денсаулығы жақсарды» мағынасын білдіреді.
«Менің де екі қанатым бар екен» деген ой келді балаға.Мұндағы «екі қанат» тіркесін «демеп жүретін адам» деп түсінеміз.

 

Ой тұжырым.

-Балалар, осы тарауда Баубек Бұлқышевтің «Ана» мәтінін өттік. Осы мәтін мен бүгінгі өлеңді салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын шеңберге түсірейік.

 

Б.Бұлқышев «Ана»           Ұқсастығы          Ф.Оңғарсынова  «Қанат туралы хикая»

1.Ана туралы баяндалады.

2.Тура мағынада суреттейді

1. Ана мен әке туралы айтылады.

2. Қанатқа теңейді.

1. Ана туралы жазылған.

2. Ана-балаға ең жақын адам.

3. Ананың балаға деген махаббаты шексіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

-Егер ата-ананы құстың қос қанатына теңесе, құстың тіршілігі мен адам өмірі арасында ұқсастық бар деген тұжырым жасауға бола ма? Неліктен?

-Екеуінің тіршілігінің мәні-ұрпағы. Адам ұрпағы үшін өмір сүреді. Құстар ұрпағын өсіру үшін туған жеріне оралады. Туған жерінде өсіріп-өндіреді.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, отбасы тақырыбына сурет салу.

Бағалау.