Халық қорғаны

Білімділік мақсаты:                      ел қорғаны хас батырлардың ерлігін білу

Дамытушылық мақсаты:            — шығармашылыққа баулу, әңгімені көрген   білгендерімен байланыстырып еркін баяндау;

Тәрбиелік мақсаты:                       — батылдыққа, елін, Отанын қорғай білуге, халқын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:                                        жеке суреттер, альбомдар, әдеби кітаптар, мақалдар жазбалар, теледидар, бейне таспалар, батырлар киімдері.

Жүрісі

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

«Қ.Р. Мемлекеттік Әнұранын» тыңдау, көру.

-Міне, балалар, бабаларымыздың, батырларымыздың арманы елімізді, Отанымызды ұрпақтан ұрпаққа аман алып қалу, тәуелсіздік пен егемендік орнату еді. Қазір біз егемендік тәуелсіз ел болдық. Өз алдына бөлек республика болдық, өз рәміздеріміз бар, оны сендер білесіңдер. Болашақ  ұрпақтарын осындай бақытты күнге жеткізуге олар қанша қиындықтар, азапты өмірлер көрді… Қаншама хас батырларымыз көкіректерін жауға тосты, берілмеді…

-Қандай батырларды білесіңдер?

(оқушылар жауабы)

Бейнетаспамен жұмыс

  1. Үй тапсырмасын сұрау:
  2. Мәтін бойынша мазмұнын айту
  3. Елшілікпен келген төрт кісіге ерекше тоқталу, өз сөздерімен айтқызу.
  4. Мәтіннен Абылай ханның ақылдылығын көрсететін тұсты тауып оқу.
  5. Абылай хан туралы қорыту.

III. Жаңа сабақ: «Халық қорғаны»

Абылай ханмен (байланыстыру) қатар Ерасыл да қазақ халқының тағдырын ойлады. Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты, алғашқы қазақ жасағын құрды, бұны барлығы халықты қорғау еді.

Сол заманда қазақтың аса көрнекті жырауы Бұқар Қалқаманұлы өмірдегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарып жыр шығарып жүрді.

  1. IV. а) Оқулықпен жұмыс:
  2. Баянмен «Елім-ай» әуені тартылып тұрады. Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып шығады.
  3. Қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
  4. Сұрақтарға жауап алу:

-Кімдер қазақ жеріне шапқыншылық жасады?

-Жұрттың басын кім біріктірді? т.б.

  • Ой қозғау: Мәтіннің тақырыбын тағы басқаша қалай атар едің?

(оқушы ойы)

-Ерасылды «Қабанбай» деп жездесі атаған, жеңгелері «нар бала» деген. Ал Абылай хан оған «Дарабоз» деп ат қойған. Оны қазір Қабдеш Жұмаділовің әңгімесінен білеміз.

ә) «Дарабоз» әңгімесін жүргізіп оқу

  1. Оқушыларға әр абзац сайын тізбектетіп оқыту, түсіндіріп өту.
  2. Сұрақ – жауап әдісі.
  3. «Нар бала» «Қабан батыр» «Дарабоз» деген бөліктерге бөлу, сол бойынша әңгімелеу.
  4. Қиын сөздердің мағынасын түсіндіру.
  • Ой толғаныс: Әңгіме неліктен «Дарабоз» деп аталған? Сурет бойынша әңгімелету.
  1. Дәптермен жұмыс:

    а) қара күш, желі бас, соғыс өнері, ақбоз ат, ойсырата жеңу деген тіркестерді қарастырып сөйлем құраңдар.

ә) сөйлемдерін оқыту, дәптерлерін қатысқан мұғалімдерге жалғап жіберу.

  1. Қорыту: Сұрақ – жауап әдісі.

а) буклет бойынша түсінік беру.

ә) – Абылай ханның көздеген мақсаты не?

Ол неше жасынан хан атанды?

-Дарабозды не үшін осылай атады?

-«Халық қорғаны» деп аталу себебі неде?

-Бұқар жырау деп неге айтамыз?

б) – Маған сұрақтарың бар ма?

в) Барлығымыз орнымыздан тұрып кешегі сабақтағы өлеңді айталық

Батырға берек керек

Ақынға өлең керек

Екеуі біріккенде

Ел күші кемелденбек

Сол үшін талмау керек

Биікке самғау керек

Бойында бар жақсыны

Халыққа арнау керек (қимыл – қозғалыспен)

  1. VI. а) Бағалау:

      ә) Үйге тапсырма:  әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын көрген кинолармен, естіген әңгімелерімен, оқыған кітаптарымен байланыстырып әңгімелеу, кейбір қалып қойған сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

VII. Жүректен жүрекке

Еліміздің байлығын қорғайтын,

Тыныштығын сақтайтын,

Жан-жақты, білімді азамат

Болатындарыңа сенемін.

Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет!

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Капизова Шарипа Абдрахмановна